Басты бет » 2015 » Февраль » 24 » Жоспарлау әдісі туралы түсінік
16:50
Жоспарлау әдісі туралы түсінік
загрузка...
Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый замысел» деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды.
1. Ең біріншіден жобалау әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. «Жоба» (лат.)- алдында жүретін. Яғни қандай да жоба болса да алға жүретіні сөзсіз.«Әдіс»- белгілі бір мақсатқа жету үшін практикалық немесе теориялық білімдердің ізденудегі жұмысы, дидактикалық категория. Жобалау әдісі бұл- белгілі бір мәселені оқу-әдістемелік білімді негізге ала отырып түпкілікті құрылымын айқындау арқылы шешу. Жобалау әдісін басқаша мәселе әдісі ретінде де танимыз, себебі белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселені шешуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жобалау әдісін мұғалімдердің жобалық оқытуында қолданылатын педагогикалық технология деп түсінеміз.
2. Әлемдік педагогикада жобалау әдісі жаңа емес. Ол 1920 жылы АҚШ-та пайда болған.
Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.
Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.
3. Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей:
- Оқыту жобасының классификациясын таңдау
- Жоба презентациясын дайындау
- Жобаға баға беру критериилерін айқындау
- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру
- Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау
Қазіргі кездегі оқу жобаларының түрлері (оқушылардың қызығушылығына негізделген):
- практикалық
- ғылыми жобалау
- ақпараттық
- шығармашылық
- рольдік
Құрамы бойынша мини-жоба, моно-жоба пәндік және пәнаралық болып бөлінеді. Мини-жоба бір пән негізінде ғана ұйымдастырылса, пәндік жобалар факультативтік сабақтар аясында қолданылады. Ал пәнаралық жоба бірнеше пән негізінде құралады.
Қатынас құралы бойынша дара және топтық болып бөлінеді. Өз алдына топтық: сыныпішілік, мектепішілік, аумақтық және халықаралық болып бөлінеді. Ұзақтығына байланысты мини-жоба- 1 сабақтық, қысқа- 4-6 сабақтық, апталық- 30-40 сағаттық, ұзақ немесе жылдық- дара немесе топтық жобалар міндетті түрде сабақтан тыс жүргізілуі керек.
Жобалар презентациясының түрлері: ғылыми жұмыс, іскерлік ойын, видео-фильм көрсету, экскурсия, бағдарлама, ғылыми конференция, театр көрсетілімі, тарихи немесе әдеби диалогтар, спорт ойыны, спектакль, жарнама, пресс-конференция.
Ал жобалау әдісінің практикалық бөлімін қарастырсақ бұл жерде жоба дайындау қажет ақпаратты жинақтау,рәсімдеу кезеңдеріне назар аударатын сабақ жоспарлары мен дебат пікірсайысына дайындық кезеңдерін атап өтейік. Негізгі жоба тақырыбы оқушы өзі қызығушылығына орай таңдайды,бірақ бағыт-бағдарды әрине мұғалім береді.
. Оқушылардың жобалау жұмыстары мұғалімнің қойған мақсатына негізделеді. Мұғалім ұсынады, ал оқушылар бар ынтасымен орындайды. Осындай жобалау жұмыстарында ең негізгісі іске асыру болып табылады. Бағалау да осы іске асыру, оның креативтілігі мен сапасына негізделеді.
Бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Жобалау жұмыстары сабақтан тыс жүргізіліп, пәндік тұрғысынан да шығып кетеді. Осының нәтижесінде оқушылар арасындағы және мұғалімдермен қарым-қатынасы өзгереді. Жобалау жұмыстарының нәтижесін алдын-ала білмеген соң, баға идея, оның іске асуы, жобалау нәтижелерінің практикалық қолданануы және де ынтаға қойылады. Жобалау жұмысына қойылған баға арқылы оқушы өзіне баға беріп, өзін көп жақтардан тани бастайды. Бірақ жобалау жұмысының нақты жүргізілуі үшін мектеп мұғалімдерінің барлығының жұмысы керек. Жобалау жұмысын жүргізу үшін уақыт, лаборатория, шеберхана, кітапханада өзіндік жұмыс жүргізуге мүмкіндік, топпен жиналып консультация алу үшін уақыт бөлу керек.
Ал орта мектепте бастауыш пен негізгі мектепте алған білімдері жобалау жұмысының негіздерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушы мақсат қойып, нәтижеге жету үшін қолданатын бар ресурстарды бағалап, өзінің шешімдерінің дұрыс және бұрыс жақтарын көріп, нәтижесінің алдын алуды жобалау жұмыстарында қолдана алады. Жобалаудың іске асу нәтижесі оқыту үрдісіндегі оқушының өз жолын өзі таңдауы болып табылады. Өзі таңдау жасап отырып, нәтижесіне өзі жауапты болады. Бұл жерде уақытты, бағаларды, нәтижені ескеріп отыру қажет.
Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1138 | Қосты: Воронова_Куляим | Ілмек сөздер: әдісі, жоспарлау | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 57
Қонақтар: 57
Тіркелгендер: 0