Еліктің лағы

  • Жүктеулер: 883
  • Көрсетілім: 1879
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 17/Окт/2015
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы. С. Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқтаубаева Алия Жанабиловна.

2 сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: ''Еліктің лағы'' М.Қалдыбаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды М.Қалдыбаевтың ''Еліктің лағы'' әңгімесімен таныстыру.Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгеру.
Дамытушылық:
Оқушыларды сауатты,мінерлі,әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушылардың өнерге,білімге деген сүйіспеншілігін арттыру тәрбиелеу.Адамгершілік,ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Табиғатты аялау,табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.
Сабақтың типі:
Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік:
Суреттер.
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасымен тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IY. Жаңа сабақты бекіту.
Y. Қорытындылау,бағалау.
YI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мысалды мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.Дәптермен жұмыс.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушыларды М.Қалдыбаевтың ''Еліктің лағы'' әңгімесімен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.

Жаңылтпаштар:
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы марал бар.

Еліктер керіктерге еліктеді ме?
Керіктер еліктерге еліктемес.

Әңгімесін мәнерлеп оқу.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

Сөздік жұмыс: Шоқы -
Нысана -
Қарауыл -

Сергіту сәті. Жүмбақты шешіп көр.
Белі бүкір,алысқа түкір.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1. Ауа райы қандай еді?
2. Жалғыз аяқ жолмен кім келе жетті?
3. Ол қайда бет алды?
4. Аңшы неге мылтығын қолға алды?
5. Ол неге ызаланды?
6. Түймебай нені көріп қалды?
7. Аңшының елікті атуға неліктен батылы бармады?

- Аңшы әреке тіне өз ойыңды білдір.
- Сол күнгі ауа-райын суретте.
- Аңшы бейнесін суретте.
- Аңшының суретін сал.

Жаңылтпашты жаңылмай айт. Шұнақ құлақ лақ бұлаққа барды,
Бұлақ жағасындағы құраққа барды.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Автор: Ботагоз Сагатбаева

С.Сейфулин атындағы орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.