Басты бет » 2015 » Февраль » 5 » Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
22:57
Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
загрузка...
Қабден Шыңғысов атындағы
№5 жалпы білім беретін орта мектептің
тарих пәні мұғалімі: Жусупалиева Г.М.

Баяндама: Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында жүктелген міндетке сәйкес елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданған болатын. Жоспардың басты мақсаты - Қазақстанда білім саласын жетілдіру үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылар шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету.
Функциональдық сауаттылық – өмір сүріп жатқан әр адамның жасына қарамай қоғамдық-саяси, мәдени қызметтерге белсене араласуы және бүгінгі жаһандану дәуірінде заман ағымынан қалыспай ілесіп отыруы, білімін үнемі жетілдіріп отыруы ретінде түсіндіріледі. Мұндағы басшылыкқа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай білу сияқты қабілеттіліктер.
Функциональдык сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілді. Осындай маңызды құжатты басшылыққа ала отырып, менің ұстаз ретіндегі басты мақсатым - білім нәрімен сусындатып отырған жеткіншектерді интеллектуалдылыққа тәрбиелеу, салауатты және рухани тұрғысынан дамыған азамат тұлғасын қалыптастыру, білім алудағы кажеттіліктерін қанағаттандыру. Әрине, мұғалім білім алушының бойына алған білімін әдістемелік жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіре білуі қажет. Сондықтан, білім алушының басқарушылық, ақпараттық білімін көтере білу қабілеті, коммуникативтік карым-катынас жасауы, әлеуметтік ортада іс-әрекет жасай алу кабілеті, тұлғалық қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды игеруі, таңдаған кәсібін өзі анықтауы, азаматтық (халқынын салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі мен тілін меңгеруі), ақпараттық технологияларды, сандык технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы сияқты негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік кұзыреттіліктерді меңгеруі тиіс.
Бұл ретте өзім сабақ беретін сыныптарымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интербелсенді тақтаның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдап, шығармашылық деңгейге жеткізетіндей технологияларды қолдану арқылы сабақты қызықты өткізуі керек.
(флипчарт қорларынан үзінді көрсету)
Сабақ жоспарын құрғанда интербелсенді тақтаның төмендегідей мүмкіндіктерін қолданамын:
* сандықша
* тікесінен қозғалу
* сиқырлы өшіргіш
* сиқырлы лупа
* флипчарттарға, презентацияларға, файлдарға, бейнетаспа және дыбыстарға сітемелер қою
* флипчарттар жазу
* берілген материалды терең бекіту мақсатында сабақта Activote құралын пайдаланамын.
Сабақтарды интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып түрлендіріп өткізген сабақтар арқасында мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. 5-7 сынып оқушылар мектепішілік, интернет олимпиадаларға белсене қатысып, сертификаттар иеленді. "Тылсымға толы Сарыарқа" бағдарламасына қызығушылық танытып, мектепішілік жобалар байқауына қатысты. Сондай-ақ сыныптардың білім сапасының көтерілуіне септігін тигізді.
Қорыта айтқанда тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор демекпін. Себебі тақтаны тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
- Тіл байлығын дамытады;
-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
- Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1376 | Қосты: Гулзада | Ілмек сөздер: функционалдық сауаттылық, тарих, флипчарт | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 70
Қонақтар: 70
Тіркелгендер: 0