Сайт учителя начальных классов
.
Мұғалімнің аты – жөні Мұстафина Гүлнұр № 119 орта мектеп
3-сабақ
Сабақ атауы Төрт түлік жырлары. Сиыр
Сілтеме Білім стандарты,оқулық Әдебиеттік оқу.
Жалпы мақсаты Сиыр малы туралы мағлұмат алу; Сиыр малынан алынатын тағам түрлерінің пайдасын білу. Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығу. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы топтасып жұмыс жасауға дағдыландыру .

Күтілетін нәтиже Сиыр малы туралы мағлұмат алатын болады. Сиыр малынан алынатын тағам түрлерінің пайдасын білетін болады. Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыланады. Топтасып жұмыс жасауға үйренеді.
Негізгі идеялар .Сиыр малының пайдасы, қасиеті
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушы іс-әрекеті
2 мин

3 мин Сәлемдесу.Сабаққа дайындығын тексеру..
Оқушылардың көңіл- күйін сұрау, (бармақпен көрсету.)
Сабаққа дайындығымыз қалай? (3-рет шапалақ)
Бүгін біз әдебиеттік оқу пәнін өтеміз, бүгінгі күнге барлығыңызға сәттілік тілеймін.

Қозы, құлын, бұзау сөздері арқылы топқа бөлу

Шаттық шеңбері
Алақан жылуы арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.

Өз қолдарына берілген сөздер бойынша топтарға бірігеді. Әрқайсысы өздеріне лайықты топты таңдайды.
1-топ «Қозы»
2-топ «Құлын»
3-топ «Бұзау»
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин «Менің құлыным» тақырыбында эссе жазып келу. ( Смайликпен бағалау) Оқушылар жазған эсселерін оқып береді.
Тұсау кесер
Миға шабуыл 5 мин Ассоциация әдісі
Жабық сұрақтар
1. Сиыр атасын қалай атаймыз?
2. Оның төлін ше?
3. Ол қалай дыбыстайды?
4. Өнімі туралы не білеміз?
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

Оқушылар топта ақылдасып, сиыр малы туралы білетін мәліметтерді ортаға салып, оларды постерге бейнелейді.
Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті 5 мин

7 мин

5 мин «Бірге ойлаймыз» сиыр малына қатысты берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру. «Сырдаң» сөзін қалай түсінеміз?

Акт-ны пайдалану арқылы «Сиыр» өлеңін тыңдату.
Топта талқылау, мазмұндау.
Оқушыларға өлеңді бөліктерге бөліп оқыту. ( Мадақтау, жылы шырай таныту)

«Қара жорға» биіне қимылдар жасау.

Жұптық жұмыс «Жалғастыр»

Мүйізі.......................
Мұрнын...........................
Ірімшік, құрт, майы..........

Жеке жұмыс «Сиырдың пайдасы»

Сиырдың пайдасы туралы кестеге жазу
( Топта бағалау)
Сүті Терісі Еті

Оушылар топта талдап, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді. «Сырдаң» сөзіне түсінік береді.

Топта жырды ұжымдаса талқылап, мазмұндайды.

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

ID: 1556 | Просмотров: 2373