Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік және ерекшеліктері.

  • Жүктеулер: 913
  • Көрсетілім: 1735
  • Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
  • 08/Апр/2015
Тақырыбы: Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік және ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндерден айырмашылығын көрсете отырып, жалған діни ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру.

Міндеттері:1. Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндерден айырмашылығы туралы түсінік қалыптастыру.
2. Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін жандандыру.
3.Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін маңызды әдіс екенін жеткізу. Діннің маңызы мен қасиетін ұғындыру.

Көрнекіліктер: Тақырыптық слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, Венн диаграммасы, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын түгендеу
ә) Топқа бөлу (От, су, күн, ай суреттерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді)
Психологиялық көңіл - күй сыйлау:
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

Автор: Рахымбаев Ықылас Каденович

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково орта мектебі

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.