Әдебиеттен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Әдебиеттен ашық сабақтар

Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»
[ Сайттан жүктеу (15.4Kb) ] 19.05.2015, 15:28

Материалдың жеке номері 1617

Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»

загрузка...
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 7ә
Күні, айы, жылы:27.02.15
Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Баубек Бұлқышовтің өмірінен,шығармашылығынан мағұлмат бере отырып шығарманың жаныры,көркемдік ерекшеліктерін тану;
2. Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылығын,өздіктерінен ізденуін,танымдық дербестігін арттыру,өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру,топпен жұмыс істеуге төсілдіру;
3. Дамытушылық: Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру,ұлттық намысты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Баубек Бұлқышевтің портреті,Ұлы Отан соғыс кезіндегі слайдтар,географиялық карта,
Пәнаралық байланыс: тарих,музика,әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе бөлім(Б.Бұлқышев тулалы Д.Әбіловтың сөзі) «...Жас еді Баубек жиырма ғана,
От едібірақ лапылдап тұрған.
Деуші едік оны «Жалынды бала,»
Карчагин сынды дауылда туған.»
Иә,Баубектің жастық шағы соғыс жылдарына дәл келді. От пен оқтың арасында жүріп,қаламынан жалынды жырлар,шығармалар туады.Публицистикада біраз еңбектер жазды.Ол еңбектердің бірі-«Шығыс ұлына хат ».
«Шығыс ұлына хат»-публицистикалық очерк жанырына жатады.Публицистикалық очерк-көлемі қысқа көркем шығарма.А.Байтұрсынов»көсемсөз»,деп атаған.
III.Үй тапсырмасын сұрау:»Ізденіс»
Баубек Бұлқышев кім?
Баубек бұлқышевтің шығармалары бар?
Үйге шығарманы 3-бөлімге бөліп ,жаттап келгенге бергем: « Үндеу»
1-топ.От
2-топ.Су
3-топ.Күн.
Шығыс ұлына хат еңбегінен туған ел, өскен жер,дос жолдасқа,туған-туысқа шынайы сүйіспеншілігін көреміз.Баубек Бұлқышевтің өмірі оның күресі,шығармашылық еңбегі-барлық жасқа өнеге.
ІІІ. Білім тексеру: «Талдау сұрақтары»
1.Хатты кімге жазған?
2. Хаттың мақсаты не?
3. Бұл хаттың өзгешілігі неде?
4. Жазушы арманы не?
5. Хатты қандай көңіл күймен жазған?
6. Жауынгердің отан сүйгіштігі қалай байқалады?
7. Хат кімдерге арналған?

IV.Сөздікпен жұмыс:
1.Шығысұлы – қазақ баласы деген мағынада
2. Блиндаж – әскердің демалатын орны
3. Забойшик – көмір шахтасының жұмысшысы
4. Тулақ – жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын кептіріліп қатырылған шикі тері.

V. Әріптер сөйлейді
Б - батыл жауынгер
А –абыройлы азамат
У – Украйн батыры
Б – белгілі ақын
Е – ер жүрек жазушы
К – көсемсөз шебері
Баубек сияқты қандай жауынгер ақын жазушыларды және Кеңес одағының батыры атағын алған ер жүрек батыр жауынгерлерімізді білеміз,
Және сол жауынгерлердің туыстарына жазған хаттарын табалдық па?

. Әр топ Бұлқышевқа арнау хат жазу.

1-топ Мен соғысқа қарсымын
2-топ Бұлқышевқа арнап хат жазу
3-топ «Тәуелсіз Қазақстан ұланының атынан» ардагерлерге хат жазу.
VІІ. Біртуар болмыс пен қайталанбас қайсар иесі болған Баубек ағамыз бүкілі саналы ғұмырында ел жанды жауынгер жазушы адал азамат болып өсті.
Қазақ жастарының жүрегіне отан сүйгіштік сезімін ұялатып, өскелен ұрпаққа үндеу тастап, туған жер үшін жанын шүберекке түйіп ,өмірден күдер үзбеген батыр Баубек ұлттық рухтың 20 ғасырдағы көрінісі болды. Ол жалаң батыр ғана емес, қолына қарумен қаламын қатар ұстаған бұрынғының жырау батырлары сияқты ұлттық намысын қаймықпай қорғады.
Оның «Шығыс ұлына хат» үндеуі «ұлттық үніне» айналды.

VІІІ. Бағалау:
VІІІI. Үй тапсырмасын беру.

«Ел ертеңі – біздің қолымызда» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.
-Балалар бәріміз «соғыс жойылсын, бейбіт өмір сүрейік.» деген тілекпен «Қазақстан» әнін орындайық

Жиенбаева М.С
Д.Қонаев атындағы орта мектеп
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сарыөзек ауылы,
Кербұлақ ауданы
loading...

Автор: Жиенбаева Мөлдір

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Д.Қонаев атындағы о м

Бөлім: Әдебиеттен ашық сабақтар | Қосты: hele
Көрсетілім: 1168 | Жүктеулер: 562 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 25
Қонақтар: 25
Тіркелгендер: 0