Басты бет » 2015 » Октябрь » 28 » Тіл тарихпен тамырлас
01:14
Тіл тарихпен тамырлас
загрузка...
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы
М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Тұрғанбаева Гулшарипа Курманбаевна
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған гумианитарлық пәндер апталығында өткізілген сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Тіл мен тарих тамырлас
Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, отанын сүюге, ізденімпаздыққа, белсенділікке дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, , әр түрлі жағдайда сыни тұрғыдан ойлай білуге баулу.
Көрнекілігі: Слайд, Интер белсенді тақта, сызбалар, үлестірме қағаз, қосымша мәліметтер
Оқушы әрекеті: Диалогқа түсу, Постер қорғау , пікр айту, сұрақ жауап, ойын жеткізу
Жүрісі
І Ұйымдастыру
1Оқушыларды топқа боліп, топқа ат беру
ІІ Сайыс шарттарымен таныстыру
ІІІ Сарапшылар алкасын таныстыру
2 бөлім Тақырыпқа кіріспе Тарих пен тіл тамырлас. Тарихты зерттеу салалары. Слайд
Тарихи дерек көздері :
ә) Жазбаша деректер.
ә) Ауызша деректер.
б) Археологиялық деректер.
в) Этнографиялық деректер.
Тарихи дерек түрлері:
3 бөлім Сайыстың І бөлімі Орта ғасырлардағы жазба тарих өкілдері олардың шығармалары туралы мәтінмен танысу (слайд)
ІІ бөлімі Постер қорғау Өз ойларын ортаға салу
ІІІ Фольклор яғни ауыз әдебиетінің бір бөлімі- жұмбақ
Көрермендермен ойын
Жұмбақтар:
І Тәтті жеміс атасы
Атауында бар сыры
Ойланбай -ақ табасың
Ел орданың ол бірі. жауабы Алматы

ІІ Кең далада көп қыстау
Мекен еткен адайлар
Жағасы теңіз, шеті тау
Бұл жер аты ................. жауабы Маңғыстау

ІІІ Түбектегі қарт қала
Кобзарь салған бақшада
Александровск айлағы
Айтшы білсең қай қала? Жауабы Форт Шевченко

ІV Қала жоқ бірақ, тау қала
Аңызы көп айтар тамсана
Туған түбегіңнің бір биігі
Табар екен қай бала? Жауабы Шерқала

V Жеріне қатысы жоқ атауының
Көлі не, дариясы, не тауының
Бірақ та тарихта аты қалған
Сол жерден қара маржан атқылаған. Жауабы Жаңа Өзен

ІV бөлім «Аңыз түбі- ақиқат» Үй тапсырмасы бойынша әр топ тарихқа байланысты, тарихи тұлғаларға байланысты аңыздар айту.
V бөлім ««Толған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады» туры (тарихтан сұрақтар)»
І. Қазақ хандығының құрылуы:
1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа мемлекеттер құрылды?
А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы
В) Жоңғар хандығы, Сібір хандығы С)Моғолстан хандығы, Қазақ хандығы
2 Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды?
А) Батыс Жетісу жерінде В) Орталық Қазақстанда С) Шығыс Қазақстанда
3 Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
А) Әл-Марвази В) Рашид ад-Дин С) Мұхаммед Хайдар Дулати
4 Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?
А) Қозыбасы В) Сайран С) Түркістан
5 ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?
А) Сығанақ В) Сайрам С) Түркістан
6 Қазақ халқының ұраны болған сөз.
А) Шыңғыс В) Жошы С) Алаш
7 Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық.
А) Моңғол шапқыншылығы В) Жоңғар шапқыншылығы
С) Орыс шапқыншылығы
8 1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.
А) Қарақұм В) Қызылқұм С) Қозыбасы
9 “92 баулы өзбек” шежіресінде қай хандық туралы айтылады?
А) Қазақ хандығы В) Әбілқайыр хандығы С) Ноғай Ордасы
10 Бұл кезеңде бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді қалай атады?
А) «Аңырақай» шайқасы В) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» С) Орбұлақ шайқасы
11 Шыгай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?
А) Жетісу В) Ходжент С) Хантау
12 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:
A) Моғолстан мен Өзбек хандығы cool Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы
C) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы
Топтар өзіне берілген сұрақтарға жауап береді
VI бөлім Соңғы бөлім «Алдым ғибрат бүгіннен»
Рефлексия қорыту Әр топқа төрт жол, бір шумақ өлең жолдары беріледі .
6- бөлім «Ғибрат алдым бүгіннен»
І Керей мен Жәнібек хандар................................ бастады
Артына еріп халқы оларды.....................................қостады
Жетісудың батысына тігіп ту
Кең аймақты аталарым аманатқа ..........................тастады .

ІІ Тылсымына көз жіберсек ..................................тарихтың
Бастан кешкен азабы көп ..................................халықтың
Қолы жеткен қазағымның биігі
Тәуелсіздік – нұрын шашқан ............................. .жарық күн.

ІІІ Шұбарлама, замандастар ............................ .тіліңді
Бұрмалама, бұзып ислам ........................... . дініңді
Ере берме, ақпаратқа ағымға
Азаматы бол қазақтың .......................... . білімді

ІV Мәңгілік ел болу күші– ..................... . бірлікте
Тату – бейбіт өмір сүру ..................... . тірлікте
Ру болып, бөлінбейік ұлт болып,
Көк байрағым желбіресін ................ . биікте.

Өлең жолдарында түсіп қалған сөздерді орнына тауып жазу
VII Көрермен ойын «Аңыз өрген, жұмбақ жайлап мекенім
Маңғыстауым сені мақтан етемін.»
Маңғыстау аңыздарынан білетіндерін айту
VIII Қорытындылау Топтарды марапаттау

Сараптау кретерилері
І Постер қорғау Жоғары балл бес ұпай

Топ аты Баяндау шеберлігі Нақты мәлімет қолдануы Тақырыпты толық ашуы Қорытынды ұпай

ІІ Аңызды дұрыс, шатастырмай айтып жеткізуі Жоғары балл бес ұпай
ІІІ Сұраққа дұрыс жауап 5 балл
Топ аты І сұрақ ІІ сұрақ ІІІ сұрақ Қорытынды ұпай




ІІІ Өлең жолдарына ұйқас сөздерді тауып, дұрыс орналастыру

Жоғары балл бес ұпай
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1250 | Қосты: Турганбаева | Ілмек сөздер: тарих, жазба тарих | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Октябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 2
Қонақтар: 2
Тіркелгендер: 0