Сайт учителя начальных классов
.
  • Страница 1 из 1
  • 1
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Жалпы бөлім » Білім жүйесі » Толқын
Толқын
Жазира-ДарханУақыты: Вт, 02/Июн/2015, 12:37 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
Айнала шетсіз, толқыған теңіз жағасы,
Көз жетпес шалқар ол жақ пен бұл жақ арасы.
Тып-тыныш мекен, қызығатының таңданып,
Ақ шағала мен ақ толқындардың таласы.

Шағала көктен шаншылып суға найзадай,
Жемтігін іліп қайта ұшады ой бәле-ай!
Үздіксіз келіп жағаны ұрып жай таппай,
Асау толқынның бір тыным таппай қойғаны-ай! 

Ақ толқындар-ай, қайтпайсың әсте қалжырап,
Сан рет көкке шапшисың тағы сан құлап.
Қайтпас руxыңа таңданам әрі тәнті боп,
Саған қарасам сыздайды жүрек қан жылап...

 Сендегі руx, сендегі қайсар мінез де,
Ғайып болған ба бойымнан мына лезде?!
Күндерім қайда озық болуға ұмтылған?
Айналдым ба әлде амалсыз қалған бір езге?!

 Жоқ, жоқ емес, бойымда жалын сөнген жоқ,
Тірімін әлі, әзірге аман, өлгем жоқ.
Тек біраз жігер, сенімім болса толқындай,
Ұмтылып алға, аларым әлі жерден көп.

 Ақ, асау толқын, тыңдашы мені тыншып бір,
Үйретші мені, қайсарлығыңа тұншықтыр.
Тұлпардай тулап шабайын алға шаршамай,
Әйтпесе, қазір ой менен бой құр тыншып тұр.

Өтейін сенің әр ерлігіңнен нәр алып,
Тұрса да мейлі басымда түнек қара бұлт.
Сенім мен асқақ шабытты берген толқындар,
Жарқын болашаққа қолдасып бірге баралық!
 Авторы: Нұрғазы НҰРБОЛАТ


Сообщение отредактировал Жазира-Дархан - Вт, 02/Июн/2015, 12:40
 
esenovaУақыты: Вт, 02/Июн/2015, 13:44 | Хабарлама # 2
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Рахмет!Неткен поэзия десеңші?
 
Жазира-ДарханУақыты: Вт, 02/Июн/2015, 17:35 | Хабарлама # 3
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
Осы өлең жолдарын оқып, отырғанда "Бойдағы қаның, миға  шапшып", толқындай тулап кетеді-ау шіркін!!!
 
esenovaУақыты: Вт, 02/Июн/2015, 22:41 | Хабарлама # 4
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Аңсайды жүрек толқындай шалқып
Аңсайды жүрек өзіне тартып   дегендей асау толқындай құбылмалы қысқа ғұмырла" сіз" "бен" біз болып сыйласып,бақытты өмір сүрейік!

Добавлено (02.06.2015, 19:41)
---------------------------------------------
(ғұмырда)

 
RauilahУақыты: Ср, 03/Июн/2015, 02:00 | Хабарлама # 5
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Сенім мен асқақ шабыт барда,  жігер мен сенім болса   жарқын болашаққа ұмтылайық!
 
esenovaУақыты: Ср, 03/Июн/2015, 15:00 | Хабарлама # 6
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Шабытымыз шалқып тұрған шақтарда,
Жігер менен сенім болғай санаңда,
Сол сананың іске асуына  алаңда  
Болашаққа ұмтылады балаңда...
 
ЛаззатУақыты: Пн, 13/Июл/2015, 20:35 | Хабарлама # 7
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 384
Награды: 17
Беделі: 2
Статус: Offline
Каспийдің толқыны соғады жағаға.( Əн аға əнінен)

Толқын ойнап көлдің бетін тербетті
Жаңбыр жауды нөсерлетті,селдетті
Көрдім-дағы найзағайдың жасынын
Сені ойладым аңқылдаған асылым
 
esenovaУақыты: Вт, 11/Авг/2015, 21:44 | Хабарлама # 8
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
ТолқынТолқыннан толқын туады,Толқынды толқын қуады,Толқынмен толқын жарысад.Күңіренісіп кеңеспен,Бітпейтің бір егеспен,Жарысып жарға барысад.Толқын мен толқын сырласып,Сырларын ептеп ұрласып,Толқынға толқын еркелеп,Меруерт көбікке оранып,Жыландай жүзге бұралып,Жарға жетер ентелеп.Ерке бала былдырлап,Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,Толқынды толқын қуады.Күміс кәусәр суымен,Суының алтын буымен,Жарының бетін жуады.Мөлдіретіп көз жасын,Жасымен жуып жартасын,Сүйіп сылқ-сылқ күледі.Арсы-Алла тағы.Жылағаны-күлгені,Күлгені оның-өлгені,Жылай, күле өледі.Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,Бірінің сырын бірі ұрлап,Толқынды толқын қуады.Жарына бал береді,Береді де өледі,Өледі толқын, тынады.Мағжан Жұмабаев
 
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Жалпы бөлім » Білім жүйесі » Толқын
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: