Басты бет » 2015 » Февраль » 15 » "Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"
23:53
"Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"
загрузка...
"Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"

"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"
Алибекова Тарбия Кантургановна І деңгейлі сертификат иегері,жоғары санатты тарих пәні мұғалімі.

Мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен әлемдік деңгейде өзіндік орнын алуы үшін мектеп мұғалімдерінің шәкірт тәрбиелеу мен оқытудағы оң нәтижесіне арқа сүйейді."Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш еті.Сондықтан тәуелсіз елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл өз кезегінде оқу-тәрбие үрдісіне елеулі өзгерістер енгізуі анық.Себебі,білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің мазмұны жаңарып,жаңаша көзқарас қалыптасуда.Бүгінгі білім беру жүйесіндегі қажет болып отырған жаңару мұғалімдер алдына үлкен міндеттер жүктейді.Мұғалім әрбір оқушының қабілетіне қарай білім бере отырып,оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін жаңартылған педагогикалық бағдарламаны меңгеруі тиіс.Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді.Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курстары әзірлеген бағдарламалар оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп,осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалау қажеттігін терең түсінуді көздейді.
Бүгінгі білім жүйесі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелі қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді.Осы қажеттілік барысында деңгейлі бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының табысты нәтижесін даралап көрсетуге болады.Бүгінгі таңда «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы бойынша үш деңгейде мұғалімдерді дайындауда. Бұл деңгейлі курстан өткен мұғалімдер халықаралық білім беру жүйесімен танысады, сондымен өз мектептерінің сапасын көтеруге қызмет жасайды.Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне өз мектептерін жеткізу жолында еңбек етеді.
2014 жылы маусым айында "НЗМ" ДББҰ ПШО Шымкент қаласындағы филиалында І (ілгері) деңгей курсын аяқтаған соң алған білімім мен тәжірибемді әріптестеріммен бөлісіп,"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көшбасшылық етіп келемін.Мектеп бойынша деңгейлік білім жетілдіру курсының ІІІ (базалық) деңгейінен 5 мұғалім өткен.Олардың 3-еуі бастауыш сынып,1 технология,1 сурет және сызу пәні мұғалімдері болып отыр.Өкінішке орай қазіргі таңда оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда міндетті пәндер болып есептелетін қазақ тілі,орыс тілі,математика және таңдау пәндерінің мұғалімдері аталған бағдарлама бойынша білімін жетілдіру курстарына тартылмаған.Менің алдыма келешекте қойып отырған мақсаттарымның бірі-мектептегі тәжірибелі,өз пәндерін жоғары деңгейде меңгерген мұғалімдер арасында осы бағдарламаның артықшылығы мен қазіргі таңда қажеттілігін насихаттай отырып,білім жетілдіру курстарына қатысуына ықпал ету.
Деңгейлі курсты аяқтап, мектебіне оралған әр ұстаздың мақсаты – бағдарламаның негізгі идеялары мен 7 модульді ықпалдастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізу.Мектебіміздегі деңгейлік бағдарламаны меңгерген және тәлімгерлік пен коучинг үдерісінде іріктелген мұғалімдерден "Болашақ" атты кәсіби қоғамдастық құрғанбыз.Курстан кейін өз ұжымымда әріптестеріме қолдау көрсету мақсатында мектепті дамыту бағдарламасын дайындап,мектепішілік түрлі тақырыптарда коучинг өткізіп,әріптестеріме тәлімгерлік жасап білім беру саласына өзгеріс жасауға ықпал етудемін.Біз өзіміз ғана көшбасшы болып қоймай, мұғалімдер арасынан көшбасшылар дайындап, солармен бірлесіп басқа мұғалімдерге ой салуымыз керек.Ұстаздар алдында отырған әрбір оқушының эмоционалдық ахуалын, көңіл-күйін үнемі назарға ала отырып, олардың сыныптан тыс өміріне де қызығушылық танытулары тиіс екенін, оқушыларды ынталандырып отырғанда ғана олардан кері байланыс ала алатындарын түсінулері керек.Коучинг сабақтарынан меңгерген әдіс-тәсілдерін мұғалімдер сабақтарында қолданып, өз сабағы туралы оқушының, ата-ананың пікірін де біледі. Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартып келеді.Қазіргі таңда әріптестерім ашық сабақтар мен апталық және түрлі іс-шаралар жоспарлауда жаңа бағдарлама негізінде өткізуге талпынып,көмек сұрауда.Бұл,әрине менің жұмысыма деген қызығушылықтың артуы деп білемін.Тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар топтық жұмыс түрінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін әр түрлі стратегияларды пайдалана отырып өтілуде.Бұл мектепішілік желілік қоғамдастық қызметінің нәтижесін көрсетеді.Әріптестерім жаңа үлгіде сабақ жоспарлап,өз жұмысының нәтижесін байқау үшін мұғалімдердің ашық сабақтар вебсайттарына жүктеуде көмек сұрауда.Қазіргі таңда бірнеше вебсайттарда мектебіміз мұғалімдерінің ашық сабақтарын жариялауда қолғабыс тигізгеніме қуаныштымын.Ұжымда бұрын мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісе бермейтін.Әртүрлі деңгейдегі мұғалімдердің басын қосқан "Ұстаздар сайтына" алғысым шексіз.Нағыз ұстаздар қауымын детістікке бастайтын желілік қоғамдастықтың бірі деп сіздердің сайтты атар едім.
