Әлем халқын мойындатқан Жамбыл Жабаев!

  • Жүктеулер: 652
  • Көрсетілім: 1347
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 04/Ноя/2015
Әлем халқын мойындатқан Жамбыл Жабаев!
Келер жылы Жыр алыбы - Жамбылдың туғанына аттай 120 жыл толмақ екен. Жамбыл Жабаевты «Жыр алыбы» дейтініміз бекер емес. Бір ғасыр ғұмыр кешіп, 19- және 20-ғасырдың қызығы мен шыжығына, қасіреті мен қайғысына куә болған, көргенін жырға айналдырып, үлкен мұра қалдырған, қазақ халқын әлемге танытқан тұлға алып болмай қайтсін. Жамбылды өз кезінде әлемнің талай марқасқалары өзінше баға беріп кетті. Мәселен, Индия жазушысы Рабиндранат Тагор «Жамбыл бақытты Совет халқының өмірін терең, толғана жырлаумен өз заманының ұлы ақыны болып қалды» десе, Пакистан ақыны Фаиз Ахмет Фаиз «Жамбыл қазақ қалқы сияқты өте бақытты ақын. Ұлы Жамбыл сықылды ақыны бар халық шын бақытты қалық» деп толғанды. Сол сияқты Бельгия ақыны Гастон Стоиц «Біз Жамбылдың өмірі мен шығармаларына таңғала отырып, елімізге мақтана айтып барамыз. Жамбыл туған халқына қызмет етудің біздің Бельгия үшін де теңдесі жоқ үлгісі» деп мойындады. Әлем әдебиетінде ойып тұрып орын алған Жыр алыбының мәртебесін келесі естеліктерден де байқауға болады. «Жамбылдың, қайта тууы — халық ауыз әдебиетінің қайта туғандығының бейнесі.
- Жамбыл жырларының кушін оның, терең халықтың творчество болуында»
Алексей Толстой.
- Жамбыл, сіздің құдіретті дарыныңызға бас иіп, сіздің жырларыңыздан тапқан қуанышым үшін шын журектен алғыс айтамын.
Михаил Шолохов.

- Данқты Жамбылдың, жерлестері дарынды казак халқына Тарастың туған жері Днепрден сәлем жолдап, асыл мұрасын қастерлеп сақтаған жеткіншектері бар Жамбылдың шын бақытты адам екендігін көзіммен көріп, риза болдым.
Олесь Гончар.

- Суырып салма ұлы ақын Жамбылға бас иіп құрмет тұтамын. Оның бауырластары — суырып салма ақындар біздің елімізде де бар. Мен ешқашанда да Жамбылдың үйінде болып, құрметке бө- ленем деп ойламаған едім. Ұлы ақын жырларын испант тілінде окып, танысқаннан соң, оның туған жерінде, үйінде болсам деген арман мешц журегіме уялап, шықпай қойды. Сол арманым бүгін жузеге асқанын өзіме мақтаныш етемін.
МуньосЭспиноса Диего,

Ақынның жырлары ел басына күн туған екінші дүниежүзілік соғыста да ел ауызынан түспей, халықтың рухын көтерді. Бір жарым жыл аш-жалаңаш күнелткен Ленинград халқын жырымен күш берді. Ө мір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:

Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көремін.
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырған кемерін!
Шамы күндей жайнаған
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста
Айбыным деп ойлағам!
.......................................
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім.

Қабанбаева Мақпал Серікқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп-интернаты

Автор: Қабанбаева Мақпал Серікқызы

Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп-интернаты

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.