Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығы

  • Жүктеулер: 858
  • Көрсетілім: 1783
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 13/Ноя/2015
Пәні:қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 «В» Пән мұғалімі: Базарбайқызы Айгүл
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығы
Жалпы мақсаты - Қожа Ахмет Иассауидің өмір жолымен танысу, хикметтерін өз бетінше түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу.
Күтілетін нәтиже-Тақырып туралы түсінік ала отырып, топ арқылы тапсырмаларды орындауға үйренеді.
Көрнекілігі: ғұлама портреті, хикметтерінен үзінді, сөзжұмбақ, сабақ эпиграфы,сабақтың үлгі жоспары, түйенің суреті, бағалау парағы, әр түрлі фигуралар.
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Керуен сабағы.
Сабақтың формасы:топтық жұмыс.
Пайдаланылған әдебиет: Н. Келімбетов. «Ежелгі дәуір әдебиеті». «Ежелгі Қазақстан» балалар энциклопедиясы.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық және жұптық жұмыс, «сын тұрғысынан ойлау стратегиясы,мағынаны ашу, сөзжұмбақ, «Екі жақты түсініктеме» күнделігі, «Таңдау» стратегиясы
Сабақтың кезеңдері: I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. «Қызығушылығын ояту».Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. (Доп лақтыру арқылы).
-Адам өмірінің мәні – өз бойын,өз рухын таза ұстау, бар өмірін рухани жанын таза күйінде ұстау үшін күреске арнауды насихат еткен кім екен, балалар?
- Ортағасырлық аса көрнекті ақын Қожа Ахмет Иассауи.
-Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны, есімі Ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер Ахмет Иассауи өмірі мен шығармашылығы жайлы болмақ.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
-Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз «Керуен сабағы»,яғни, «Білім керуені» деп аталады және сол қалыпта жүргізіледі.
Сыныпты үш топқа бөлеміз: «Баяндаушылар», «Зерттеушілер», «Ақындар».
Кіріспе. Психологиялық дайындық ( көңіл-күй дайындығы).
Үш топ бір-біріне жылы лебіз білдіреді ( өз қалауымен 2 минут).
-Құрметті шәкірттерім, байқаймын, бүгінгі көңіл-күйлерің өте ерекше сияқты.
Олай болса, Ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын Қожа Ахмет Иассауи туралы сабағымызды 3 топқа бөліп, «Керуен сабағы» түрінде өтеміз. Керуеніміз Ұлы Жібек жолы-Тараз бен Түркістан арасын жүріп өтеді. (Картасы салынған). Әр қалаға келгенде тапсырма орындалған сайын түйеміз,и яғни, керуен алға жүріп отырады.
Әр топ өз басшыларын сайлайды. Топ басшысы өз тобының жауап берген оқушыларының «Бағалау парағына» баға қойып отырады.Ал мұғалім әр топқа жауап бергені үшін бесжұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш таратып отырады.
I тур: «Киелі Таразым». «Топтастыру» стратегиясы.
«Баяндаушылар» тобы ақынның өмірі мен өскен ортасы туралы таныстырып өтеді.
«Зерттеушілер» тобы ақынның шығармаларын, соның ішінде «Диуани хикметтің» ( «Даналық кітабы» ) зерттелуі туралы жұмыс жасайды.
«Ақындар» тобы: а) Жазылу тарихы. Кітаптағы сопылық хикметтер. Ә) өз кезіндегі қоғам бейнесін суреттеген лирикалық өлеңдері.
- Балалар, біздің керуеніміз ақынның бүгінде кесенесі орнатылған киелі Түркістан қаласына жол тартады. Сол қалаға жету үшін ешқандай топ жолда, көштен қалмау үшін білімдерін аянбай көрсетулері керек.
Топ басшыларына тапсырма.
Өлең құрылысын ( бір шумақ) талдап, асты сызылған сөздің синонимін табу.
II тур: «Білімпаздар қалашығы». «Таңдау» стратегиясы қолданылады.
Әр түрлі мамандық иесінің суреті салынған кеспе қағаздың келесі бетіне сұрақтар жазылған, әр топтан оқушылар шығып сұрақтарға жауап береді. Егер оқушы дұрыс жауапты тапса –мадақтау сөздер, қателессе-ақыл-кеңестер беретін сөздер жазылған.
1.Иассауидің «Даналық кітабы» тақырыбы жағынан неше топқа жіктеуге болады?
а) 2 топқа (2-үлестірмеге бар)
ә) 3 топқа ( 1-үлестірмеге бар)
2. Ахмет Иассауи бұл кітапты неше жасында жазған?
а) 77-80 жасында ( 4-үлестірмеге бар)
ә) 63-73 жасында ( 3-үлестірмеге бар )
3. Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа бір түйір құрма беріп, оны Қожа Ахметке табыстайын сұраған. Арыстан баб сол құрманы ұртында неше жыл сақтаған?
а) 600 жыл сақтаған (6-үлестірмеге бар)
ә) 606 жыл сақтаған (5-үлестірмеге бар)
4. Ахмет Иассауи қай жылы қайтыс болды?
а) 1176 жылы ( 8-үлестірмеге бар)
ә) 1166 жылы ( 9-үлестірмеге бар)
5. Түркістан қаласындағы қазіргі үлкен кесенені салдырған кім?
а) Жергілікті халық (7-үлестірмеге бар)
ә) Әмір Темір (10-үлестірмеге бар)
6. «Диуани хикмет» ( «Даналық кітабында») неше хикмет берілген?
а) 194 хикмет берілген (11-үлестірмеге бар)
ә) 149 хикмет берілген (12-үлестірмеге бар)
Сергіту сәті. «Көңілді күн» атты сергіту жаттығуын жасату.
III тур: «Тапқырлар аялдамасы» . «Екі жақты түсініктеме» күнделігі.
Өлеңнен үзінді Үзінді жайлы пікір Мазмұны сәйкес мақал-мәтелдер
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар.
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар?

