Жүсіп Баласағұн "Құтты білік"
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 1290 | Просмотров: 7491 | Размер: 60.8 Kb | Автор:№19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы
орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» трактаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігін таныту.
Дамытушылық: шығармаларында көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық – эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі - өнеге ету.
Тәрбиелік: поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғындыру, үлгі - өнеге ету.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, сурет, нақыл сөздер, карта
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру,ой бөліс, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Тіл, Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу, түгендеу
-санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
- зейіндерін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Қожа Ахмет Ясауи хикметтері
«Мен саған, сен маған»
Қожа Ахмет Ясауи туралы алған білімдерін жан-жақты тексеру.
Үй тапсырмасын бір- біріне сұрақтар қою арқылы айтады.
1.Қожа Ахмет Ясауи қай қалада туылған?
2. Ұлы ойшылдың ұстазы кім болған?
3.Қожа Ахмет Ясауи туралы ел аузында қандай аңыз тараған?
4. Қожа Ахмет Ясауи қандай кітаптың авторы?
5.Қожа Ахмет Ясауи шығармасында нені жырлады, өмірінде нені насихаттады?
6.Ақынның өмірлік мақсат – мұраты қандай?
«Топтастыру»
«Диуани хикмет»
ІІІ Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Біздің бүгінгі сабағымыз – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері, энциклопедиялық ілім иесі Жүсіп Баласағұни және
«Құтты білік» дастаны.
«Құтты білік» — ХІ ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды.
Ой шақыру
Оқушылармен ізденіс-зерттеу жұмысы жүргізіледі.
«Қарахан мемлекеті » дегеніміз не? Оның Баласағұнға қатысы қандай?
(Х-ХІІ ғасырларда Шығыс Түркістан ,жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірінде, Әму мен Сырдария аралығында Қарахан мемлекеті құрылған. Оның екі астанасы: Баласағұн (Талас Шу бойында) ме Қашқар болды. Бұл қалаларда мәдениет жоғары деңгейде дамыған. Оның көрінісі осы мемлекеттен екі үлкен ойшыл, ғалым, ақын- Баласағұн мен Қашқаридың шығуы.
Баласағұн қаласы туралы не білесіңдер?
(Баласағұн Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған ортағасырлық қала атауы. Жазба деректерде 10 ғасырдан бастап белгілі. Ол «игілікке бай, үлкен қала» болған. Баласағұнның Күз-Ұлыс немесе Күз-Орда деген басқа аттары да болған.)
Жүсіп Баласағұнидің өмірінен қандай мәлімет бере аласыңдар?
(Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеде ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хас хажиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы, яғни, 1021 жылы туған. Жүсіп Баласағұни — өз кезінің көрнекті ғалымы ретінде математика, астрономия, табиғат тану, тарих және араб, парсы тілдері сияқты білім салаларын зерттеуге айрықша үлес қосқан ғалым.
Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы »Құтты біліктен» ғана табамыз.)
«Хас Хажып» атағының мағынасы не? Ол атақ ақынға не үшін берілді?
(Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» атты кең көлемді дидактикалық өсиет-өнеге кітап жазып, оны Қара Бура ханға сыйлағаны үшін «Хас Хажып» атағын алған. «Хас Хажып» - сарай министрі лауазымы.)
Видеоролик көрсетіледі.
Мағынаны тану
«Құтты білік» дастаны жайлы не айтар едіңдер?
(Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастанын 1069 жылы Қашқар қаласында жазған. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. Поэма 85 тараудан тұрады.
Қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Егеубаев «Құтты білік» дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері» атты тақырыпта ғылыми диссертация қорғады. Сондай-ақ жырды қазақ тіліне аударып, 1986-жылы «Жазушы» баспасынан жинақ етіп шығарды.
«Құтты білік» дастанының нұсқалары
Вена нұсқасы 1439 ж.
Герат шаһарында көшірілген.
Каир нұсқасы 1896 ж.
неміс ғалымы Б.Мориц тапқан.
Наманган нұсқасы 1913 ж.
А.Валитова Наманган қаласынан тапқан.
