Сайт учителя начальных классов
.
М. Мақатаев «Елім бар да», " Анау - аспан, мынау -бақ" өлеңдері -

М. Мақатаев «Елім бар да», " Анау - аспан, мынау -бақ" өлеңдері

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 1117 | Просмотров: 3404 | Размер: 110.9 Kb | Автор: Абай-Абылайұлы
Гүлнара Нұршаханова,
Атырау қаласы №35 мектеп – гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Елім бар да»,
«Анау – аспан, мынау - бақ».
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік мәні: ақынның өмірі, шығармашылығын таныстыру, өлеңдерінің тақырыптық - идеялық негізін, жанрлық ерекшелігін таныту;
2) Дамытушылық :оқыған өлеңдеріне талдау жасай білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге шығармашылыққа жетелеу;
3) Тәрбиелік мәні:қазақ поэзиясындағы бірегей тума талант Мұқағали бейнесін, шығармашылығын құрметтеуге, ұстанымын үлгі етіп ұлтжандылыққа, шындықты қадірлеуге, поэзияны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері.өлеңге поэтикалық талдау, гипотеза болжам жасау әдісі, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс, Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, аудиожазбалардағы өлеңдері, өз дауысымен жазылған жазбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі: М. Мақатаев – ғажайып, сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. оның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі. Мұқағалидай перзенті бар қазақ елі шынымен де бақытты!
Өткен сабақта М. Мақатаевтың «Қайырлы түн» өлеңімен таныс болдық.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
1. М. Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Туған жер табиғатының ақын талантына, мінезіне әсері болды ма?
3. «Қайырлы түн» өлеңінің тақырыбы, идеясы қандай?
4. Өлеңнің құрылысы жайлы не білесіңдер?
5. Ақын халқына қандай тілек айтады?
ІІІ.Жаңа сабақ. Сабағымыздың бүгінгі мақсаты - ақын өмірінен неғұрлым көп мәлімет алып, «Елім бар да», «Анау – аспан, мынау - бақ» өлеңдерімен танысу.
Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Ол кісі қайратты болған. Әкемнің ақындығы - ең бірінші табиғи дарын, сосын соның дамуына туған жері, әжесі қатты әсер еткен. Өзі көп нәрсені әжемнен үйрендім дейтін. Әңгімелескен адамнан тереңдік іздейтін, ол адам көңілінен шықпаса ренжіп таяз дейтін.

Жары Лашын апа: «Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болған соң күлімдеп, анам екеуімізге оқып беретін. Ол күз мезгілін жақсы көретін. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрғанда қолынан қалам түспейтін. Көктемде сайрандадық, жасардық, күз – енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін.»
Ақынның жарыққа шыққан өлең кітаптары: «Дариға жүрек», «Шолпан», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Бәсіре», «»Күнделік, «Өмір - өзен», «Жырлайды жүрек»,«Аққудың қанатына жазылған жыр».
Ақын өз дауысымен оқыған өлеңін тыңдату.

«Мұқағали мұрасы, маржан поэмасы - болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы» деп Зейнолла Серікқалиев айтқандай ақынның әдебиет өнеріне қосқан үлесі қандай екен тақтаға назар аударайық.
«Мұқағали рухына бас иейік!» бейне сюжетті көрсету («Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдату.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
1.«Елім барда» мәнерлеп оқу.
Ү. Тақтамен,дәптермен жұмыс.
Тақырыбы: Туған ел, Отан.
3. Идеясы: Ақын еліне деген сүйіспеншілігін көрсету арқылы оқырманын елжандылыққа, елін - жерін сүюге тәрбиелейді.
4. Жанры: Лирика. Неге екенін дәлелдету.
Өлең аты ---- Бунағы----- Буыны------ Шумақ------ Ұйқас-------- Көркем сөздер
Өлең аты «Елім барда»
Идеясы Туған еліне арқа сүйеу, соның болашағына сеніммен қарау
Шумақ 3 шумақ
Әр шумақ 4 жолдан құралған
Бунақ саны 3 кейде 2
Не сыйлайды// не береді// келер күн
Буын саны 11
Ұйқас түрі 1 шумақ а,а,б,б егіз ұйқас
2,3 шумақтар а,а,б,а қара өлең ұйқасы
Метафора таусылмайтын бақытым ал ырысым,
Көгендегі қозысымын, желідегі құлыным
Риторикалық сұрақ
6. «Анау - аспан, мынау - бақ» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңде қай жыл мезгілін суреттелген. Сөздік жұмысы.
Ақын суреттеуіндегі қыс мезгілі: қу бұтағын құшақтаған кәрі емен, дәрігер қыс, тазалық, жалаң аяқ жылап, өкініш, тал - қайың, өлең
1. Аспан жердің арасын,
Дәрігер қыс алуда,
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
2. Тоңдырып ап маңдайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп тал - қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
3. Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Қыс – тазалық, қыс - аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең.

ҮІ.Венн диаграммасы
Қай ақын қыс туралы өлең жазған? Ендеше екі өлеңде табиғаттың бір мезгілі суреттелген. Табиғатты жансыз затты адам кейпінде суреттеу қалай аталады?
Венн диаграммасы арқылы екі өлеңді салыстыру. Ортақ кейіптеу тәсіліне ерекше назар аударту.


Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп Абайды үлгі еткен ақиық ақынның өмірі жыр болса, жаны әнге құмар еді. Ақынның көптеген композиторлар ән шығарды. (Мұқаңнаың әндері туралы айту)
ҮІІ.Ақын-жазушылардың Мұқағали туралы естеліктері
ҮІІІ.Бағалау.
ІХ.Үйге тапсырма: Достық деген адамның көрігі екен.. Жалғастырып ұйқастырып жазып келу. 1) Ұнаған бір өлеңін жаттап келу.
Х.Қорытындылау.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев.
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім
(Мұқағали өлеңінен үзінді)

ID: 1583 | Просмотров: 3404