Өлеңнен үзінді Үзінді жайлы пікір Мазмұны сәйкес мақал-мәтелдер
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті.
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?

Өлеңнен үзінді Үзінді жайлы пікір Мазмұны сәйкес мақал-мәтелдер
Хикметтерімді білімді қолына алсын,
Мақсаттары ойға алған орындалсын.
Хикметтерім жүрсе кімнің ойында,
Қолдаушысы болсын Тәңірім оның да.

Үш топтан 3 оқушы қалаған жерлерінен өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.
IY тур: «Білімділер ордасы». Мағынаны ажырату.
«Кубизм» тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.
1. Елестетіңіз. Сол заманның қиын жағдайы, кісі ақысын жеген озбыр адамдар.
2. Зерттеңіз:Ақын толғауларында «Ботадай аңырап қалған боздайды олар» деген бейнелі сөзден елдің күнкөрісі-ауыл шаруашылығы, мал екені байқалады.
3. Салыстырыңыз: Абай, Шал, ақын, Шортанбай ақын өлеңдерінен үйлесімділігін табу.
4. Қолданыңыз:Ақынның хикметтерін жатқа айтып беру.
5. Келісіңіз не қарсы шығыңыз. Ақынның адамгершілік имандылық туралы пікірлерінің бәріне қосыламын.
6. Байланыстырыңыз.Ақын өлеңдері- бүгінде өте керек құнды байлық. Жемқорлық,сыбайлас жемқорлық, кісі ақысын жеген арсыз адамдарға тәрбие болады.
Сөзжұмбақ: «Ахмет Иассауи»
1.Қожа Ахмет Иассауидің өлеңдер жинағы («Диуани хикмет»)
2. «Мұхаббат-наме» дастанының авторы (Хорезми)
3. Орхон өзені қай мемлекетте? Моңғолия).
4. «Қорқыт ата кітабының» 12 жырдан тұратын қолжазбасы қай қалада сақтаулы? ( Дрезден)
5. Күлтегін мен Білге қағаннің әкелерінің есімін ата?

7. Білге қағанның шын есімі қалай аталады?
8. Оғыз батырдың анасының есімін ата?
9. Орхон-Енесей ескерткішіндегі құпия жазуды оқыған ғалым
10. Ғұлама ақынның ұлы?
11. «Қисса-сүл-әнбия» еңбегінің авторы?
12. Ғұлама ақынның туған қаласы
Y тур: «Түркістан-бар қазаққа баба қала».
-Міне, балалар, біздің керуеніміз киелі Түркістан қаласына да келіп жетті. (Осы сәтте теледидардан Түркістан қаласыдағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Қарашаш ана мазары, Иассауидің кітабы, мөрі көрсетіледі.)
Мұғалім әр топтың басшыларындағы бағалау парағы бойынша бағалап отырады, жауап берген топтарға өте жақсы (бесжұлдыз), жақсы ( төртбұрыш), орта (үшбұрыш) таратылады.
YI. INSERT стратегиясы бойынша не білетіндіктерін, олар үшін не жаңа екенін анықтайды. Толтырылған карта бойынша пікір алмасады.
Y - + ?
Білемін Білдім Мен үшін жаңа ақпарат Мені таңғалдырды

Құдайберген Жұбановтің Ахмет Иассауиге берген мінездемесін қорыту.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Үйге тапсырма: Қожа Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу, мәлімет жинау.
Хикметтерінен үзінді жаттау.

Автор: Базарбайқызы Айгүл

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.