Сайт учителя начальных классов
.
Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Сайполдаева Н. С

Күні, айы, жылы: 11.03.2015ж
Пәні: Қазақ әдебиеті 6 - сынып
Сілтеме: Әдебиет оқулығы Алматы «Арман ПВ» 2010 ж 6 – сынып, Шерхан Мұртаза
Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар» әңгімесі
Жалпы мақсат: Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, «Бала Тұрар» әңгімесінің желісімен танысу;
Оқу нәтижесі: СаЖазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы ой қалыптасады, «Бала Тұрар» әңгімесінің желісімен танысады;
Тапсырмалар: 1. «Джигсо» әдісі;
2. «Рөлдік ойындар» әдісі;
3. «Көршінің суреті» әдісі;
4. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Үй тапсырмасын тексеру:
4 мин «Сәйкестендіру»:
Ш.Мұртаза 1932ж Жамбыл обл дүниеге келген
Бес кітаптық эпопеясы «Қызыл жебе»
Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын аударды
1950 жылы Жамбыл қаласында интернат үйінде
2002 жылы «Отан» ордені
«Қызыл жебе» Тұрар Рысқұлов туралы

Топқа бөлу:
1 мин Оқушылар өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді. (төртбұрыш фигураны таңдаған оқушылар 1 – топ, домалақ фигураны таңдаған оқушылар 2 – топ болады).
Психологиялық ахуал:
2 мин Көктемнің сұлулығы гүлдердің ашылуы туралы видеоролик көрсету арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру.
І. Сабаққа кіріспе: «Білу»,
4 мин «Қызыл жебе» романының шығу тарихымен таныстыру (5 слайд).
1 – тапсырма:
«Түсіну»
15 мин «Джигсо» әдісі арқылы оқушылар «Бала Тұрар» әңгімесінің желісімен танысады. Әңгімені 4 бөлімге бөліп оқиды.
2 – тапсырма:
«Қолдану»
6 мин «Рөлдік ойындар» тәсілі арқылы 5 оқушы Тұрарды мектепке баратын тізімге жазып кеткен тұсын сомдайды. Бұл әдістен кейін Тұрар туралы деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.
Сергіту сәті:
3 мин «Көршінің суреті» әдісі арқылы оқушылар таза парақты басына қойып, қасында қарама – қарсы отырған оқушының суретін салады. Салып болған соң бір – біріне береді.

ID: 1524 | Просмотров: 4779