Бұрынғы жұмысымды зерделейтін болсам,алған білімім мен тәжірибемді өзім сабақ беретін сыныптарда ғана қолданып,басқалармен пікір бөліспейтінмін.Қазіргі мезетте басқалармен тәжірибе алмасудың маңыздылығын түсініп отырмын.Бұған дейін әдіс-тәжірибе және ресурстармен алмасу үшін мұғалімдер бір-бірінің сабақтарына бейресми қатысуы аз болғанын жасырмау керек. Мұғалімдер сәтсіз тәжірибелерімен бөлісе қоймайтын, өйткені араларында сенімді қарым-қатынас болмаған, әркім өзінің жеке дамуы үшін ғана қызмет ететін тәрізді болатын.Курс осы ұстаздардың басын қосып, бірлесе,сенімді жұмыс істеуге үйретті.
Деңгейлі курстың ұстаздар қауымына берген тағы бір жетістігі–желілік қоғамдастықта жұмыс істеуге бағыттауы.Мұғалімдер мен оқушыларды өздері қызықтыратын тақырыптарда бір мақсатқа жұмылдыратын желілердің болуы, мұғалім мен оқушыларды жетістікке жетелейді, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдастық уақытымызды үнемдейді,тәжірибе алмасуға тиімді, өйткені, оған ғаламтор болса кез-келген жерден қатыса аласың. Сұрақ қоясың, жауап аласың, пікіріңді білдіресің, басқаның да пікірін біле аласың. Әрине, бұл үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияның өзіндік орны бар, ол үшін жоғарғы деңгейлі жылдамдықты байланыс қажет. Қазір мемлекетіміз мектептерді толық интерактивті тақталармен жабдықтап, интернет жүйесіне оқу кабинеттерінің барлығын қосуға мүмкіндік жасауда.Мемлекет жасаған мүмкіндіктерді дер кезінде қолдана біліп, оның нәтижесін білім саласында көрсете алуымыз мұғалімнің еншісінде. Ілгері деңгей мұғалімдері желілік қоғамдастық арқылы өз мектептерінің даму бағдарламаларына енгізген оң өзгерістері мен жұмыстың бағыты жайлы ой бөліседі. Ісінің бағытының күтілетін нәтижесі туралы болжамды біле отырып, басқалармен ой бөліседі.Осы орайда http://cpm.kz сайт порталындағы мұғалімдер форумында таратылған тәжірибелер мен талқыланып жатқан пікіралмасу маңызы күн санап артып келе жатқанына қуаныштымын.Педогогикалық шеберлік орталығы вебсайты мыңдаған мұғалімдердің қажеттерін қанағаттандырып отыр.Осы форумға қатыса отырып өзімнің тәжірибемді күн санап арттырып отырғаныма көзім жетті.Әріптестерімнің порталға жүктеген мектепті дамыту жоспарлары,қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлары,өз тәжірибелерінде қолданып жүрген стратегиялары,сыни тұрғыдан адамды ойландыра отырып,ізгілікке бастайтын бейнебаяндары құнды ресурстар ретінде пайдаланып отырмын.Сонымен қатар өзімнің жинақтаған озат тәжірибелеріммен де бөлісіп,әріптестерімнің алғысына бөленудемін."ЭКСПО 2017 шежіресі" жинағымды және презентациямды жүктеп,әріптестерімнің ыстық ықыласына ие болдым.
- Тлеубаева Кулайша Лесбековна: "Тарбия,сіздің "ЭКСПО - 2017 көрмесін насихаттау" тақырыбындағы таныстырылымыңыз маған өте ұнады,сіздің ізденімпаз, нағыз көшбасшы екеніңізді, оқушыларыңызға заман талабына сай білім беретін ұстаз екеніңізді айқындай түседі “
Адам.Қоғам.Құқық. пәнінен қысқа мерзімді жоспарыма білдірілген пікір:
- Абишева Айнур Муратбековна Алматы қаласы №67 жом."Өте жақсы жазылған қысқа мерзімді сабақ жоспары, жарайсыз әріптес. Жұмысыңыз әрдайым нәтижелі, сапалы болсын".
