Сайт учителя начальных классов
.
  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Барлық айдарлар қазақша форум » Қазақша ән, музыка » Ырымдар мен тыйым сөздер жарысы. (Тез ойланып,жауап беріп,көрелік!)
Ырымдар мен тыйым сөздер жарысы.
RauilahУақыты: Вт, 26/Май/2015, 18:46 | Хабарлама # 16
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Қонақ келген күні мал төлдесе, қонаққа киіт кигізіп, «ақжолтай қонақ» деп, құрметпен шығарып салады. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сөз осындайдан шықса керек.Тағы да қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдайды екен.
 
Мадина_МулдияроваУақыты: Вт, 26/Май/2015, 22:14 | Хабарлама # 17
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 1677
Награды: 16
Беделі: 3
Статус: Offline
Ия осыны бари билсе гой
 
RauilahУақыты: Ср, 27/Май/2015, 01:56 | Хабарлама # 18
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Қонақ болып барған үйде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды.
«Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады деп сенген.
 
esenovaУақыты: Ср, 27/Май/2015, 17:19 | Хабарлама # 19
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Тағыда жазыңдаршы қыздарым,білгенім бір тоғыз,білмегенім тоқсан тоғыз екен....
 
RauilahУақыты: Ср, 27/Май/2015, 18:12 | Хабарлама # 20
Генерал-майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 285
Награды: 20
Беделі: 3
Статус: Offline
Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз..
  • Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.
  • Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
  • Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.
  • Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.
  • Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.
  • Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
  • Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады.
  • Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
 
Джыкинбаева_АйнурУақыты: Чт, 27/Авг/2015, 18:19 | Хабарлама # 21
Полковник
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 238
Награды: 18
Беделі: 3
Статус: Offline
Жүкті әйел болса, біреудің үйне өз дастарқаннынан апарған дәмді «қыз  тауып қоям» деп жемейді..
Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты кемиді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп  ырымдалады.
Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды.

Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын төрге қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Бұл «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» дегенді білдіреді.



Сообщение отредактировал Джыкинбаева_Айнур - Чт, 27/Авг/2015, 18:20
 
Қасымова_ӘлимаУақыты: Чт, 27/Авг/2015, 20:59 | Хабарлама # 22
Майор
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 94
Награды: 14
Беделі: 2
Статус: Offline
ыдыстағы судың бетін ашық тастама .
жүреңнен отырма .
Айға қолыңды шошайтпа.
Тізеңді құшақтама.
Адамды қолмен санама .
Үлкеннің алдын кеспе .
Күн батқанда ақша берме .
Жастықты баспа.
Бас киімді лақтырма.
Екіқабат әйелге итке кет деп айтуға болмайды .
 
esenovaУақыты: Чт, 27/Авг/2015, 21:49 | Хабарлама # 23
Генералиссимус
Тобы: Сайт ұстазы
Жазбалары: 2174
Награды: 26
Беделі: 4
Статус: Offline
Рахмет қыздарым
 
Ұстаздар форумы, білім беру форумы » Барлық айдарлар қазақша форум » Қазақша ән, музыка » Ырымдар мен тыйым сөздер жарысы. (Тез ойланып,жауап беріп,көрелік!)
  • Страница 2 из 2
  • «
  • 1
  • 2
Поиск: