Әдебиеттен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Әдебиеттен ашық сабақтар

Жүсіпбек Аймауытов 125 жыл мерейтой иесі
[ Сайттан жүктеу (45.0Kb) ] 12.10.2015, 20:34

Материалдың жеке номері 1882

Жүсіпбек Аймауытов 125 жыл мерейтой иесі

загрузка...
Өткен тарихымыз аласапыран кезеңге, шытырман қайшылықтарға да толы болды. Кешегі кеңестік кезең тұсында, нақтырақ айтсақ, 1921-22 және 1931-32 жылдардағы алапат аштық үш миллионнан астам адамның өмірін қысқартты. Ақын тілімен айтсақ, қазақ халқы- «мың өліп, мың тірілді», тарих сынынан өтіп, уақыт шындығына суарылды.
Еліміздегі демократия мен тәуелсіздік тағылымы-қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл армандарының аса маңызды әрі ең басты жеміс-нәтижелерінің бірі болып табылады. Ата заңда:«адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» негізгі назарға алынды. Ақиқатында, тарихты жеке адамдар жасайды десек те, сол қоғамдағы әлеуметтік-саяси ахуалдың тұтастай халыққа, оның өмір-тұрмысына, дәстүріне әсер-ықпал етері де шындық. Осы реттен келгенде, хх ғасырда Қазақстан тоталитарлық жүйе мен орталық биліктің зұлмат-зобалаңын көрудей-ақ көрді.
Тоталитаризмнің қазақ даласындағы отаршылдық саясаты кеңестік кезеңде де дүркін-дүркін бой көрсетті. Осы тұста, хх ғасыр басында ұлттық-демократтық бағытты ұстаған Алаш азаматтары - Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б. қоғамдық-саяси оқиғалармен бірге өмірдің бар саласына араласты, «күрестердің ұлысы»-тәуелсіздік жолында жан аямай тер төкті, таланты мен тағдырын да арнады [1, 20].
Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен творчествосы жайлы айтатын болсақ:
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы күзде Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында /қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, «Жосалы»совхозы/ туған. Өз әкесі Аймауыт /шын аты-Оймауыт/ та, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Аймауыт бес ағайынды /Дәндебайдың бәйбішесінен Аймауыт пен Иса тоқалынан – Оспан, Абылай, Әбдірахман туған/ болған, ол балалары «мал табуға», өнер-білімге баулиды. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауат ашады. Жазушы өзінің өмірбаянында жастық кезеңін төмендегіше еске алады: «5 жасымнан 15-ке шейін ескі молдадан оқып, «Мұқтасарды»деңдеп «нақу» оқып барып қалдым. Ауылымызда Оспан деген кісі молда ұстаушы еді. Әуелі Жүніс қожадан, содан кейін Шаймардан қожадан, артынан Мұхаметжан молдадан оқыдық. Сөйтіп ескіше 5-6 молданың алдын көріппіз» [3, 200].
1917-1919 жылдар ішінде Семей қаласының саяси өмірі аса бір тұрақсыз, қайшылықты жағдайларға толы болған еді. Бұл жылдары патша өкіметінің құлауын пайдаланған қазақтың оқыған интеллигенттері қазақ халқының дербес ел болуын күн тәртібіне қойып, оны басқару ісін «Алаш» партиясына тапсырды. 1918 жылы Семейде «Алашорда» үкіметін құрды. Бірақ бұл жағдайлар қалың бұқараның үмітін ақтамай, оларды Алашорда жолынан түңілдірді. Оқыған интеллигенцияның прогресшіл тобы одан қол үзіп, совет өкіметі жағына шықты. Осы оқиғалар ағартушылық, демократтық бағытта шығармалар жазып, халқының азаттығы мен білім-өнер жолына қадам басуына тілектестік білдірген қаламгерлердің белгілі бір тобына әсер еткен еді.
С. Торайғыров, С.Дөнентаев, Ж.Аймауытов сияқты ақын-жазушылардың Семейдегі Алашорда ісіне тілектес болып еңбектер жазатыны да осымен байланысты. Жас Жүсіпбектің алғашқы туындыларын «Абай» журналы мен «Сарыарқа» газетінің беттерінде жариялап, осы басылымдарды шығарысуға қатысты. 1919 жылы Жүсіпбек Аймауытов Алашордадан бөлініп, совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына кіреді. Семейде, Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «қазақ тілі» газетінің редакторы болып істейді. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1926 жылы Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызмет атқарады, саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады да, 1931 жылы мезгілсіз қайтыс болады. Кезінде қоғамның рухани өмірдегі бетбұрыс, әдебиеттегі жаңа дәуір отызыншы жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған бір топ классиктердің ақталуынан, «ақтаңдақтардың» жойылуынан басталып еді. Солардың бірі-ақын, прозаик, драматург, аудармашы, сыншы, ғалым, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлы еді.
