Сайт учителя начальных классов
.
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 А
Жетім Тортай. Оның адами қасиеттері.
Тортайға мінездеме беру, оның адами қасиеттерін анықтау. Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасауды үйрену .
Мәтінде берілген ойды өмірмен байланыстырады. Шығармашылықпен жұмыс жасай алады, әңгіме кейіпкерінің мінезін ашып, сипаттама бере алады, адами қасиеттерін анықтап, ажырата алады.
Пысықтау сабақ
Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, бағалау.
Кітап, маркер, постер, электрондық оқулық, тақта, бор, кеспе қағаздары, сызбалар, суреттер, қосымша әдебиеттер, моноблок, дидактикалық материалдар.
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Тренинг: «Сағат тілі»
Топқа бөлу: Слайдтан сандарды таңдау арқылы топқа бөледі.
Бағалау парағын тарату. Топ мүшелерін анықтауды тапсырады. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі.
Сандарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Топбасшысын тағайындап, топ мүшелерінің қызметін айқындайды.
«Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп Аян мен Тортай ертегісін ауызша жалғастыру.
- Балалар, кейіпкер дегеніміз кім?
- Мінездеме дегеніміз не? Электрондық оқулықтан түсінік беру. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтарға жауап береді;
Өз ойларымен бөліседі;
Түсініктерін айтады.

Сабақтың мақсаты мен нәтижесі айтылады.
Топтық жұмысты орындауларын қадағалайды.
1-топ: Адами қасиеттер дегеніміз қандай қасиеттер? Шығармаға қайсысы тән ?
2-топ: Тортайға мінездеме беру (кейіпкер қандай мінездің адамы және оның іс-әрекетіне сипаттама беру)
3-топ: Концептуалдық кесте толтыру(Тортай мен Ораштың өмірге қызығушылығы мен адамгершілік қасиетін жаза отырып, оған баға беру).
4-топ: 5 жолды өлең құрастыру. Сөздікпен жұмыс.

Белгіленіп берілген тапсырмалар бойынша постер құрып, өздігінен алған білімдерін пысықтайды.

Ой айтады, топпен ортақ пікір білдіреді.

Адами қасиеттер туралы ой айтып, Тортайға мінездеме береді.
Концептуалдық кесте толтырып, кейіпкерге берген бағасына түсінік береді. 5 жолды өлең құрастырады.
Пікіралмасу:
1.Тортай неге арманына жете алмады?
2. Әңгіменің ең негізгі, түйінді ойы не? Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады, пікір алмасады.
Топтардың жұмысын өзара бағалатады. Топтар өзара бағалайды және өзіндік бағалау жүргізеді.
Соғыс кезіндегі балалар өмірі туралы мәлімет жинақтап, өз ойларын жазып келу.
Сабақ соңында: кері байланыс
1. Сабақтың басында қойылған мақсатқа жете алдың ба?
2. Мақсатқа жету үшін не істедің?
Сабақтан алған әсерлерің мен пайдасы туралы стикерге жазып, тақтаға қалдырыңдар. Әр топтан екі-үш оқушыдан тыңдаймын.

ID: 1499 | Просмотров: 3479