Сөйлеу не үшін қажет?

  • Жүктеулер: 762
  • Көрсетілім: 1494
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 02/Апр/2015
Тақырыбы

Сөйлеу не үшін қажет?
Жалпы мақсаты Балаларға сөйлеу не үшін қажет екенін ұғындыру. Сөйлеу тілін, ойын, қиялын дамыту.
Мәдениеттілікке тәрбиелеу
Оқыту нәтижелері Күнделікті өмірдегі мәні мен қажеттілігін ұғынады, сөйлеудің пікір алмасу құралы екендігін қажеттілігін түсінеді.
Жабдықтар Стикер, постер
Әдіс-тәсілдері СТО, миға шабуыл стратегиясы,топтастыру, ББҮ кестесі, ЭССЕ жазу
Қызығушылықты ояту Психологиялық сәт:
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену,ұғу,ұлағат.
Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық,бірлік, адалдық.
- Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз қалай өтсін деп ойлайсыңдар!
- Көңілді өтсін.Сәттілік тілейміз!
Топқа бөлу Әріп,дыбыс
Топтың атын, топта талқылап, қорғау жұмысы
Миға шабуыл Әріпті жұмбақ шешу:
Таусылғанда айдың
Беті теріс қарара.
Тұлқ ізді тайдың
Тасты-дағы жарар /С әрпі/
Дөңгелек көл толқыны
Ортасынан қақ бөлген.
«О» десең де төркіні
Өзінше өрлеп көрген. /Ө әрпі/.
Тақиясын түрді
Шалқалата киген.
Сол телпексіз түрі
Айнымайды «и-ден» /й әрпі/
Соры қалың «Ж» - ның
Төрттен үшін жоғалтып
Кетіріпті құнын,
Әріп қылшы оңалтып. /Л әрпі/
Үш тармақты айырдың
Салалары шорт сынды
Сабынан да айырдым,
Тіктеп тұрып ол тыңды. /Е әрпі/
Аша берік деп жүрсем
Қисфйыпты аяғы.
Шотаяқ боп, мен білсем
Балық ілмек таяғы. /У әрпі/
-Балалар , олай болса бүгінгі тақырыбымыз қандай?
- Сөйлеу.
-Сөйлеу бізге не үшін қажет?
- Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай?

Автор: Медельханова Алмагүл Касымхановна

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.