Әдебиеттен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Әдебиеттен ашық сабақтар

Кеше.Бүгін. Ертең
[ Сайттан жүктеу (36.5Kb) ] 02.05.2015, 23:34

Материалдың жеке номері 1528

Кеше.Бүгін. Ертең

загрузка...
Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін біз 5а-сынып оқушыларымен бірге сіздерге қос ақынымыз, поэзиялары арқылы сырласқан, үндескен Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынова жайлы деректерімізді ортаға саламыз.
Сабақ тақырыбын «Кеше. Бүгін. Ертең» деп атадық. Бұл сөздердің әрбірінің астарында ерекше мағына жатқанын сабақ барысында ғана көретін боласыздар.
...Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
Ия, ақын жанының нәзік, соққылауға келмейтін қасиетін кім түсінер. Абайша айтсақ: «Қазақтың тірісінің жақсысы жоқ, өлгенінің жаманы жоқ». Тірі кезінде шақшадай басын шарадай етіп, отқа да шоққа да ұрған Мұқағалиді бұл күнде «тірі болғанда ғой, шіркін!...» деп еске аларымыз анық. Сондықтан да бірінші бөлімімізді Мұқағали мен Фаризаның өмір сүрген дәуіріне арнауды жөн көрдік.
1. Кеше(тақырыбы): «Қазақтың тірісінің жақсысы жоқ, өлгенінің жаманы жоқ»
(Оқушылар орындауында)
1.1. «Менің анкетам»
1.2. «Досым жоқ менің»
1.3. «Халқым барда»
1.4. «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» әні орындалады
1.5. «Жоқ, дәрігер»
1.6. Фаризаның өмірі (Мұрағат видео)
1.7. «Анашым»
1.8. «Оюлар»
2. Бүгін(тақырыбы): «Өлеңдерім жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда.
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға»
Мұғалім сөзі: Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай – өлең шырылдап бара жатты
Аузында ажал дейтін сұрапылдың...
Торғай – өлең өлмеді, аман қалды,
Әкетті ажал...
Жыр емес, адамды алды.
Бір өмірдің дастаны басталды да,
Шорт үзілді,
Шоп – шолақ тамамдалды.
Қаралы лек.
Бозғыл шаң шұбатылды.
Бара жатыр жерлеуге шын ақынды.
Маржан – жырдың мөп – мөлдір бір түйірі
Құмға түсіп кетті де, уатылды –
аңғарып отырғандарыңыздардай, біздің «Бүгін» деп аталатын бөліміміз ақындардың біздің арамыздан жылылық таба алмай, мәңгілік сапарға аттанып кете барғаны жайлы болмақ.
(Оқушылар орындауында)
2.1 «Мұқағалиге арнау».
Мұғалім сөзі:
Шатқалдарында жар – құздың,
Ақпан жалында қар – мұздың.
Көлденең көзден қорғарсың,
Жанымда жүрші, жалғызбын.
Осылай оқырманына өлең арнаған парасатты, поэзияның падишасы Фариза ақын дүниеден өтті. Қазасы қалың қазақтың қабырғасын қайыстырды. Ол өз өлеңінде:
Жоқтауым бар,
Жырым бар.
Жан дертіңді...
Жүрек жасын көзіңе
Іркіп емде –
деген екен. Қалай мақтасақ та, қанша жоқтасақ та лайықты...
(Оқушылар орындауында)
2.2 «Фариза өлді» жоқтауы оқылады.
3. Ертең(тақырыбы): «Шаң басқан архивтерден табылармыз»
Мұғалім сөзі: Ертең – бұл болашақ. Бүгінгі бар адамдар ертең арамызда болмасы хақ.
«Жақсының аты өлмейді,
Жазушының хаты өлмейді» деген көреген халқымыздың сөзіне үңілер
болсақ, Мұқағали мен Фариза әліде біздің арамызда өз өлеңдері арқылы өмір сүріп келе жатыр.
(Оқушылар орындауында)
Көрініс: Архивтегі қолжазбалар.
«Фариза апа» әні орындалады.
Мұғалім сөзі: Осымен біздің бүгінгі сыныптан тыс сабағымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
loading...

Автор: Саттарова Балнұр

Ақмола облысы Жақсы ауданы Белағаш ауылы Белағаш мектеп - бақшасы

Бөлім: Әдебиеттен ашық сабақтар | Қосты: Саттарова_Балнұр | Ілмек сөздер: жақсысы
Көрсетілім: 1098 | Жүктеулер: 582 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 14
Қонақтар: 14
Тіркелгендер: 0