Сайт учителя начальных классов
.
Заман талабына сай білім берудің бағыттарының тиімділігі

Заман талабына сай білім берудің бағыттарының тиімділігі

ШҚО.Абай ауданы.Құндызды ауылы
Бірінші (ілгері) деңгейлік курстан өткен физика пәні мұғалімі В.Байбекова
Сабақтың тақырыбы: Заман талабына сай білім берудің бағыттарының тиімділігі

Сабақтың мақсаты : Оқыту мен оқудағы жаңа ұғымдарды меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау.Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. 7 модулді пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері : 7 модулді пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтынын түсіну.

Негізгі идеялар : 7 модулді пайдалану мүмкіндіктері күннен күнге жетіліп, танымдық және метатанымдық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.

Жаттығулар: Тренинг: «Менің көршімнің жетістіктері» оқу жылынан бастап қол жеткен жетістіктерін айтады
От,Су,Күн,Ай суреттері арқылы топқа бөлу.
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
(мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)
Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, Тыныштық сақтау , Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу , т.б топ басшысы сайланады;
1.Миға шабуыл Ассоциация
Жеке жұмыс, заман талабына сай білім берудің бағыттары бойынша топта жоба жасайды
1 топ «Мінсіз оқушы»
2 топ «Мінсіз ұстаз»
3 топ «Мінсіз мектеп»
4 топ «Мінсіз сабақ»
2. Жасалған жоба бойынша SWOT талдау жасайды.
«Құмырсқа» видеосын көрсетеді
Топпен бірлесіп берілген тапсырмалар бойынша шығармашылықпен үлгі жасау.

1- топ . «Бүгінгі мұғалім қандай болуы керек?» Мұғалімнің кәсіби шеберлігін зерделеу мақсатындағы іс-шара.
2-топ. «Ұстаздың құндылықтары мен міндеттері туралы сұхбат» телебағдарлама түрінде. Рөлдік ойындар,диалог арқылы.
3-топ: «Мен қандай ұстазбын?» постер қорғау
4-топ «Мұғалімнің үздіксіз дамуы үшін нені жетілдіру керек?» Постер қорғау
Ой сергек.
Бір адам күнде жұмысқа барар кезде
9-қабаттан төменге лифтімен түседі екен де,жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен, неге?
( себебі, ол лилипут екен).
Склет бейнефильмі

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазіргі таңда инклюзивті мектептер ашылып тәжірибе жасалып жатыр. Оқуда сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда бірге оқылады.
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Дереккөздер: Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін
Оқуға арналған тапсырма: 7 модулдің тиімділігі .
Бағалау техникасының түрі «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұптық бағалау»
Рефлекция «Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?» Кері байланыс парағын толтырды

ID: 350 | Просмотров: 2304

26/Мар/2015