Творчестволық жолын осылай бастаған Жүсіпбек Аймауытов совет өкіметі жылдары жас қазақ совет әдебиетінің бастауында тұрып, оның негізгі жанрларын дамытуға еңбек сіңірген үлкен талант иесі болып танылды. Оның «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, көптеген әңгімелері, публицистикалық туындылары қазақ прозасының туып, қалыптасуына игі ықпал жасады. Драматургия саласында ол жоғарыда аталған пьесалармен бастаған талабын «Ел қорғаны», «Сылаң қыз», «Шернияз» сияқты шығармаларымен толықтырды. Әсіресе, оның «Тәрбиеге жетекші» /1924/, «Психология» /1926/ атты педагогика мен психология саласындағы оқулықтары-жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарған еңбектер болатын. Ж. Аймауытұлының тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанмен, шығармашылық мұрасы аса бай. Сондай-ақ қаламгер әдеби-сын мақалалар жазған [1, 204].
Жүсіпбек әдеби қызметін ақындықтан бастаған адам. Қазіргі бізге белгілі Жүсіпбектің поэзиялық туындыларының ішінде «Сарыарқаның сәлемі», «Жәмила», «Ах-ха-хау», Тұңғиық, түпсіз астында» т.б. өлеңдер мен «Нұр күйі» атты поэма бар. Бұлардың көбінде автор ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа дәуір өзгерістерін ақындық сезіммен жырлауға тырысады. Ескілікті аяусыз шенеп, жаңаны орнықтыруға қызмет етті. Ж.Аймауытов адамның қоғамдық-әлеуметтік ортамен байланысын, әркімнің өз ортасында қоғамға пайдалы іс істеуге тиістігін көтерді. ЖАймауытов сан салалы творчестволық қызметі дәуірдің талап етуінен туды. Бұл тек Жүсіпбек басындағы ғана емес, қазақ интеллигенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сипат. Олар ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы болып та еңбектер жазды. Ж.Аймауытовтың барлық творчествосының тарихи маңызын бұрын отаршылдық пен үстем таптың екі жақты қанауында езілген туған халқын оқу, өнер, білім жолына үгіттеді. Ж.Аймауытовтың қайшығармаларын алсақты өзінің туған еліне деген сүйіспеншілігінен, халқына деген адалдықтан туған. Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеті:
-Жазушының өмірбаян беттеріне ден қою;
-Әдеби мұрасын жете зерттеп, қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айту, адам образын жасаудағы психологизмге бару жолдарына назар аудару;
-Ж.Аймауытовтың портрет жасаудағы шеберлігін айту, оның ішінде суреткерлік шеберлігін таныту;
Ж.Аймауытұлының көзі тірісінде оның шығармашылығы тиісінше бағалаған жоқ. Білікті әдебиетшілер Ғ.Тоғжанов, С.Мұқановтар да үстірттік танытқан. Қаламгердің еңбегін елеулі зерттеген академик С.Қирабаевтың жазушының аты-жөнімен аталатын монографиясы /1993/ мен Р.Тұрысбековтің «Жүсіпбек Аймауытов және жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасы» /1998/ есімді кітаптары. Автордың көңілін ерекше аударған мәселе-қазақ даласындағы таптық жіктің сыр-сипаты.
Жалпы, осы жайттарды назарда ұстап, Ж.Аймауытұлы қандай тақырып, оқиға өрімі болса да өмірдің өзінен өрбігенін, ал туынды тұлғалары болса-халық арасынан шыққанын аңғару да, тану да қиын емес. Бұл ерекшеліктер үлкен проза жолындағы жазушы ізденісін, өзіндік қолтаңбасын әрі шеберлік сырларынан да мол мағлұмат береді [4, 82].
Маңыздысы: Ж.Аймауытұлы шағын жанр арқылы қоғам-кезең көріністерін, өмір-тұрмыс сырларын, адам мен оның еңбегін т. т. қарапайым оқиғаға, шындық суреттеріне сыйымды, сенімді қалыпты жеткізеді. Образдар жүйесі-бейнелі, тіл тұғыры-құнарлы, сюжеті шымыр, шебер өрнекті өріс алады.

«Батық жалпы орта білім беру мектебі» КММ



( баяндама)

Орындаған: 10-сынып оқушысы
Құтыжол Мереке
loading...

Автор: Галамхан Санаргуль

Қарағанды обылысы Батық ау «Батық жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Бөлім: Әдебиеттен ашық сабақтар | Қосты: galamhan2013
Көрсетілім: 982 | Жүктеулер: 524 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0