Тұманбай Молдағалиев «Ар-ұят туралы»

  • Жүктеулер: 659
  • Көрсетілім: 1755
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 03/Ноя/2015
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Қаракөл негізгі мектебі
Бозшина Айымгүл Жауынбай қызы
Пәні: Қазақ әдебиет
Класы: 5-сынып
Тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Ар-ұят туралы»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын ,өлеңдерін таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Т.Молдағалиевтің өлеңдері арқылы Отанды,туған жерді сүюге,сезімталдыққа тәрбиелеу .
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін ,дүниетанымын кеңейту,даралап,деңгейлеп оқытуда,өз бетімен шығармашылық жұмысқа дағдысын дамыту
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу,сабаққа назарын аудару,түгендеу .Психологиялық тренинг
II.Үй тапсырмасын сұрау
1)Қ.Аманжолов «дауыл» өлеңін жатқа сұрау.
2) Сұрақтар қою
3) Қ.Аманжоловты кім деп таныдық (Топтастыру стратегиясы)
III. Өткен сабақты бекіту. Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы »әнімен бекіту.
IV. Жаңа сабақ
Ж. Молдағалиев «Ар-ұят туралы»
Ж.Молдағалиев 1920 ж Батыс Қазақстан облысындағы Сайқұдық деген жерде туған . Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған . 1940-1947 ж дейін әскерде болған .Ұлы отан соғысын бастан кешірген . Ж. Молдағалиев – өзінің атақты «Мен қазақпын» деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған , Отан сүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын.
«Ар – ұят туралы» мәнерлеп оқып ,түсіндірем.
V. Жаңа сөздермен жұмыс
Ождан- ар, намыс
Зор парыз – үлкен жауапкершілік
Ғұмырлы болу – жасы ұзақ болу
Құлаққа құю – кішкентайынан айта беру
Тулау- бой бермеу
Адамдық- адамгешілік
VI. Деңгейлік тапсырма
1.Өлеңді мәнерлеп оқу
2.Өлең құрылысына талдау
Жеп ке-лем, жеп ке-лем ту-ға-лы . 9 А
А-дам боп жүр-ге-нім сон-дық –тан, 9 В
Деп қа-рия теп-сін-іп ту-ла-ды 10 А
Әт-тең , тек жігіт жоқ, оны ұқ-қан. 9-10 В
1-шумақ , 4- тармақ,2- бунақты, 9-10 буынды А В А В - кезекті ұйқас
3. Эвристикалық деңгей. Мақал-мәтелдер айту
4.Шығармашылық деңгей
VII. Сергіту сәті
VIII.Ой сергіту . Миға шабуыл жасаймыз.
Кеспе қағаздардағы әдеби көркемдегіш ,сұрақтарға жауап беру
2.Тіл дамыту .Жұппен жұмыс . Семантикалық карта арқылы жұмыс.
3.Мыты болсаң тауып көр. (Топпен жүмыс)
Тұрақты тіркесті тауып,мағынасын ашу.Жүйрік болсаң ,озып көр
IX.Жаңа сабақты бекіту . Венн диограмасы арқылы бекітемін.



X. Үйге тапсырма
Ж. Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы» өлеңінін өздеріңе ұнаған шумағын жаттау.
XI . Оқушыларды бағалау
XII. Сабақты бекіту . Сіз білесіз бе?

Автор: Бозшина Айымгул Жауынбаевна

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаракөл негізгі мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.