[ Жаңа жазбалар · Қолданушылар · Форум ережесі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 3123»
Ұстаздар форумы » Ұстазға көмек жас мұғалімдер форумы » Жас және болашақ ұстаздар форумы » Ақыл-кеңес
Ақыл-кеңес
АсемУақыты: Суббота, 06.09.2014, 00:18 | Хабарлама # 1
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 1
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
Құрметті ұстаздар! Жас әрі тәжірибесі аз (мүлдем жоқ десе де болады) мұғалімге ақыл кеңестеріңізді айтсаңыздар.

Ескерту мен ұсыныстар немесе өз ойларыңызды. Мен өте қуанышты болар едім. Сіздердің жауаптарыңызды күтем. Көп рахмет!


ел боламын десең - бесігіңді түзе
 
ҰстазУақыты: Вторник, 18.11.2014, 21:26 | Хабарлама # 2
Лейтенант
Тобы: Администраторы
Жазбалары: 44
Награды: 3
Беделі: 2
Статус: Offline
Асем, Ұстаздықтан қиын да, қызықты мамандық жоқ,өйткені оның өлшемі- адам тәрбиелеу.Дипломы бар ұстаз -ол ұстаздың сыртқы бейнесі.Ал,нағыз ұстаздық қандай болуы керек ? Шындығында жас ұстаз өз жұмысын қалай жолға қою керек? Міне, осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітіп,өз ойымды ортаға салып көрейін. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың.Өзің шын мәніндегі оқушы болғанда ғана, кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың.Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді ,шынайы сезімтал болуды, балаларға деген шексіз
сүйіспеншілікті қажет етеді. Ұстаздың шынайы достық қарым-қатынасын ешбір оқулық алмастыра алмайды.Ұстаз киім киісімен де, жүріс-тұрысымен де ,дауыс ырғағымен де баланы өзіне баурап алуы тиіс.Мамандықтарыңызды сүйіңіз, құрметтеңіз, сол жолда адал қызмет етіңіз.Ертеңгі сабақтарыңыздың бүгінгіден де қызықты болуын ойластырыңыз. Ол үшін әрбір сабаққа ерекше шығармашылықпен мұқият дайындалыңыз.Сол жолда ізденіңіз, ешқашан ерінбеңіз,технологиялық әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданыңыз.Мұғалім міндетті түрде жазуы ке
рек, оның күнделігі болуы керек .Әр ісіне есеп беріп отыруы керек. Жазатын нәрсе өте көп. Оқып үйрену үшін де жазып отыру қажет.Жазу тоқтаса мұғалімдік те тоқтағаны.Білім сапасы -мұғалім қызметінің жемісі, шәкірт еңбегінің шыңы- шығармашылық.Шығармашылық жолға түскен оқушы- өзіндік шешім қабылдай алатын өзіне де туғандарына да ,еліне де берері мол тұлға. Әр шәкіртің осындай сапаларға жетсе ұстаз ретіндегі еңбегіңнің жанғаны.

Жауап жазған.
Логин: kusepova
Имя: kusepova
Email: kusepova62@mail.ru
 
Шынар7Уақыты: Вторник, 24.03.2015, 13:21 | Хабарлама # 3
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 13
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
ЖАС ҰСТАЗ ! Бізден кеңес сұрағаңыз үшін рақмет! Білгеніңді шәкіртіңе жеткізу жолын қарастыр! Бар білгеніңді үйрет! Сол шәкірттерің тіпті сенен де артық білетіндей етіп сара жолға салып жібер! Міне,сонда сен "нағыз  ұстаз" екеніңді алдымен өзіне сосын өзгелерге мойындата аласың.Олар ақ парақ сияқты.Сенің жанын таза болсын,ешкімді алалама! Бізде "Қызыл дипломмен" бітірдім деп,амандаспайтын қағып кете жаздайтын тарпаң ұстаздар жетеді.Білгендерің үйреткілері келмейді,не дұрыс білмейді,мен таңғалам соларға.Журналды асығыс толтырма! Аз сөйлеп,көп тыңда!
 
ManatУақыты: Среда, 25.03.2015, 13:36 | Хабарлама # 4
Полковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 216
Награды: 18
Беделі: 3
Статус: Offline
Асем, біздің өміріміздің мәні де, сәні де - бала.Салтанаты, махаббаты, мәртебесі де – бала. Бала - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол - әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға
жетпес бақыты.Сондықтан бала тәрбиесі - бүгінгікүннің өзекті мәселелерінің бірі. «Тәрбие басы –тал бесік» - дейді халық, ал баланың дұрыс өсуі, дұрыс тәлім - тәрбиеге бейімделуі-алдымен отбасына, содан
соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры   ұстаздардың қолында»- дегенінбарлығымыз білеміз.  Ал мектептегімұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай  тәрбиелейді? Теориялық білімін практикажүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды.  Бірақ  мектептердежас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуді, ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын
ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтер ұйымдастырда тәлімгердің ролі ерекше, кейде тіпті ақыл -кеңес беретін анаң сияқты. Мен де жас маман болдым, тәлімгердің кеңесіне сүйендім, өзім де үнемі ізденісте жүремін, соның нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттім, оқушыларымда жүлделі орындарға ие болды. Мен "жас маман жұмысы" атты папкаға жас маман ретіндегі мақсат- міндетімді, ұстаным, тәлімгермен біріккен  жылдық жоспар, жасалған жұмыстарымды, ашық сабақтар, өзара сабаққа қатысу дәптерін, ата- аналар жиналыстары мен тәрбие, сынып сағаттарын жинақтадым, бұл жыл соңындағы шығармашылық есеп жасауға үлкен көмек тигізді.
Іске сәт,Асем! Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» дегенекен. Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» дегенекен. Мен сенің болашақта жақсы ұстаз боларына сенемін және тілектеспін!
 
