[ Жаңа жазбалар · Қолданушылар · Форум ережесі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Жалпы бөлім » Ұстаз ата-ана оқушы » Дәмді тағам дайындау құпиялары
Дәмді тағам дайындау құпиялары
RauilahУақыты: Четверг, 21.05.2015, 23:38 | Хабарлама # 1
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Әйелдер үшін ас үй бөлмесі - ең көп уақыт өткізетін мекен.Жақындарымызға дәмді тағам жасау үшін ,ең алдымен ас үй құпияларын біліп алғанымыз жөн.сіздің қандай құпияларыңыз бар ,ой бөлісейік .
 
esenovaУақыты: Пятница, 22.05.2015, 09:46 | Хабарлама # 2
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Барынша тамақты дәмді етіп дайындауға тура келеді,үйде 3 адамбыз.Ет,балық пісіру,қуыру,түрлі салаттар қысы-жазы.Көбіне жолдасым екеуіміз тәттіні қатты жақсы көреміз.Ал суши,пицаға заказ береміз.Ал бауырсақ,торт демалыс күндері қолым бос,керек кезде ғана пісіремін.
 
RauilahУақыты: Суббота, 23.05.2015, 01:57 | Хабарлама # 3
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Сүзбе қосылған дәмді құймақ.  Дайындалу әдісі: Тостағанға жұмыртқа, қант, ас содасы, тұзды салып әбдан миксермен араластырамыз. Артынан сүт/су құйып тағы араластырып, ұн қосамыз. Барлығын бір қалыпты массаға келтіргеннен соң бір ас қасық сұйық май қосамыз.Дайын болған сұйықтықты қызып тұрған табаға ас қасықпен құйып,кішігірім құймақ жасаймыз.Таба қызғанда бір шәй қасық сұйық май қосып жібергеніңіз абзал!Құймақтардың барлығына сары май жағып шығамыз. Артынан сүзбені аздаған қаймақпен және қантпен араластырып, құймақтардың арасына саламыз.Астарыңыз дәмді болсын.
 
esenovaУақыты: Суббота, 23.05.2015, 21:16 | Хабарлама # 4
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Рахмет!Осындай өз тамақ дайындаудағы тәжірибемізді ортаға салайық достар.
 
RauilahУақыты: Суббота, 30.05.2015, 15:33 | Хабарлама # 5
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Шамасы, пицца тағамынынан дәм татып көрмеген адам арамыздакем де кем шығар. Дегенімен, пиццаның қашан және қайда пайда болғанынкөпшілігіміз біле бермейтініміз анық. Аңыздардан білуімізше, пицца — Италияхалқының ұлттық тағамы болып табылады. Осынау, дәмі мен сәні үйлесімтапқан пиццаның бүгінде неше бір түрі баршылық. Фастфуд, дәмханаларда әжептеуір
бағамен сатылатын аталмыш тағамды үй жағдайында шамаңызға қарай дайындайаласыз. Бастысы, тағамға керек қоспалардың бірқатары өз бақшаңыз бентоңазытқышыңыздан табылады.
Пицца үшін қажетті өнімдер: Болгар бұрышы; Зәйтүн; Қызанақ; Шұжықша (сосиска); Сыр;Кетчуп; Майонез; Сәйкесінше, болгар бұрышы, шұжықша, қызанақ, зәйтүндердімайдалап турап алыңыз. Егер отбасы мүшесі ішінде болгар бұрышын ұнатпайтындар
табылып жатса, қоспай-ақ қоюға болады немесе зәйтүнді.... Пиццақамырына келер болсақ, әдетте мен нан жабу үшін ашытылған қамырдан аламын.Яғни, кез келген ашытылған қамыр үй жағдайындағы пицца үшін жарамды болып табылады. Қамырды 1 см көлемінде жайып алыңыз да қыздырылған формаға салыңыз.Сәйкесінше асты жабыспайды, жабысады-ау деген күдік ұяласа майлауыңызға болады: Қамыр бетіне еңалдымен кетчуп жағыңыз. Ал одан кейін қалауыңыз бойынша кез келген өнімді
орналастырып шығуыңызға болады. Тек майонезден кейін сырды үккіштен өткізіп,себіңіз. Мен кетчуптен кейін шұжықша, болгар бұрышы, қызанақ, майонез, сыр,зәйтүн салдым: Мұнан кейін, пиццаны 180/200 градустағы пешке 30-40 минутшамасында пісіріп аласыз. Құпиясы! Егер аталмыш көкөністердің орналасу ретін өзгертетін болсаңызпицца көрінісі өзгерумен қатар дәмімен де ерекшеленер еді. Мысалы, мен екіншіпиццаны пісіру барысында қамыр үстінен кетчуп, сосиска, майонез сыр, қызанақ,
зәйтүн, болгар бұрышын салдым. Жоғарыдағы пиццамен өнімдері бір болғанымен,дәмі өзгешелікке ұшырады: Астарыңыз дәмді болсын!


Сообщение отредактировал Rauilah - Суббота, 30.05.2015, 15:34
 
esenovaУақыты: Суббота, 30.05.2015, 21:37 | Хабарлама # 6
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Қолың дәмді тағам дайындаудан талмасын.
 
RauilahУақыты: Воскресенье, 31.05.2015, 00:20 | Хабарлама # 7
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Айтқаныңыз келсін.Асыңыз дәмді, өміріңіз сәнді болсын.
 
esenovaУақыты: Понедельник, 01.06.2015, 14:38 | Хабарлама # 8
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Әумин!

Добавлено (01.06.2015, 11:38)
---------------------------------------------
Ас-адамның арқауы.Ендеше қолдарыңа дерт бермесін!

 
RauilahУақыты: Вторник, 02.06.2015, 01:11 | Хабарлама # 9
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Демалысқа шыққан соң пісіріп қараңыз.Нәтижесін айтасыз ғой.
 
Жазира-ДарханУақыты: Вторник, 02.06.2015, 10:38 | Хабарлама # 10
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
Қыстай пицца, пирог, дәмді тоқаштар жасап жүргенмін. Жадырап жаз келгелі, балапандарыма сиыр сауып, қаймақ, сүзбе, айран, құрт жасап беріп жүрмін, біз сөзбен айтқанда - бәрі де табиғи таза тағамдар. Балалардың иммунитетін  көтеруге көмектесетіні  сөзсіз.

Добавлено (02.06.2015, 07:38)
---------------------------------------------
Мен пиццаны тәп-тәуір әзірлеймін. rah Бұл менің біріншіден балаларымның, екіншіден әріптес құрбыларымның пікірі. Пісіріп үйренгеніме біраз жыл болды, қызым мектепке жәрмеңке болса үнемі пісіртіп алып апарады. Пицца - дәмді, тойымды  тағам.

 
ЛаззатУақыты: Вторник, 02.06.2015, 13:48 | Хабарлама # 11
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 385
Награды: 17
Беделі: 2
Статус: Offline
Мен иісін бұрқыратып сүр ет асқанды ұнатамын.Сонымен қатар қолдан құрт,балқаймақ қайнату-сүйікті жұмысым үйдегі
 
Ұстаздар форумы » Жалпы бөлім » Ұстаз ата-ана оқушы » Дәмді тағам дайындау құпиялары
Страница 1 из 11
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Хабарламаны жазыңыз:
Опции сообщения:
Қауіпсіздік коды:

loading...