[ Жаңа жазбалар · Қолданушылар · Форум ережесі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Ұстазға көмек жас мұғалімдер форумы » Пайдалы кеңестер » ке суының пайдасы
ке суының пайдасы
RauilahУақыты: Среда, 14.10.2015, 19:12 | Хабарлама # 1
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Сірке суын тек ас үйде емес, үй шаруасындада пайдалануға болады. Алғашында иісі қатты мүңкігенімен, артынша білінбейді.
Есесіне сірке суы — ешқандай зияны жоқ зат. Назарларыңызға оны үй жағдайында
пайдалануға мүмкіндік беретін бірнеше кеңес ұсынбақпын.
1. Тазартқыш құралдардың орнына. Мұндай көп қызметті тазартқышты 2/3 стақан
суға 1/3 сірке қышқылы мен 2 ас қасық ыдыс жуатын құралды қосу арқылы қол
жеткізуге болады.
2. Шәугім түбіндегі қақты кетіру үшін. Қақ тұрып қалған ыдысқа су мен сірке
суын құйып, аз қайнатса жеткілікті. Артынша бірнеше сағатқа қалдырып, таза
сумен шаю қажет.
3. Нан салатын ыдыстың көгеріп кетуін алдын алуда. Аптасына 1-2 рет сірке
қышқылын суға араластырып сүртіп тұрсаңыз жеткілікті.
4. Жұмыртқа асқанда. Жұмыртқаны қайнатпас бұрын аз сірке қышқылын қосып
жіберсеңіз, қабығы шытынамайтын болады.
5. Терезені жууда. Алдымен сірке қышқылы қосылған сумен сүртіп, артынша құрғақ
шүберекпен тазарту қажет. Осылайша терезеңіз айнадай жарқырайды.
6. Жағымсыз иістен арылуда Ол үшін бөлме ішіне сірке қышқылы құйылған ыдысты
қойып қойсаңыз жеткілікті. Ыдыстың қақпағы ашық тұруы тиіс. Тоңазытқыштағы
жағымсыз иісті кетіру үшін де осылай жасауға болады.
7. Гүлдер үшін. Олардың өмірін ұзартамын десеңіз, суға аз сірке қышқылы мен
қант қосу қажет.
8. Майлы табаны тазартуда. Егер қазан мен табаны тазарта алмасаңыз, ішіне бір
стақан су, сірке қышқылын араластырып құйып, 5 минут бойы қайнатыңыз.
9. Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетіруде. Туфлидің ішкі бөлігін сірке қышқылымен
сүртіңіз.
10. Кеуіп қалған фломастерлерді қайта қалпына келтіруде. Оларға екінші өмір
сыйлау үшін 1-2 тамшы тамызу жеткілікті.


Сообщение отредактировал Rauilah - Четверг, 15.10.2015, 03:38
 
esenovaУақыты: Среда, 14.10.2015, 23:54 | Хабарлама # 2
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Пайдалы кеңесіңе көп-көп рахмет!Керегімізге жарап қалар.
 
Джыкинбаева_АйнурУақыты: Четверг, 15.10.2015, 10:33 | Хабарлама # 3
Полковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 239
Награды: 18
Беделі: 3
Статус: Offline
Сірке суының көмегімен кілем ,майлықтардығы дақтарды да кетіруге болады.
 
Мырзахалықова_МағираУақыты: Пятница, 04.12.2015, 21:31 | Хабарлама # 4
Подполковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 117
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
Пайдалы кеңесіңіз жақсы екен.Рахмет!
 
ГулбарамУақыты: Суббота, 12.12.2015, 18:39 | Хабарлама # 5
Подполковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 101
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
Сірке суы көмегімен жөтелден тезірек сауығуға болады екен. Бір стақан жылы суда 1 ас қасық алма сірке суын ерітіңіз. Ерітіндімен тамағыңызды шайыңыз.
 
Ұстаздар форумы » Ұстазға көмек жас мұғалімдер форумы » Пайдалы кеңестер » ке суының пайдасы
Страница 1 из 11
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Хабарламаны жазыңыз:
Опции сообщения:
Қауіпсіздік коды:

loading...