МериУақыты: Воскресенье, 29.03.2015, 20:05 | Хабарлама # 5
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 13
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
Асем, айналайын! Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдаған екенсің. Қош келдің! Ең алдымен жұмыс уақытыңды жоспарлап үйрен. Уақытыңды дұрыс бөлсең, барлығына үлгересің. 3 нарсені қатар алып жүр: ғаламтор мен айналаңдағы жақсы жаңалықтардан құр қалма; өз ісіңе күнделікті қорытынды жасап, есеп беріп отыр; оқушыларыңның талпынысы мен еңбегін әділ бағалай біл.   Мектебіңдегі әріптестеріңнің қолдауына сүйен.
 
Шынар-ТалапеденовнаУақыты: Понедельник, 30.03.2015, 17:05 | Хабарлама # 6
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 6
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
Менің ұстаздық қызметте жасағаныма 8жылдан асты. Ұстаздықтан шаршадым дейтін болсаң бұл саланы таңдап қателескендігің. Себебі осы жолды қалаған екенсің шыдымдылық,сабырлық, мейірімділік, адам жанын түсінуге ұмтыла білуің керек. Мен осыны түсіндім. Балалармен жұмыс жасау қызық және еңбегіңнің нәтижесін көргенде ғана өзіңнің тынымсыз ізденісіңнің жемісі деп біл. Болашақта өте жақсы ұстаз болуыңа тілектеспін.
 
baktygulУақыты: Вторник, 31.03.2015, 00:02 | Хабарлама # 7
Сержант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 20
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
Жас ұстаз, алдымен, тәжірибесінің аздығын, жастығын айтып, майталман ұстаздардан ақыл-кеңес сұрауыңның өзі-ұстаздық іске үлкен жауапкершілік танытуың. Екіншіден, білсем, көрсем, үйренсем деген талаптың барлығы жас болса да, ұлы іске, адам тәрбиелеуге деген ізгіліктің өзегі бар тұлға екендігіңді көрсетеді. Үшіншіден, болашақты ойлау, бұл жерде өзінің емес, өзгенің (қоғамның, елдің,жас ұрпақтың) болашағына алаңдаушылық шынайы адами болмысыңның ұстаз болуға лайық екендігіңді білдіреді. Сондықтан жұмыс барысында көре жүріп, әлі-ақ үйреніп, әріптестеріңе кеңес айтатын дәрежеге жететініңе кәміл сенемін.
 
Толыбаева_АмангүлУақыты: Вторник, 07.04.2015, 22:11 | Хабарлама # 8
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 7
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
Бірінші, бала жүрегіне жол таба білуің керек, оқушы сені жақсы көрсе, сені ұстаз ретінде қабылдай алса, қалғанын өзің-ақ үйреніп аласың. Ұстаз болу- жүректің батырлығы демекші,білгеніңді әрі қарай жетілдіріп, білмегеніңді еңбек өтілімі жоғары ұстаздардан сұрап, үнемі жан-жақты ізденісте жүрсең, бәрі ойдағыдай өтеді. Мектепте жас ұстаздың міндетті түрде тәлімгері болу керек. Тәлімгер  жоспар құрып, сол арқылы жас ұстазбен жұмыс жасайды.
 
Мадина_МулдияроваУақыты: Пятница, 10.04.2015, 13:14 | Хабарлама # 9
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1687
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Ариптесимнин ойымен косыламын, жумысынды сую керек
 
esenovaУақыты: Пятница, 10.04.2015, 23:19 | Хабарлама # 10
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Асем,сен ұстаздық мамандықты таңдағаның жақсы болған екен.Ол жүректілік,батырлық,білімділік,шыдамдылық."Ұстаз болу-өз уақытын аямау,өзгенің бақытын аялау" деген Ж.Ж.Руссоның сөзін естен шығармай,ізден,ерінбе,ұстаздар сабағына қатысып пікір алмассаң үлкен биіктіктерді бағындырасың.Сөзіме сен...

Добавлено (10.04.2015, 20:19)
---------------------------------------------
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан
Сырлары көп,әлі сыртқа шықпаған.
Шаршасада осы жолдың бойында
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам. Асем алға!

 
Мадина_МулдияроваУақыты: Пятница, 10.04.2015, 23:21 | Хабарлама # 11
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1687
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Он жылдык енбек отилим болса да, сиздин гибратты создеринизди кызыга окимын. Руссонын айтканын жадымда устаймын
 
esenovaУақыты: Пятница, 10.04.2015, 23:47 | Хабарлама # 12
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Асел,қай пәннен сабақ бересің?
 
Мадина_МулдияроваУақыты: Понедельник, 13.04.2015, 23:28 | Хабарлама # 13
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1687
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Акыл кенесинизди айта отырыныз
 
esenovaУақыты: Понедельник, 13.04.2015, 23:30 | Хабарлама # 14
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Әсел хабарласпай қалды ғой.
 
Мадина_МулдияроваУақыты: Понедельник, 13.04.2015, 23:35 | Хабарлама # 15
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1687
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Барине не болган?
 
Ұстаздар форумы » Ұстазға көмек жас мұғалімдер форумы » Жас және болашақ ұстаздар форумы » Ақыл-кеңес
Страница 1 из 3123»
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Хабарламаны жазыңыз:
Опции сообщения:
Қауіпсіздік коды:

loading...