Сайт учителя начальных классов
.
Жас ұстаз – 2015 байқауы

Жас ұстаз – 2015 байқауы

Жас ұстаз – 2015 байқауы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен сол елдің азаматтарының білімімен өлшенеді, ал сол білім елдің дамуына жарата білуімен бағаланады» деген болатын.
№67 орта мектепте білімгер жас мұғалімдер арасында «Жас ұстаз - 2015» атты педагогикалық сайыс болып өтті. Мақсаты – жас ұстаздарды шыңдау, ұстаздарды түрлі қырларынан таныту. Аталған сайысқа түрлі саладағы 9 мұғалім қатысты. Сайыс нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камал Мейіржан«Жас ұстаз - 2015» деп танылды. Жүлделі І-орынды Бауыржанова Қаракөз, ІІ-орынды Серікбаева Зейлімхан, ІІІ-орынды Юсупова Айдана иеленіп, түрлі номинациялар бойынша қатысушы жас мұғалімдер марапатталды. Марапаттаулармен қоса қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

ID: 352 | Просмотров: 2016

26/Мар/2015