Сайт учителя начальных классов
.
Ш.Құдайбердіұлы. Адамдық-борышың. Өз біліміңді тексер. -

Ш.Құдайбердіұлы. Адамдық-борышың. Өз біліміңді тексер.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 1239 | Просмотров: 4004 | Размер: 104.0 Kb | Автор: Абдинагиева_Улбосын
Күні:29.09.2014 жыл. Пәні:Әдебиеттік оқу Класы: 3 «А»
Тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы. Адамдық-борышың. Өз біліміңді тексер.
Мақсаты Ш. Құдайбердіұлы туралы мағлұмат бере отырып, оның өлеңімен таныстыру. Адамның міндеті, ақынның адамға айтар өсиеті жайлы ұғым беру.
Күтілетін нәтиже Өлең мазмұнын қарапайым тілмен айта алады, топтағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алады, топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Түйінді идеялар Талаптан да, білім мен өнер үйрен. Ш.Құдайбердіұлы.
Сабақ кезеңдері: Сабақ барысы Бағалау Ресурстар
Кіріспе 1. Ынытамақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Мектептегі сүйікті пәнім....» деген аяқталмаған сөйлем беріледі, оқушылар өз ойларын айтып, неліктен сол пәнді ұнататын айтады.
2. Оқушыларды мозайка әдісі бойынша топқа бөлу.
3. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
- Мәтін неліктен ертегіге жатады?
- Қыз әкесінен не туралы сұрады?
- Әкесі қандай жауап берді?
- Әкесі қызына қандай ақыл айтты?
- Қазіргі таңда жиі қолданатын не?
- Бөлменің салағн суретін тексеру. Үш шапалақ

Екі жұлдыз,
бір тілек
Тұсаукесер 1.Сабақтың тақырыбына байланысты суреттермен жұмыс: Әр сурет бойынша өз ойларын айтқызу.
-Білім ұясы не?
-Мектеп.
-Таусылмайтын қазына не?
-Білім.
-Алтын қазына деп нені айтамыз?
-Кітап.
-Әр топ «Мектеп», «Кітап», «Білім» сөздерін таңдап, сол туралы мақал-мәтел айтады.
. . .
- Олардың өмірге қажеттіліктерін, адам өмірінде алатын орны туралы не білесіңдер?
(оқушы ойы)
-Шығармаларында оқу, білім тақырыптарына көп еңбектеніп, жастарға «Талаптансаң, арманыңа жетесің, еңбек қылсаң, дегеніңе жетесің» деп өсиет қалдырған қазақтың қандай ақындарын білесіңдер?
- Білім, ғылым туралы ақындардың жазған өлең шумақтары кімнің есінде бар?
- Білім, еңбектің мектептен басталатыны сөзсіз. Оқушыларды мектепке шақыратын қай мезгіл?
- Күз мезгілі, қыркүйек айы.
2.Суреттер топтамасын пайдалана отырып, оқушылармен бірге Ш.Құдайбердіұлы туралы ой жинақтау.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
3. Оның айтқан ақыл сөзін қалай түсіндіңдер?
4.Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық-борышың» өлеңін оқу. «Түртіп алу» әдісі арқылы сөздердің мағынасын анықтау.
БОРЫШЫҢ---------------------
АР САҚТА----------------------
ТАЛАПТАН-------------------
Үш шапалақ

Суреттер

Автор суреті
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді оқушыларға тізбектеп оқыту.
2. Дәптермен жұмыс. Ақынның балаларға өсиеті_____________
3. Біз үлкен тарауды аяқтадық?
-Ол бөлім не деп аталады?
-Бұл сөз кімнің сөз?
-Неге бөл бөлім «Адамдық-борышың» деген өлеңмен аяқталып тұр деп ойлайсыңдар?
-Сонда адамның алдына қойған міндеті, борышы не?
4. Топтарға тапсырма үлестіру.
 Әр топтарға өткен тұлғалар топтық таныстырылым шығарып, қорғайды.
 ТОЛЫҚТЫРУ ТЕСТІСІ.
Білімдіге дүние жарық, _________________________________________________________________
Ахмет Байтұрсынұлы __________________________________________________________________
Әліппенің атасы_______________________________________________________________________
Ахметтің әкесі_________________________________________________________________________
Ахметтің әкесі қандай адам______________________________________________________________
Балалар, ______________, жатпа қарап,
Жуынып, __________________________
Ыбырай Орынбордағы оқуын бітіріп, _________________ болып шықты.
Ыбырайдың әйелі ______________ Есжанды туған баласындай тәрбиеледі.
Белгілі жазушы ___________________________ Ыбырайдан сабақ оқыған.
Дала жұлдызы атанған кім______________________________________________________________
Ы.Алтынсарин мектеп ашқан қаланың аты________________________________________________
Абайдың баласы_______________________________________________________________________
Қазақтың ұлы ақыны___________________________________________________________________
Ғалым, саяхатшы______________________________________________________________________
Шоқанның Омбыдағы достары___________________________________________________________
«Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін» дейтін кім? ____________________________________________________
Шоқан қандай жігіт болған? _____________________________________________________________
Мағжанның әкесі-_____________, анасы-____________,атасы-____________,ағасы-_____________.
Мағжан ___________ жасында мектеп есігін ашады.
Терезені сындырған____________________________________________________________________
Ең жаман әдет, әрі-беріден соң жалақорлық________________________________________________
Кластың анасы_________________________________________________________________________
«Бір тал шашы ағарған» деген сөздердің мағынасы__________________________________________
Нұрланның досы_______________________________________________________________________
Ұшқыштың ойы________________________________________________________________________
Р.Босилек (болгар жазушысы) жазған ертегі_______________________________________________
Дүниедегі мүліктің бәрі_________________________________________ табылады.
Ктіап оқысаң, ______________ артады.
Өзін-өзі бағалау.

Критерий бойынша бағалау
Қорытынды Автор орындығы арқылы сабақты қорытындылау.
Бағалау Критерий бойынша бағалау
Үйге тапсырма 36-37 бет жаттау.
Рефлексия «Мен бүгін есіме түсірдім» ойыны

ID: 1663 | Просмотров: 4004