Әдебиеттен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Әдебиеттен ашық сабақтар

С.Сейфуллин. «Наурыз».
[ Сайттан жүктеу (31.0Kb) ] 14.09.2015, 21:10

Материалдың жеке номері 1763

С.Сейфуллин. «Наурыз».

загрузка...
С.Сейфуллин. «Наурыз».

Базылова Данагүл Дүйсенбайқызы.
№ 21 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Қарағанды қаласы.

Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
С. Сейфулиннің өмірімен таныстыру.
2. Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау. Шығарманы оқыту «Наурыз»
Психологиялық дайындық
1 оқушы: — Әрбір адам?
Бәрі: — Туысым, досым, жұрағат.
2 оқушы: — Әрбір сөзің?
Бәрі: — Шындық, бірлік, адалдық.
3 оқушы: — Әрбір ісің?
Бәрі: — Тірек, тірлік, адамдық.
Мұғалім: — Әрбір сабақ?
Бәрі: — Үйрену, ұғу, ұлағат. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды» деген екен ұлы тұлға ұлт ұстазы А. Байтұрсынов. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымызда бәріміз бірге ат салысып, білімдеріңді көрсетуге тырысайық!
ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру
- Өлең не жайында екен?
- Наурызда қандай өзгерістер болады екен?
-«Өшпес өмір өнегелері» деген тарауда М.Дулатовтың қандай шығармасы мен таныстың .Есімізге түсірсек. «Шешенің балаларын сүюі» Міржақов Дулатов.
Жыл басы, Жан - жануарлар ұйқысынан оянады,
Ұлыстың ұлы күні,
Көктемнің алғашқы айы, Күн мен түн теңеледі
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Ендеше балалар бүгін біз «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз
- Биыл қандай жыл келіп тұр? (Қой)
- Сендер қазақша жыл аттарын айтып беріңдерші? 12 түрлі хайуан атымен аталады. Бұлар төмендегідей: 1- жыл(басы)- тышқан, 2 жыл –сиыр, 3 – барыс, 4 –қоян, 5 – ұлу, 6 – жылан, 7 – жылқы, 8 – қой, 9 – мешін, 10 – тауық, 11 – ит, 12- доңыз.

Бүгін біз С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.
С. Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, драматург және қоғам қайраткері.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді таспадан тыңдату.
- Оқушылардың шумақтап оқуы.
- Сұрақ - жауап
- Өлеңде не жайында айтылған
- Көктемде қандай өзгерістер болады екен?
Тапсырмалар
Наурыз тойын барлық мұсылман халқы тойлайды екен. Наурызда әр түрлі ұлттық ойындар ойналады, түрлі өнер көрсетеді.
1. «Орамал тастамақ» ойыны.
Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын қайтеді? деген сұрақ бойынша жауап беру.
Жаз → құшақтайды, беттен сүйеді
Су → жүгіреді, асығады, күледі
Құстар → шаттанады, жырлайды
Мал → жадырайды, жаңа жылды қарсы алады
2.«Наурыз» туралы ән
Келесі кезекте ақындар сайысы
«Көктем», туралы өлең шығару.
Көктемде келер, Құстар да жетер ән салып.
Көктер де шығар, Көгілдір нұрға тамсанып.
Сулар да тасар, көлге қарсы ағып
Сергіту саті.
Сөзжұмбақ шешу.

1. Ең үлкен тағам. (нан)
2. Балалар ойыны. (айгөлек)
3. Төлдің алғашқы ауызданатын сүті. ( уыз)
4. Қазақша жыл басы. (наурыз)
5. Қойдың сүйегімен ойналатын ойын. (асық)
6. Жылқы сүтінен жасалған сусын. (қымыз)
1
2
3
4
5
6
Оқушылардың мәліметі.
-Тарихы
-Наурыз мейрамы Қазақстанда
-Қазақ салты

Бекіту. "Алтын сақа" ойыны
Әр асыққа сандар жазып жерге тастаймын. 7 - асыққа жеті тапсырма.
1. Қазақтың бидай ұнынан жасалған тағамдар. (нан, бауырсақ, шелпек, кеспе, көже)
2. Оны отбасына бір адам қосылғанда жасайды. Жаңа келген адамға кәмпит, құрт шашады. Оны өзгелерден бөлек ұстайды. Ел тамақ жеп болған соң, біреу оны өзгелермен таныстырады.Ол төмен қарап, тыңдап иіледі. Бұл қандай той, ол кім? (беташар тойы, келін)
3. Мұны ер жігіттер ойнайды. Ол үшін жүйрік ат, ептілік және шапшаңдық керек. Қажет заттың тек ұшы ғана көрінеді. Оған қолы жеткен жігіт оны ұнатқан адамына сыйлайды. Бұл қандай ойын, ол не? (теңге ілу ойыны, түйіншек.)
4. Жылқы, сиыр, қой және түйе сүтінен жасалған тағамдар? ( қымыз, шұбат, айран, ірімшік, құрт, сүзбе)
5. Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік атта, білек күші де керек. Оны жеке - жеке немесе топқа бөлініп те жүргізуге болады. Бұл не? (Көкпар)
6. Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балаларда қатысады. Ол үшін ала жіп , қайшы керек. Бұл не? (Тұсаукесер)
7. Көпшілікке арналған мерекелік тағам мереке кезінде әр түрлі дәмнен дайындайды. (Наурызкөже)
V. Бекіту
Венн диаграммасы
І. Сәкен ауылы. ІІ. Міржақып ауылы

VІ. Қорытынды
Қыдыр атаның батасы
Ұлыс оң болсын!
Қайда барсаң жол болсын,
Қадамың басқан оң болсын!
VІІ. Үйге тапсырма.
VІІІ. Бағалау.
loading...

Автор: Базылова Данагуль Дюсенбаевна

Қарағанды қаласы . №21 негізгі мектеп

Бөлім: Әдебиеттен ашық сабақтар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 912 | Жүктеулер: 545 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 15
Қонақтар: 15
Тіркелгендер: 0