[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 212»
Ұстаздар форумы » Жалпы бөлім » Ұстаз ата-ана оқушы » Оқушылардың ұстаздарға деген құрметі? (ұстаздардың қазіргі қоғамдағы орны туралы)
Оқушылардың ұстаздарға деген құрметі?
ҰстазУақыты: Ср, 10/Сен/2014, 00:12 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Администраторы
Жазбалары: 46
Награды: 3
Беделі: 2
Статус: Offline
Мектептегі бір оқиға: Жаңа жылға бер-екі апта қалған еді. Мектептің коридарынан сабағын аяқтаған ұстаз келе жатты. Кенет бір топ оқушылар жүгіріп келіп, жаңағы келе жатқан ұстазды итеріп құлатып кетті. Ұстаздың тізесі шығып кетті. Өкінішке қарай ұстаздың жарасы ауыр болып жаңа жылды үйінде қарсы алды.

Жаңағы баланың ата-анасы байқамай жүрген ұстаздың өзі кінәлі деп баласын ақтап шықты. Ал ұстаз гипспен жүруге мәжбүр.

Сонда осы жағдайға кім жауап беру керек? Соңғы кездері барлық мектептегі жағдайға ұстаздар кінәлі болып жүр, оның себебі неде?

Дәл осы ұстаз бен оқушының орнын ауыстырса не болатынын бәріміз білеміз.


ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла


Ұстаздар сайтының бас редакторы. Жоба авторы
 
айбибіУақыты: Сб, 22/Ноя/2014, 10:17 | Хабарлама # 2
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 1
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
Бала тәрбиесінде ата-ананың ролі әлсіреп кетті, жауапкершілікті ұстаздарға артып қойып, баласының бойындағы бар кемшілікті ұстаздан көреді.
    Құрметті ұстаздар қауымы ата-анамен жұмысты жақсылап қолға алсақ, бұл проблема шешілетініне күмәнім жоқ. 
    Баса көңіл бөлтін бір мәселе, әкенің бала тәрбиесінде алатын орнын насихаттайық!
Балаларды бірінші тәрбиелейік сосын білім берейік."Тәрбиесіз берген білім адамзат баласының қас жауы "
осыны дұрыс түсінсек жұмысымыздың оң нәтижесін көреміз.


экономика пәні мұғалімі
 
Шынар7Уақыты: Вт, 24/Мар/2015, 09:59 | Хабарлама # 3
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 13
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
Біздің қоғам бар ауыртпалықты мұғалімге жүктеп қойғандай, бала оқымаса да,бұзақылық жасаса да   ... ұят емес пе?! Баланың бас ұстазы - ата-анасы екенін естен шығармалық. Осы біздің қоғам қайда бет алып барадыы.Бәрі үйдегі тәрбиеден басталады, отырып алып ұстаздарды  сөккенше ,бір мезгіл баласының сабағына қатысып,тәртібін қадағаласа ғой шіркін! Ол баладан  болашақта қай бір онды азамат шығар дейсің?Бұл неткен сорақылық?! Сонда мұғалім көзін жауып жүрмеген шығар?! Бұдан артық төмендету болмас мұғалім беделін
 
ManatУақыты: Ср, 25/Мар/2015, 14:04 | Хабарлама # 4
Полковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 215
Награды: 18
Беделі: 3
Статус: Offline
Дұрыс айтасыздар, сіздермен толықтай келісемін. Қазіргі кезде күнде теледидардан осыған ұқсас бірнеше оқиғалардың куәсі болып жүрміз. Бәрінің айтары бір," Ұстаздар кінәсі". Ал, шын мәнінде, ақша табамын деп балаға көңіл аудармай, бесікте жатқанда бесік жырын айтпай, өзі қолына телефон алып интернетте отыратын, ата мен әже тәрбиесін естен шығарған жас ата - аналар өздері қателік жібергенін түсінбейді де.Олардың ойынша, бала тәрбиесі, баланың айтқанын орындап, жастайынан қолына қымбат ұялы телофон (компьютер) сатып  алып интернеттен түрлі қорқынышты ойындарды ойнауға рұқсат беру, балаға деген махаббатты ақшамен есептеу, қоғамдағы қатыгездікті өздері туындатады.. .
 
МериУақыты: Вс, 29/Мар/2015, 20:34 | Хабарлама # 5
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 13
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
Қазіргі кезде ата-ананың жауапкершілігін арттыратын қаулылар қабылданып жатыр, салынатын айыппұл көлемі өсті. Бұл мұғалімге деген ата-ананың көзқарасын өзгертпесе де, ойлантатын шыгар..
 
