Сайт учителя начальных классов
.
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Cабақтың тақырыбы: Абай-қазақтың ұлы ақыны
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету.
ә) Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
б) Тәрбиелік: қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: портреті, бейнелі суреттер,интерактивті тақта, ақын шығармалары, Абайдың қарасөздері, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Шаттық шеңбері.
ә) Топқа бөлу. І топ - «Қыс»
ІІ топ – «Күз»
ІІІ топ – «Жаз»
ІV топ – «Көктем»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: С. Аронұлы « Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттері».
І топ - «Қыс» С.Аронұлының өмірі
ІІ топ – «Күз» Жақсы адамның қасиетін ашу
ІІІ топ – «Жаз» Жаман адамның қасиетін ашу
ІV топ – «Көктем» Өлеңнің мазмұнын ашу.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға тақырыпты ашқызу.
2. Топпен жұмыс
І топ - «Қыс». Ақынның өмірін айту.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы – бай, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай болыс, аға сұлтан.
Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен – ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, ертегі аңыздарды құмарта тыңдайды.Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул – Жаппардың, кейін Ахмет – Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды.Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған, он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген оймен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді. Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдеп – ғұрып, тұрмыс – салтын терең танып білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен билердің ортасына түседі. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінде үйренеді. Сол әңгіме – жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді. 60 – жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады.

ІІ топ – «Күз». Абай туралы топтау сызбасын жасау, сұхбаттасу.
жазба әдебиетін негізін салушы

ұлы ақын сазгер

ағартушы
аудармашы

философ



ІІІ топ – «Жаз». Абай өлеңдерін тақырыптары бойынша топтастыру.

Сөз өнері

табиғат ғылым-білім

достық

ІV топ – «Көктем» Абайдың бабалары мен балалары туралы сызба жасау.
3. Бейнебаян көрсетіледі, әр топ оқушылары Абай туралы өз білімдерін ортаға салады.
4. Кітаппен жұмыс.
5. Үлестірмелі карточкалар. Мына сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау жасау.
І топ - «Қыс» Шыңғыстау өңірінде Абай дүниеге келді.
ІІ топ – «Күз» Ұлжан мен Зере байсалды, мейірбан, әділ болды.
ІІІ топ – «Жаз» Абай алғыр, зерек болып өсті.
ІV топ – «Көктем» Әкесі Абайды он жасында Семейге оқуға жібереді.
ІV. Сабақты бекіту ( постер қорғау). Әр топ өз топтарының аттарына байланысты сурет салып, өз сөздерімен түсіндіру.


« Бір жазушы, төрт оқырман» әдісі бойынша өлең жазу.

V. Оқушы білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлының өмірін оқу, жаңа деректер жинау.
VІІ. Рефлексия кезеңі: Оқушыларға стикерлер таратып, кері байланыс жасайды.
Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.

Сабағымды: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан пікірімен аяқтағым келеді.

ID: 1962 | Просмотров: 3617