[ Жаңа жазбалар · Қолданушылар · Форум ережесі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Жалпы бөлім » Білім жүйесі » Туған күнге тілек.
Туған күнге тілек.
Жазира-ДарханУақыты: Вторник, 19.05.2015, 11:56 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
Арманның алыс жолдарынан жұқтырдым,
Аяғымның мына ақ шаңын.
Тірліктің базарына бардым,
Көшесін кесіп ақшаның.
Бірақ, саған ұсынатындай 
Ешбір тарту таппадым.
Кірлемеші, аппағым!

Ғалам бай ғой,
Сәл ойланып, жан-жағыңа қарашы.
Көңіл-ауа, өлшене ме аясы?
Бабам айтқан, он сегіз мың ғалам бар,
Бәрін саған тарту етем,
Бері таман таяшы.

Айды да тарту етпек ем,
Өзің -дағы Айдайсың,
Оған риза болмайсың.
Күнді де тарту етпек ем,
Күннің көзі тым ыссы,
От -жалын ғой тынысы.

Ал жоны жуан жомарт деп
Жерді де тарту етпек ем.
Жерге зәру сендей "Жібек" пе?!
Жібектің орны жүректе.
Ендеше жүрегімді ұсынамын heart
Құндақталған тілекке!

Оралбай Кәметияұлы
 
Ұстаздар форумы » Жалпы бөлім » Білім жүйесі » Туған күнге тілек.
Страница 1 из 11
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Хабарламаны жазыңыз:
Опции сообщения:
Қауіпсіздік коды:

loading...