Рустемова Айгуль Мамасейтовна

Туған жылы: 01.08.1976ж.

Мамандығы: тарих-география

Жұмыс орны: ОҚО Сайрам ауданы Әсіл ауылы №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта метебі

Санаты: жоғары

Педагогикалық стажы: 21

Рустемова Айгуль Мамасейтовна Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласында 1976 жылдың 1 тамызында дүниеге келген.
1993 жылы №7 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектепті тәмәмдап, сол жылы Жетісай Мәдениет колледжінің кітапхана ісі мамандығы бойынша оқуға түсті.1995 жылы оны үздік оқумен аяқтады.
2000-2003 жылдары Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің тарих және география пәні мұғалімі мамандығы бойынша тамәмдады.
2012 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлі- педагогикалық халықтар Достығы университетінің тарих мамандығы бойынша Магистратураға түсіп 2015 жылы педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
Рустемова Айгуль еңбек жолын 1994 жылы №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп кітапхана меңгерушісі болып бастаған.
2000 жылы «Жыл кітапханашы» аудандық байқауында бас жүлдегер атанып облыстық кезеңге жолдама алды.
2001 жылы облыстық «Жыл кітапханашысы-2001» байқауында ІІ орынға ие болды.
2005 жылдан тарих-география пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Ол әлемдік озық педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы ұлттық құндылықтарды шәкірт санасына терең меңгертетін шығармашыл мұғалім.
2009-2011 жж. мектептің әлеуметтік педагогі міндетін атқарды. Әлеуметтік зерттеу жүргізе келе оқушылардың отбасымен жұмыс жүргізіп дұрыс бағыт-бағдар беріп отырды.
2010 жылы «Мектеп оқушыларының әлеуметтік-педагогикалық жұмыс түрлерін үйлестіру жолдары » атты әдістемелік нұсқаулығы аудандық білім беру бөлімінің ғылыми кеңесінде бекітілді. Осы тақырыпта өз ойымен республикалық басылымдар арқылы бөлісіп отырды.
2011 жылдың 20 қыркүйегінен бастап мектеп директорының инновация жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Мұғалімдер мен оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып ғылыми жұмыстарға тарта білді. Нәтижесінде Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми жобалар жарысынды оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу мектеп бітірушілері үшін өмірде маңызды қадам болса, мұғалімнің өз жемісін көретін кез. Мектеп бітірушілері 100% қатысып орта балы 74 балдан аса жинаған және 34 % оқушыларымыз мемлекеттік грантқа ие болды.
Жалпы еңбек өтілі 21 жыл. Еңбек жолында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде. Соңғы 3 жыл көлемінде 30 астам мақалалар жарық көрді, республикалық, облыстық , аудандық марапаттауларға ие болуда.
18
Декабрь
0
1483

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.