Әдебиеттен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Әдебиеттен ашық сабақтар

Мұқағали Мақатаев "Жырлайды жүрек"
[ Сайттан жүктеу (37.5Kb) ] 08.10.2015, 18:04

Материалдың жеке номері 1866

Мұқағали Мақатаев "Жырлайды жүрек"

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Жырлайды жүрек.
Сабақтың мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ғасыр ақына атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: байқау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1-жүргізуші.
Халықтың рухани бай әдеби мұрасына күш – қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетіне, қазақ поэзисына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.
Слайд №1.
2-жүргізуші
Ақ қырау тұрған ақпанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың.
Есіңе мені алғайсың! – міне ақын рухын еске алып ұрпақтары ақын шығармаларын жаттап өсіп келеді.
Слайд №2
1-жүргізуші
- Біз бұрында ақынның тұрған жерін өскен ортасын білеміз. Біз білмейтін тұстары да көп. Сондықтан біз білмейтін жұмбақ сырларына үңілесіздер.
 Ақиық ақын жырларында біздерге қалдырған зор қазынасын зерттеуді, түсінуді аманат етеді.
 Қысқа ғана өмірде артына ғасырдан – ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын М.Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңіліп, оның жырларының әулиелік, көріпкелдік, данышпандық керемет бір қасиеті бар.
2-жүргізуші:
Байқау шарттары:
1.Ақынға арнау.
2. Ақын өлеңдерінен мәнерлеп жатқа оқу
3.Поэмадан үзінді оқу
4. Мұқағали өлеңдері бойынша әндер байқауы
1-жүргізуші
Әділ-қазылар алқаларымен таныс болыңыздар:
2-жүргізуші: Номер бойынша қатысушылар сахнаға шақырылады.
1-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны.
- «Өлді деуге бола ма айтындаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»- деген сөз бар. Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік, ақынның аруағы бір аунап түскен шығар. Орнымыздан тұрып бір сәт еске алайық. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.
Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы, біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Ия, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ.
Қорытынды сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
«Ерке сылқым» күйі. Тоқтархан Ерасылдың орындауында.
Қатысқандарыңызға рахмет

№7 мектеп-лицей

Тақырыбы:
Жырлайды жүрек
(Мұқағали Мақатаев шығармашылығы бойынша)

Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дәрменқұлова Ғ.А.

2014-2015 оқу жылы
loading...

Автор: Дәрменқұлова Ғалия Аязқызы

Талғар қаласы №7 мектеп-лицейі

Бөлім: Әдебиеттен ашық сабақтар | Қосты: Дарменкулова
Көрсетілім: 1061 | Жүктеулер: 582 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0