Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Ескен Елубаев. Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға өлеңінің мазмұнын ашып, ,түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, жыл мезгілі туралы өзгерістерді сипаттау;
Тәрбиелік: оқушыларды табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, оны аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жыл мезгілдерінің суреттері, Е.Елубаевтың суреті, А 4 парағы,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Ана тілін білмесек,
Бәріміз ұятқа қалармыз.
А) Үй тапсырмасын сұрау.
Т.Айбергенов. Өсіп келе жатырмын.(жатқа айтады)
2.Өткен сабақты қорыту.
Өлең не жайында айтылған?
«Адал тер» дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру
Ой қозғау.
Балалар біз күнделікті жақсы-жаман күндерімізді артқа қалдырып өсіп келе жатырмыз. Соның бәріне не қажет? Әрине уақыт қажет. Уақытқа не жатады: сағат, тәулік,апта, ай, жыл қажет екен. Иә, олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыздың атауы «Жыл мезгілдері»деп аталады.
- Жыл мезгілдерін ата.
- Қай мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Топқа бөліну: Жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу.
4.Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Автор туралы түсінік.

Оқу жұмысы.
Өлең жолын оқып беру, түсіндіру.
(Бейнетаспадан 1-2 минуттық бейне көрсетілім)
1-тапсырма
Әр топ өлең жолдарын бөліктерге бөліп оқу.
Дәптермен жұмыс
Сөздік
Ақырап-қазан айының ескіше аты.
Сергіту сәті.
2-тапсырма
Әр топ жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне сипаттама беру.
3-тапсырма
1-топ «Қыс» Автор туралы мәлімет
2-топ «Көктем»Жыл мезгілдері туралы мақал –мәтелдер айту;
3-топ «Жаз» Жыл мезгілдері туралы өлең жолдарын оқу;
4-топ «Күз»Жыл мезгілдері туралы сурет салу
Бекіту.
Кестені толтыру
Жыл мезгілдері қайтеді? Неліктен?

Бағалау. Оқушыларды марапаттау, бағалау.
Үй жұмысын беру. Өлеңді жаттау,сурет салу.
Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерін күн мен бұлттың астынастикерге жазу арқылы білдіру.

ID: 1463 | Просмотров: 3369