Дастанның басты кейіпкерлері
«Ойлан, бірік, бөліс»
Оқушыларды үш топқа бөліп мәтінді мәнерлеп оқу, сұрақтар арқылы талқылау.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Кітапта көтерілген мәселе –адам, оның кемелдену жолдары, кемелдіктің негізі неде?
Адал дос пен амал дос қандай жағдайларда танылады?
Автор үшінші бөлімде қандай мәселені сөз етеді?
«Ж.Баласағұн тіл туралы қандай ғибадат сөз қолданды?»
Оқушылар дәптеріне сол нақыл сөздерді жазады.
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Тіл – арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар ерім басыңды!
«Құтты білікте» көтерілген негізгі мәселелер ?
Кемел мемлекет жасау
Адам баласының қадір-қасиеті
Білім
Ақыл
Жамандықтан аулақ болу
Бала тәрбиесі
Тіл
Ел басқару
Көрші хақы
Адамшылыққа қарама-қайшы қылықтар
«Құтты білік » дастанын сатылай кешенді талдау
1. Авторы: Жүсіп Баласағұн
2. Тақырып : «Құтты білік»
3. Жанр түрі- поэзия (өлең)
4. Идеясы: Адам баласының қадір – қасиетін білім мен ақылда екендігін баяндап, жамандықтан аулақ болуға жетелейді.
5. Шумақ: 11
6. Бунақ:2-3
7. Тармақ: 48
8. Буын саны: 11,12,13,14
9. Ұйқас түрі: егіз, аралас ұйқас
10. Әдеби-теориялық ұғымдар:
Эпитет: ақ жүректі, жарқын жүз
Метафора: тіл –арыстан
Ауыспалы мағына: жарық төгіп, құлақ салып, қайғы келсе, сөзіңді бақ, тіліңді бақ.
11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Адам мүмкіндігінің шексіз екендігін, адамның әділетке жете алатындығын баса айта отырып, ойшыл, білімпаз болуға тәрбиелейді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Салыстыру
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» өлеңінде адамның бойындағы қандай қасиеттерді саралап көрсетті?
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде қандай қасиеттерді атап көрсетті?
Абай Құнанбаев Жүсіп Баласағұн
Өтірік
Өсек
Мақтаншақ
Еріншектік
Мал шашу Ұшқалақтық,
Сараңдық,
Ашу
Надандық
Өтірік
Ү.Сабақты қорытындылау
«Бірге ойлаймыз» (Пікір алмасу)
1. Дос туралы
(Адал дос пен амал дос қандай жағдайларда танылады?)
2. Адамгершілік қасиеттер туралы
(Адами құндылықтардың , адам мүмкіндіктерінің шексіздігі қандай?)
3. Тіл туралы
(Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?)
ҮІ. Қорытынды
Мұғалім сөзі:
«Құтты білік» еңбегі оқу-тәрбие ісінде балғын жастың табиғатын түсінуге жетелейді. Баланың ақыл-есінің, мінез-құлқының ерекшеліктерін еске алмайтын, олардың бәрін бір қалыпқа сыйғызу тәжірибесінен аулақ болуға шақырады. Ұлы ойшылдың салихалы педагогикалық пайымдаулары ұрпақ тәрбиелеуде әркез есте ұстайтын тағылымдар екендігі сөзсіз.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына»,-
деп өзі айтқандай, ғұлама Баласағұни сіз бен бізді ойландырар небір даналық тұжырымдары мен сөз маржандарын соңына қалдырып кетті. Кейінгі ұрпақ керегінше өз қоғамдарында қолдансын, пайдаларына жаратсын деп аманат етіп кетті.
Рефлексия
1. Қандай жаңа түсініктермен таныстыңдар?
2. Бүгінгі сабақта алған білімді қайда қолдана аласыңдар деп ойлайсыңдар?
3. Осы сабақ бойынша өздеріңе не түйдіңдер?
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру
Дастаннан үзінділер жаттау.
Абай өлеңдерімен үндестігін анықтау, салыстыру
ID: 2111 | Просмотров: 7491