Шынар-ТалапеденовнаУақыты: Пн, 30/Мар/2015, 16:27 | Хабарлама # 6
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 6
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
Иә, қазіргі таңда ұстаз мәртебесінен гөрі баласының беделін жоғары қоятын ата-аналар табылатындығы көңілге қаяу түсіреді. Бар мәселеге тек ұстаз ғана жауапты дегеннен аса алмай баласының немен айналысып кімдермен араласып жүргенінен бейхабар екендіктерін мойындағысы келмейді. Бала тәрбиесін тек мектепке артып қоймай , ата-ана мектеп болып бірге қолға алғанда ғана қоғамдағы ұстаздың да, оқушылардың да өз аттарына лайықты болар еді.
 
baktygulУақыты: Вт, 31/Мар/2015, 00:08 | Хабарлама # 7
Сержант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 20
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
ҰСТАЗДЫ бағзы заманнан құрмет тұтқанын баршамыз білеміз. Алайда, қазіргі өзгермелі заманда ұстаздың қоғамдағы беделі туралы мәселе болып қаралып жатыр. Менің ойым, алдымызда отырған балалар қанша жерден білімі, тәрбиесі нашар болса да, нағыз ұстаз баланың көңілін таба білу керек, сонда ғана мұндай кикілжіңдер туындамас еді. Ұстаздар, "Бәрі өз қолымызда"
 
Нурпейсова_БануУақыты: Вт, 31/Мар/2015, 11:32 | Хабарлама # 8
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 473
Награды: 19
Беделі: 3
Статус: Offline
Барлықтарыңыз дұрыс айтасыздар. Қазір оқушыларға 1 апта сабақ беріп одан соң өзге мұғалім сабақ беретін болса, сені ұмытып кетеді. Тіптен өзіңнің күнде оқытып жүрген оқушыларың да бірде сәлем берсе, бірде көрмегендей кете барады. Бұған кім кінәлі??? Ұстаз ба, ата-ана ма, әлде қоғам ба?
 
890728400929Уақыты: Вт, 31/Мар/2015, 15:45 | Хабарлама # 9
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 54
Награды: 0
Беделі: 0
Статус: Offline
Әрине бәрі дұрыс бұған кінәлі әрине ата-ана тәрбиесі қазіргі ата-аналар жұмыс жұмыс деп балаларына қарауға мұршалары жоқ.Қандайда жағдай бола қалғанда баласынын сөзін растайды емеспе ертеде біз қандай болдық "Ұстазым" деп біз алыстан тұра қалып құрметтегенбіз!

Сообщение отредактировал 890728400929 - Вт, 31/Мар/2015, 15:46
 
Нурпейсова_БануУақыты: Ср, 08/Апр/2015, 15:08 | Хабарлама # 10
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 473
Награды: 19
Беделі: 3
Статус: Offline
Мектептегі жиналысқа ата-аналар не себепті келмейді немесе аз бөлігі ғана келеді?Ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырт қарауы ма әлде мектептің кінәсі ме?Сіздің пікіріңіз?

Добавлено (08.04.2015, 12:08)
---------------------------------------------
Мұғалім баланың өмір қауіпсіздігіге (мектептен үйіне дейін,демалыс кезіндегі) жауапты ма? Мектептен тыс уақытта баланы қалай қадағалаймыз? Ұстаздар өздеріне көп ауыртпалық жүктеп алмады ма?

 
Мадина_МулдияроваУақыты: Пт, 10/Апр/2015, 18:26 | Хабарлама # 11
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1677
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Кыркуйек басталганда ар ата анадан саб.Кейн баламнын каупсиздигине озим жауаптымын деген кагазга кол койгызып алыныз
 
esenovaУақыты: Пт, 10/Апр/2015, 19:49 | Хабарлама # 12
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Әріптестер! Ата-ана алдында беделімізді түсірмей,бірден қаталдау көрінсеңіз, олар көп әріге бармайды.Олармен жақсы байланыста болу қажет.Мектептің қоғамдық жұмыстарына көбірек қатыстырып,тапсырмаларды көбірек берсеңіздер оларда түсінеді ғой.
 
Мадина_МулдияроваУақыты: Пт, 10/Апр/2015, 21:37 | Хабарлама # 13
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1677
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Ия, жас мугалимдер ата анамен байланысты колга коп ала бермейди.
 
esenovaУақыты: Сб, 11/Апр/2015, 00:37 | Хабарлама # 14
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Сыныптың арын ойлаймын.
Ата-анамен байланысты қолдаймын
Жетуім керек,ұлы биік мақсатқа,
Ерінбеймін,жету үшін жақсы атқа.
 
Мадина_МулдияроваУақыты: Сб, 11/Апр/2015, 15:04 | Хабарлама # 15
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1677
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Осындай олен жолдарыныз Биз сиякты устаздарды шабыттандырады
 
Ұстаздар форумы » Жалпы бөлім » Ұстаз ата-ана оқушы » Оқушылардың ұстаздарға деген құрметі? (ұстаздардың қазіргі қоғамдағы орны туралы)
Страница 1 из 212»
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Хабарламаны жазыңыз:
Опции сообщения:
Қауіпсіздік коды:
загрузка...