[ Жаңа жазбалар · Қолданушылар · Форум ережесі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Барлық айдарлар қазақша форум » Денсаулық және сұлулық - қазақша форум » Жақсы адам тек жақсылықты көреді./үнді мақалы/ (керемет айтылған.)
Жақсы адам тек жақсылықты көреді./үнді мақалы/
Жазира-ДарханУақыты: Вторник, 02.06.2015, 18:18 | Хабарлама # 1
Лейтенант
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 65
Награды: 17
Беделі: 3
Статус: Offline
Кез келген ұлттың өз даналығы мен ұлағаты болады. Үндістер де мұндай рухани байлықтан әсте кенде емес.

Жақсы адам тек жақсылықты көреді.

Өзіңе-өзің құлақ асып, өз-өзіңді тыңдау үшін де тыныштық керек.

Мылжыңға қарағанда көп сөйлемейтіндер екі есе ақылды болады.

Біреудің кемшілігін талқылай бергенше, өзіңе де көз салып қой.

Сен бақыттысың ба? Демек, өз Отаныңда өмір сүріп жатқаның.

Жұрттың көңілін өзіңе аудару үшін биікке шығуың керек.

Дұшпан үнемі дұшпандығын жасай бермейді, дос та үнемі достыққа адал бола бермейді.

Бала – үйіңе келген қонақ: тамағын бер, тәрбиеле, сосын жібер.

Балаңмен тамақтанып отырған кезде сөйлес. Сонда өзің үйден кетсең де, сөзің қалады.

Бақа өз шалшығын ішпейді.

Маған бірдеңе айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімнен шығып кетеді. Одан да мені сол іске баулы – сонда ғана түсінемін.
 
esenovaУақыты: Вторник, 02.06.2015, 20:21 | Хабарлама # 2
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2186
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Қазақи даналыққа сүйенсем:

Жақсы кісі қартайса да
Ақылынан танбас.
Жақсы ат қартайса да
Жүрісінен танбас.

Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай. 
Батырмын деп мақтанба 
Жеңіп қайтпай.

Ақ сауыттың жағасы бар 
Жеңі жоқ.
Шын жақсының ашуы бар
Кегі жоқ.
 
ЛаззатУақыты: Пятница, 10.07.2015, 11:10 | Хабарлама # 3
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 385
Награды: 17
Беделі: 2
Статус: Offline
Жақсы адамның ашуы жібек көйлек кепкенше,жаман  адамның ашуы басы  көрге жеткенше.
Жақсының  жақсылығын айт, нұры тасысын,жаманның жамандығын айт, құты қашсын.
 
Джыкинбаева_АйнурУақыты: Пятница, 10.07.2015, 18:47 | Хабарлама # 4
Полковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 239
Награды: 18
Беделі: 3
Статус: Offline
Жақсы адам-жұрттың ырысы.

Жақсылығы жоқтан,
Жақсы бақыт қашады.

Жақсы адам алғыс алар,
Жаман адам қарғыс алар.
 
Ұстаздар форумы » Барлық айдарлар қазақша форум » Денсаулық және сұлулық - қазақша форум » Жақсы адам тек жақсылықты көреді./үнді мақалы/ (керемет айтылған.)
Страница 1 из 11
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Хабарламаны жазыңыз:
Опции сообщения:
Қауіпсіздік коды:

loading...