Сайт учителя начальных классов
.
Пәні: Қазақ әдебиеті Тобы: ДМ -11 Оқыту тілі: қазақша Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты: 1. Абай Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасы мазмұнымен танысу, поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын тану. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгеру.
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Көркем туындыны түсіну, автордың идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын ашу, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну.
2. Әлеуметтік-мәдени: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде студенттердің дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға, өз біліміне, күшіне сеніммен қарауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төсілдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы өз ойын, пікірін тұжырымдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың нәтижесі: 1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері кеңейеді;
2. Абайдағы Ескендірдің келбеті туралы біледі;
3. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын біледі;
4. Жаман мінез-құлықтар мен адамгершілікке тән қасиеттерді айыра біледі.
Сабақтың табыс критерийлері: 1. Поэмадағыкейіпкерлердің образын аша біледі.
2. Поэмадағы негізгі кейіпкер туралы мәлімет алады.
3 . Жаман және жақсы қасиеттерді көрсете біледі.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау критерияларына құрылған аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, Инсерт әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Үнсіз қадам» әдісі, озба оқыту т.б.
Көрнекілігі: Сабаққа қатысты эпиграф, слайд
Сабақта қолданылған құралдар: интербелсенді тақта, компьютер.
Пән аралық байланыс: тарих
Сілтеме:
1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.
2. А.Құнанбаев поэмалары.
Сабақтың барысы: 90 минут

ID: 2134 | Просмотров: 3110