Кім көп біледі?

  • Жүктеулер: 665
  • Көрсетілім: 1333
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 31/Мар/2015
Уақыты: 20.09.2014 жыл

Сыныбы: 5- сынып

Сабақ тақырыбы: «Кім көп біледі?»

Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын туғызу және сөзді орынды қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.

Оқыту нәтижелері:
Халық ауыз әдебиеті туралы толық мағлұмат алады.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс , ББҮ
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Көрнекі құралдары:
Көркем әдебиет, сурет, түрлі-түсті стикер
Қамтылған модульдер СТО. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, ЖЕСО, таланты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқытуды бағалау және оқуды бағалау.
Сілтеме Қазақ тілі оқулығы. 5-сынып
Сабақтың барысы:
Кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 3
минут Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, назарын сабаққа аудару және топқа бөлу. Оқу құралдарын дайындау.
Кәмпит арқылы бөлу.
Қызығушылық
ты ояту
6
минут
Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Тұрмыс-салт жырларына қандай өлеңдер жатады?
Бата дегеніміз не?
Төрт түлік малға байланысты қандай өлеңдер білесің?
Наурыз жырында қандай тілектер айтылады?
Сұрақ-жауап
Әр топ бір сұрақтан таңдап алып, сол тақырыпқа байланысты өлеңдер айтады.
Мағынаны тану

Мақал-мәтел айту 13 Жылан інінен қалай жығады?
- Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.
Қар жана ма?
- Қалауын тапса қар жанар.
Инемен құдық қазуға бола ма?
- Оқу инемен құдық қазғандай.
Қарғыстың ең жаманы не?
- Өзің білме, білгеннің тілін алма
Ең тәтті не?
- Баланың тілі тәтті.
Не қорқақ, не батыр?
Көз - қорқақ, қол - батыр
Кімнен кім жаман?
Олақтан салақ жаман.
Тауық түс көре ме?
Тауықтың түсіне тары кіреді.
Оттан да не ыстық.
Отан оттан да ыстық
Ер қаруы нешеу?
Ер қаруы-бес қару.
Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Отан үшін отқа түс күймейсің.

Сөздер айтылады. Соған байланысты мақал-мәтел жазады. Батырлық туралы, оқу-білім туралы, тәрбие туралы, Отан туралы, төрт-түлік туралы. Сұраққа мақал-мәтелмен жауап беру керек.
Топтар жарысады

Мағынаны ашу

Жұмбақшылар 9
минут Шидиген ұзын сирағы,
Аспалы тор құрады.(Өрмекші)
Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды. (Күнделік)
Өзі-тоқ,
Көлеңкесі жоқ. (Құдық)
Кіруге адам батпайды,
Бәрі де оны мақтайды,
Затыңды аман сақтайды. (Сандық)
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (От)
Бір-біріне жұмбақ қояды
Қорытынды
кері байланыс 9
минут Серпілген сұрақ
Кері байланыс ББҮ Топтар бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қояды.

Үй жұмысы 2
минут Тіл туралы мақал-мәтел жаттап келу Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 3 мин Бағалау парағы Өзін-өзі бағалау

Автор: Серікхан Амангүл Серікханқызы

ШҚО Тарбағатай ауданы, Би Боранбай атындағы орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.