ҰБТ -ға оқушыларды дайындау жоспарым бойынша жинақталған тәжірибемді әріптестерім менен бөлісіскен соң жолданған пікірлер төмендегіше болды:
- Самандарова Гулнара Гафуровна: "Динара, Тарбия сендердің ҰБТ бойынша жоспарларды көрып шықтым. Маған ұнады. Біздің мектепке ҰБТ-ға дайындау жолдары бойынша тексеру келеді. Осы жерде жұмыстарыңмен бөліскендеріңе рахмет".
- Динара Игенбаева: "Әріптестер бүгін Сауле,Тарбия, Қанзада апайлардың өз пәндері бойынша ҰБТ-ға дайындау жолдары бойынша көптеген жүйелі жұмыстарымен бөліскендеріне рахмет айтқым келеді. Сіздерге шығармашылық өрлеуді тілеймін.Биікке самғар, санасы заңғар шәкірттеріңіз көп болсын!"
- Дина Жанабаева: “Тарбия әріптес, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!”
- Жанар Мушатова: "Кәсіби қоғамдастық-білім шыңдаудың ең тиімділердің бірі. Түсінбеген, білмеген сұрақтардың жауаптарын осы порталдан алудамыз."Ештеңе туралы сұрамайтын адам, ештеңе үйренбейді"-, деген Т.Фуллердің сөзі оған дәлел".
- Гульнар Қилыбаева: " Құрметті Әріптестерім! барлығыңызға алғысым шексіз.Өздеріңізді көрмесем де, танымасам да қаншама көмек алдым. Өзімді мазалап жұрген мәселелердің бәрінің дерлік шешімін тапқандаймын.Алғашқыдағы бойымды билеген сенімсіздік сейілді.Сіздердей әріптестерім тұрғанда менің , менің ұжымымның, менің мектебімнің шәкірттері білім атты теңізде қанаттана қалықтап, бағытынан адаспасы анық.Бағындырар белестеріңіз көп болсын"
Марфуга Кунтаева есімді әріптесімнің төмендегі қанатты сөздерін ұран етіп алуға лайық ты деп ойладым. "Ұстаздар атты ұлы қосынның мәртебесін арттыру үшін әріптестердің ынтымақтаса қызмет етуі қажеттілік деп санаймын".
Деңгейлі бағдарламаны оқыған барлық мұғалімдер сабақтарда жеті модульді ықпалдастыра орынды қолдануды қарастырады және бұл модульдардың философиясын сақтай отырып, педагогикалық іс-тәжірибесін құнды әдіс-тәсілдермен толтырады. Өзінің құнды деп тапқан іс-тәжірибесімен желілік қоғамдастық арқылы пікір алмасады, сөйтіп басқа әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатады. Сондай-ақ сабақ берудегі әдісін де, сабақтың құрылымын да, оның мақсатына да басқа көзқараспен қарай бастайды. «Мендегі білім сапасы неге төмен?», «мен неге мұны дәл осылай жасамадым?», «оң нәтижеге жету үшін қандай әдістерімді өзгертемін?» деген ой әркімде болады және мазалайды.Мұғалім оң нәтижеге жету жолында ізденеді, әлемде білім көшінің алдында тұрған елдердің білім жүйесімен танысады. Міне, осы кезде ең пайдалысы, ол – желілік қоғамдастық. Кез-келген күрмеулі істерді, пікірлерді, ойларды шешуде желілік қоғамдастықтың орнын ерекшелеп айтуға болады. Желілік қоғамдастықтағы әріптестердің моральдық деңгейі өте жоғары болғанда, кез-келген істе оларға арқа сүйеуге болады.
Осы жолда оқушы, мұғалім, ата-ана ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жүргізе отырып, білім берудің мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруға атсалыса түсетіндігімізге көз жеткізудеміз. Бұл да болашақ ұрпаққа, ғылымның алғашқы негіздеріне жасалып отырған бір мүмкіндік деп қабылдау қажет. Қанаттасып, тәжірибе алмаса жүріп берілген білім мұғалімді де, оқушыны шығармашылық ізденіске түсіреді. Ізденіске түскен тұлға сыни ойлайды, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдайды, өзіндік тұжырым жасайды, өз пікірін қорғайды. Міне, осылай деңгейлі курстан өткен әр мұғалім білім саласына адал қызмет жасап, жеткен жетістігін әріптестерімен бөлісудің де түрлі жолдарын таба біледі деп санаймын.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі курсы білім саласындағы жаңа, игі, табысты істердің басы болмақ, өйткені, кәсіби толысқан мұғалім ғана жетістікке жетпек, табысқа кенелмек.
loading...

Авторы:

Бөлім: Конкурс ең үздік шығарма | Көрсетілім: 1738 | Қосты: Тарбия | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5928
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 25
Қонақтар: 25
Тіркелгендер: 0