Сайт учителя начальных классов
.
Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі. -

Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 1045 | Просмотров: 2621 | Размер: 21.3 Kb | Автор: baitenova-gulim
Күні: Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 «А»
Тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Мақсаты Қазақ халқының жазушысы О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгіме үзіндісінің мазмұнымен таныстыру арқылы Тортай туралы түсінік беру; оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеті мен шығармашылығын арттыру; топтағы ынтымақтастыққа тәрбиелей отыра, сыни тұрғыда ойлай отырып әділ баға беруге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Оқушылар жазушының өмірімен, шығармасымен таныса отыра, әңгіме мазмұнын меңгеріп, өз ойларын жеткізе алады; тақырыптарын ашып, түйінді ойын айтады; шығармашылығын арттырады; ынтымақтастыққа үйренеді; сыни ойлай алады.
Жұмыс түрі Жұптық, топтық
Ресурстар суреттер қиықшасы, смайликтер, болжам кестесі, кесте үлгілері.
Кезең Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті Оқыту әдісі Бағалау Уақыты
Ұйымдастыру Сыныптағы ахуалды анықтайды. Оларды жеңу жолын қарастырады. Тренинг. Кезекші сыныптың ахуалын баяндайды. Шаттық шеңберіне шығып, бір-біріне үш тілде тілектер айтады. Ынтымақтас-тық атмосфера қалыптастыру 3мин
Топқа бөлу
Оқушылардан қиылған қағаздарды алуды ұсынады, ондағы қиылған сурет қиықшаларын жиыстырғанда сурет шығады. Сол суреттер бойынша 4 топқа бөлініп отырады. Мұғалім қорытынды сөз айтып сабаққа назар аударады.
Бағалау парақшаларын таратады. Оқушылар бір-бірлеп қиықшалардың біреуін таңдайды, сурет арқылы топқа бөлінеді.

Топтан бір спикер әрбір оқушыны бағалап отырады. Топқа бөлу тәсілі,
АКТ-ні қолдану әдісі 1мин
Қызығушылықты ояту Мұғалім қиықшалар арқылы жинақталған суретке назар аудартады, тапсырма береді. Және ол тапсырмаларды жұп болып орындауды талап етеді. Бүгінгі сабаққа болжам айтулары сұралады. Әр топтан 2 оқушы тапсырманы жұп болып орындап береді. Одан кейін бүгінгі сабаққа болжам айтады. Диалогтік оқыту
(жұп түрінде) 2мин
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтуды сұрайды Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.
Жаңа сабақ О.Бөкей туралы не білетіндігін анықтау мақсатында кластер толтыртады.
Электрондық оқулықтан О.Бөкей туралы жазбаны тыңдатады.
Мәтінді бөлімдерге бөліп, үлестіреді.
Мұғалім тақырыпты меңгерту мақсатында «Өкіл жіберу»
әдісін пайдаланады. Яғни, әр топ спикері келесі топтарға өздеріне берілген үзіндінің мазмұнын айтып-түсіндіріп беретіндігін айтады. Кластер толтырады.
Электрондық оқулықтан О.Бөкей туралы жазбаны тыңдайды.
Оқушылар жеке-жеке мәтін мазмұнын оқып, танысады, содан соң жұпта, топта бірлесіп талқылап жұмыс жасап,
топ спикері келесі топтарға өздеріне берілген үзіндінің мазмұнын «Өкіл жіберу» әдісі арқылы айтып-түсіндіріп береді. Өкіл жіберу әдісі, Диалогтік оқыту әдісі Смайлик-тер арқылы бағалау 1мин

2мин

4мин

5мин

ID: 1500 | Просмотров: 2621