Сайт учителя начальных классов
.
  • Страница 1 из 1
  • 1
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Сайт бөлімдері мен пәндер бойынша сұрақ жауап » Информатика пәні сұрақ жауап » Информатика пәнінен 5-сыныпқа орта мерзімді сабақ жоспары (Информатика пәнінен 5-сыныпқа орта мерзімді сабақ жоспары)
Информатика пәнінен 5-сыныпқа орта мерзімді сабақ жоспары
ИндикошУақыты: Чт, 29/Янв/2015, 17:59 | Хабарлама # 1
Рядовой
Тобы: Тіркелгендер
Жазбалары: 1
Награды: 1
Беделі: 0
Статус: Offline
Информатика пәнінен 5-сыныпқа  орта мерзімді сабақ жоспары
Жазба
Орта мерзімді жоспарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген  Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты басшылыққа ала отырып құрдым. Қосымша практикалық тапсырмалар  мен дидактикалық материалдарды да қолдандым.
Сындарлы оқыту курсынан алған теориялық білімімнен кейін, алған теориямды практикамен ұштастырдым. Бұрын күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тараудың және тақырыптың мақсатын, күтілетін нәтижесін жазбайтын едім, ал қазіргі орта мерзімді жоспарымды құрғанда барлығы жоспарланған іс-әрекетке сәйкес нақты жазамын. Сонымен қатар оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формалары, барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары, оқушылардың оқып үйрену барысын бағалау формативті және суммативті бағалау тәсілдері анықталып, жазылады. Бұл қысқа мерзімді жоспарды жазған кезде өте тиімді  деп есептеймін.  Себебі онда тақырыпты меңгертудегі мақсатым, күтілетін нәтижем және қай тақырыпта  қандай  әдіс-тәсілдер қолданатыным анық көрініп, нұсқау беріп  тұрады және қысқа мерзімді сабақ  жоспарын  құрғанда уақытты үнемдеуге көп көмегін тигізеді.  Орта  мерзімді жоспар құруда 7 модулді ықпалдастыруды, бір тарауға жоспар құруды, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйрендім.  Болашақта үнемі  7 модулді сабақтарға кіріктіріп, уақытты үнемдеуде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануды ескеремін. Оқыту үшін бағалау модулінің әр түрлілігіне баса назар аударып әр сабақта түрліше тәсілдер қарастырдым. Жаңа форматтағы сабақтар оқушыларға еркін сөйлеуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын айтуға, жеке тұлға ретінде ашылуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруда берері мол деп есептеймін.
Жүктеу: _5_.rar (27.8 Kb)
 
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Сайт бөлімдері мен пәндер бойынша сұрақ жауап » Информатика пәні сұрақ жауап » Информатика пәнінен 5-сыныпқа орта мерзімді сабақ жоспары (Информатика пәнінен 5-сыныпқа орта мерзімді сабақ жоспары)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: