Сайт учителя начальных классов
.
Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы Қартқожа бейнесінің бала тәрбиесіндегі алар орны

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы Қартқожа бейнесінің бала тәрбиесіндегі алар орны

Байбала Сара Бахытқызы
Алматы қаласы Абай атында дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы Қартқожа бейнесінің бала тәрбиесіндегі алар орны

Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдеби процесте үлкен рөл атқарған көркемсөз өнерінің хас шебері Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» сынды романдары әлем әдебиетіне де ұялмай ұсынар құнды шағарма. Ондағы кейіпкерлердің іс әрекеті, мінез құлқы, қоғамдағы өзгерістерге көз өарасын бейнелеуде автор психологиялық талдау өнерінің шыңында десе болғандай. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің мінез құлқын таныту үшін оқушының назарын жазушының суреттеу ерекшелігіне аудару керек.
Ж.Аймауытов Қартқожаның адамдық әлемін, жақсылыққа құштар көңілін кезең келбетіне сай суреттеп, сол арқылы өсу, есею жолдарын тартымды баяндайды. Қазан төңкерісі, оның алыс жақын елдерге әсері, қырдағы алуан өзгеріс, құбылыстар Қартқожаның дүниетаным иірімдері арқылы реалистік дәлдікпен беріледі. «Қожа оқуының» алуан үлгілері, құрбы құрдастарының «талай кемсітіп, мазақ етіп қорлаған» әділетсіздіктері т.т. Қартқожа өміріндегі қара сызаттар еді. Бұдан басқа еркінен тыс өз жеңгесіне үйленуі, Баянауыл, Омбы, Семейге оқу іздеп баруы, Алаш қозғалысына қатысты көрініс, оқиғалар Қартқожа өмірімен байланысты. Ауыр тұрмыс, қилы кезеғ сәттерде Қартқожа өз жүрегінің шешімімен әр кез жол тауып, түпкі мақсаты азат ой, еркін өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл романның көркемдік рухани олжасы, идеялық нысаналарының бірі.
Қартқожа романда жалғыз емес, оның алды арты, айналасы шығармада жақсы суреттелген. Әсіресе оған адамгершіліктің, азаматтықтың, жіктіктің туындай көрінген қайратты Дәрмен, Қартқожаның оқып, адам болуына жәрдемдесіп, жол сілтеген Хасен, Андрей, Полидубтар бейнелері Қартқожаны толықтыра түседі. Оқыңан шәкірт Жүніс, оның қалыңдығы Шәмкен, патша жарлыңына наразы Дәрмен, Имақан, Нығыман сияқты өзіндік көзқарастары бар, сыртқы жаудан елін де, жерін де қорғауға дайын тұлңалар ретінде есте қалады. Жаңа қоғам, өмірге шексіз құштарлық, ұмтылыс, ескілікке, содырлы саясат пен сиқысыз тұрмысқа қарсы бітіспес күрес шежіресі, мұның барлығы Қартқожа мен оның төңірегіндегілердің айналасында өтті. Жалпы романның өзіне емес, ондағы Қартқожа қандай кейіпкер? деген сұраққа келгенде Қартқожаның жан әлеміне, дүниетанмына үңіле отырып, Ғ.Есім «Қартқожа кім?» деген шағын мақаласында «...Қартқожан жазушының шыңармадағы өз бейнесі. Ал әңгімені байсалды сарынға түсірсек, бұл түсінің дұрыс болып шықпайды. Оның ең басты себебі, Қартқожа зиялы қауымға үлгі боларлық тұлға емес. Оның терең ойлары да жоқ. Ол кейбір мәнді мәнді істерден тыс, сырттан бақылаушы сияқты көптеген істер оның ешбір қатынасынсыз, өздігінен болып жатыр. Тіптен, мың тоғыз жүз он алтыншы жылғы көтеріліске де Қартқожа түсінігі өте бұлыңғыр. Ол көтерілістің себебін де ойластырған жоқ. Бірақ онда ынта талап бар, ол оқу, орысша білу.. Қартқожа әрекетінің өзі жетістік.»
Дегенмен «..тұншығып жатқан ел бұл күнде не күйге түсті екен? Соларды көрсем, көмегін берсем, сонда менің жетілгендігім, жеткендігімнің пайдасын көргенім, әйтпесе мен не үшін, кім үшін оқып жүрмін?»
«Өз басымның қамымен кетсем, менің оқығанымнан елге не пайда? Бас қамымен елде талай жауыздар жүр. Олардан менің айырмам не болуы керек? Өзі үшін сүрген өмірде мағына, қызық бар ма? Адам айуан болып кетпей ме?» сияқты ой толғаулардың иесі тегін адам ба? Үлгі болуға лайық емес деп айтуға болмас. Автор Қартқожаның адамдық әлемін, жақсылыққа құштар көңілін кезең келбетіне сай суреттеп, сол арқылы өсу, есею жолдарын тартымды баяндайды. Қазан төңкерісі, оның алыс жақын елдерге әсері, қырдағы алуан өзгеріс, құбылыстар Қартқожаның дүниетаным иірімдері арқылы реалистік дәлдікпен беріледі. Қартқожа көтерілісшілер ортасында жүріп, ой санасын дамытады, саяси тұрғыдан шыңдалады. Сөйтәп, озық сана, көзқараспен жаңа өмірдің қалыптасып, даму жолында ересен еңбек сіңіреді.
Асылы, азаттық жолы қашанда ауыр, күрделі болған. Мұнда Қартқожаның жолы, әділетсіздікке жан тәнімен өарсы бір топ жастардың іс әрекеттері кеңінен көрсетіледі. «Елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ізгі тілекті, ер жүректі, жұртшылық көсемі жалынды жастарға арнаймын» деген жазушының шығарма өзегі еткен жан сыры жүзеге асқан биік мақсаты деуге әбден лайық. Ендеше, Азаттық, Теңдік, Туыстық сынды кәделі атау ұғымдар романда көркемдікпен жүзеге асқан болса, бүгін мағызды мәслеге айналып отыр. Осы орайда, «Қартқожа» романының бала тәрбиесінде, жалпы адамзат болып қалыптасуында рөлі зор десек қателеспейміз.
Тұлғаның белсенділігі шығармашылық әс ірекетте, ерікті қимылдарда байқалып, тәрбиелеуші ортаның ықпалымен қалыптасып, дамуына оң әсерін тигізетін шығармалар мен ондағы кейіпкерлер іс әрекетінің рөлі зор. Мәселе, шығарманың дұрыс оқытылуында. Баланың әлі де қалыптасып бітпеген табиғатына тазалық тәрбиелілікпен пәк сезімді ұялату, өз жасына тән түсінігіне шығарма кейіпкері арқылы әсер ету үлкен шеберлікті қажет ететіні даусыз.

ID: 298 | Просмотров: 3906

02/Мар/2015