Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Ә. Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға шығарманың мазмұнын шебер меңгерту, білімдерін тереңдету, шығарманың идеясын, тақырыбын ашу;
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын, ізденушілік беленділігін, танымдық қабілетін дамыту.
Б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке , ізгілікке баулу , ұйымшылдыққа , мейірімділіккке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:талдау, талқылау
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, іздендіру, тіл дамыту, салыстыру.
Көрнекілігі: портрет, шығармалар жинағы, карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
- сәлемдесу, сынып тазалығы тексеріледі, оқушы дайындығы мен қатысымы белгіленіп, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (3 мин)
Ә.Нұрпейісов портреті ілінеді, сол арқылы «Кім? Қашан? Қайда?» сұрақ - жауап әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
- Бұл кім?
- Ол қашан дүниеге келді?
- Қайда дүниеге келді?
- Қайда оқыған? Қайдан білім алған?
- Қандай белгімен марапатталған?
ІІІ. Ой шақыру. (7 мин)
(оқушылардың не білетіндіктері сұралады)
- басқа қандай экологиялық аймақтарды білесіңдер? Олар несімен қауіпті?
Бір оқушының «Арал теңізінің тарихы» туралы презентациясы.
IV. Әңгіме кесте. (3 мин)
Тақтаға әңгіме кесте ілінеді, сол арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясы, мазмұны баяндалады.
Әңгіме кесте

Шығарманың аты: «Балықшылар»
Шығарманың авторы: Ә.Нұрпейісов
Бас кейіпкерлер: Еламан, Мөңке, Феодоров
Шығармада қай кезең суреттелген: 1914-1920 жылдардағы Қазан
төңкерісіндегі халықтың әлеуметтік-экологиялық жайы
Шығарманың тақырыбы: Балықшылардың қасіретті өмірі
Шығармадағы негізгі ой: Арал балықшыларының экологиялық хал – ақуалы
Шығарманың аяқталуы: Феодоров өлімі
Не түйдің: Ә.Нұрпейісов тарихи кезеңдегі қайталанбас халық өкілдерінің дара,
күрделі тағдырын, бейнесін жасаған.
V. Жаңа сабақ: (10 мин)
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Балықшылар» («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді) әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті жайлы түсіндіремін.
Әлиза — бұдан бұрын да тоғыз баласы өлген әйел; алты ұл, үш қызы үй сыртындағы қара молада.
Андрей — бауырмал, балықшыларды көрсе үйіріле кететін кішіпейіл, жылы жүзді, жылы жүректі, досқа адал, көмек көрсетуге әзір тұратын жан. Жайраңдап күліп жүреді.
Қазақтар оның ибалылығын ұнатып, оны өздерінің адамындай көріп: «Біздің сары бала» деп іш тартып тұрады. Қағаз тапса, сурет салатын өнері бар жігіт.
Феодоров — бай, мінезіне қарай ел арасына «Тентек Шодыр» атанған, түсі суық, еңгезердей ірі кісі. Қол - аяғы ұзын, үнемі ашулы жүреді. Қатыгез, мейірімсіз, ақша құмар адам.
Еламан — балық аулайтын кедей кісі. Бетін үсік шалған, қап - қара. Өзін Федоров қанша ұрса да былқ етпейтін қайсар тік мінезді, шыдамды, адал жігіт.
VI. Топтастыру. (7 мин)
Шығармадағы жағымды жағымсыз кейіпкерлерді атау. Шеңбердің ақ жағына жағымды, қара жағына жағымсыз кейіпкерлерді топтастырады.
Екі кейіпкерге салыстырмалы түрде мінездеме беру. Сол арқылы кейіпкерлерге баға беру.

Федоров Еламан

VІІ. Математикалық ойын: Көбейту таблицасын пайдалана отырып, мәнінен пайда болған дыбыстарды құрап мақал шығару керек:
1 2 3 4 5 6 7 8
2 г
3 е ж
4 к ы
5 р м ң
6 і д н
7
8 а
9 б

8. 9. 20. 9. 30. 9. 10. 12. 42. 12. 40. 21. 48. 42. 32. 27. 12. 15.
(Кемедегінің жаны бір)
VІІІ. Қорытындылау.(5 мин)
Ақтөбедегі «Қан мен тер» романындағы кейіпкерлерге қойылған ескерткіш көрсетіледі.
«Кейіпкерді септеу» арқылы сабақты қорытындыласақ…
А. Балықшылар — өте еңбеккерқор, момын.
І. Балықшылардың өмірі мені қатты алаңдатады.
Б. Федоровтың балықшыларға көрсеткен қорлығын нағыз аудандық деп білеміз.
Т. Теңіз үстіндегі оқиға балықшыларды ширата түсті.
Ж. Балықшыларда ерекше бір өжеттік пайда болды.
Ш. Еңбекқорлық пен төзімділікті балықшылардан үйренуге болады.
К. Балықшылармен бірге бүкіл табиғат егіледі.
Х. Үйге тапсырма беру: (1 мин)
Шығарманы оқып, кейіпкерлерге мінездеме жазып, мазмұнын
әңгімелеп келу.

ІХ. Бағалау: оқушылар білімі бағаланады.

ID: 734 | Просмотров: 2514