Сайт учителя начальных классов
Сабақтың тақырыбы:Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңді оқи отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру; Дамытушылығы: Оқушыларға көркем сөзді мәнерлеп оқи отырып, жинақтап сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру; Отанын, елін, жерін, сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
а) Психологиялық дайындық.
Ана тілі өмірімнің бастауы,
Ана тілі өмірімнің асқары.
Ана тілі Абай тілі ұлы тіл,
Намысты бол қазағымның жастары.
ә) Үйге тапсырманы сұрау.
«Көкшенің көрінісі» - мазмұндау.
Слайдта «Көкшетау» суреті. (С. Мұханов)
- Жазушы Көкшенің көрінісін қалай суреттеген? Көкшені неге теңейді? Көкшенің көрінісін әдемі көрсетіп тұрған не?
Мәтіннен жазушының Көкшеге деген сүйіспеншілігін тауып оқы.