Басты бет » 2015 » Февраль » 26 » Тактикалық дайындық. Шабуылдағы бөлімше
12:00
Тактикалық дайындық. Шабуылдағы бөлімше
загрузка...
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға шабуыл және ұрыс кезіндегі бөлімше командирлері рөлі туралы жан-жақты мағлұмат беру, бөлімше шабуылы, қарасыласты жою, бөлімше мен танктің өзара қимыл іс-әрекеттерінен білімдерін қалыптастыру;
ә) Дамытушылығы: ойлау қабілеттерін, талдау жасауын дамыту;
б) Тәрбиелілігі: оқушыларды ептілікке, отансүйгіштікке, төзімділікке баулу, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакаттар, оқулық, слайдтар.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: жаңа ақпараттық технологияны пайдалану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут)
Бөлімше командирінің мәліметі, сәлемдесу.
Оқу орындарына отырғызу.
II. Кіріспе: (5 минут)
« Миға шабуыл». Ұяшықтарды ашып, ондағы өткен тақырыпқа және үй тапсырмасына арналған сұрақтарға жауап беру.
1. Жорық дегеніміз не?
2. Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі.
3. Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводтың, ротасының жорық реті туралы баяндаңыз.
4. ҚР-ң рәміздерін ата?
5. Ұрысқа кіру реті қалай болады?
6. ҚР-ң бас қолбасшысы.
7. «Әскери ант» қай уақытта қабылданды?
8. Ұрыс реті дегеніміз не?
9. Түндегі ұрыс қандай болады?
10. Сақшы дегеніміз кім?
III. Негізгі бөлім. (32 минут)
Жаңа сабақты интерактивті тақтаны пайдаланып түсіндіру. Тактика деген не?
Мотоатқыштар бөлімшесі взвод құрамында шабуыл жасайды. Бөлімшенің жеке құрамы және ЖҰМ үшін тасалар қазылады. (Тақтадан көрсету). Шабуылдың кезінде жеке құрам және ЖҰМ машиналар оқпаналарда орналасып, бөлімше қимылын қорғауға дайын болады. Бөлімше командирі тапсырма алғанан кейін оны нақтылап, Әскери бұйрықта ол: бағдарлар, қарсылас қимылдары, бөгеттер мен тосқауылдардан өту реттері, шабуылға дайын болу уақытын көрсетеді. Шабуыл кезінде ЖҰМ мен бөлімше жаяу ретпен шабуылға шығу үшін бөлімше командирінің «Машинаға! Бөлімше мынандай затқа, Алға!» пәрменмен тізбектеліп, шабуылға шығады. Танкіге жақындаған кезде мотоатқыш бөлімше командирі: «Шабуылға дайындал!» пәрменін, ал танк өткенен кейін; «Бөлімше, шабуылға алға!» пәрменін береді. Бөгеттерде, жасалған өткелдерге жақындаған кезде бөлімше командирі: «Бөлімше, менің соңымнан, бірден (екіден) алға адымда!» пәрменін береді.
Бөгеттерден өткенен кейін, бөлімше командирінің: «Бөлімше белгілі бір затқа, ұрысқа!» пәрмені беріледі (27 – сурет). «Гранаттармен атысқа!» пәрмені бойынша қарсыласқа гранаттар лақтырылып, алға жылжиды. Бөлімше танк соңынан жылжи отырып, ең әуелі қарсыластың танкке қарсы құралдарын жояды және алға жылжу кедергі келтіретін нысаналарда танкіге көрсетеді. Ұлы Отан соғысының тәжірибесі бөлімше мен құрамның табанды қимылы мен ұрыс танкісінің ұйымдастырылуына, жүргізілуі мен батыл епті әдіске (маневр) және ұрыстың дұрыс жүргізуіне байланысты екенін көрсетіп береді. ЖҰМ-ның жылжуына қарсылас өз атысымен кедергі келтіретін кезде « Машинаға» және « Бөлімше, ұрысқа алға!» пәрмені беріледі де, шабуылға шығады.
Бөлімше жерде радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жерлермен өтсе қорғаныш құралдарын қолдану қажет. Егер қарсылас қарсы шабуылға көшсе, онда негізгі мақсат оның қапталы мен тылына шығуға ұмтылуы шарт.
Осылайша шабуылдағы бөлімше ұрыстың барлық, ең тиімді тактикасын пайдалана білсе, ұрыста оңды нәтижеге жетеді.
IV. Қорытынды. (5 минут)
Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға шендік пагондар таратылып, ондағы сұрақтарға жауап беріп, өз түсініктерін айтады.
1 – сұрақ. Шабуылдағы бөлімше белгіленген орынға кімнің бұйрығымен орналасады? (Бөлімше командирі)
2 – сұрақ. Бөлімше шабуылға шығу үшін қандай «пәрмендер» беріледі? («Шабуылға дайындал», «Бөлімше шабуылға, алға!»)
3 – сұрақ. Ұрыста нәтижеге жету үшін ең алдымен жоспарлы не қажет? (Ұрыс тактикасы)
4 – сұрақ. Радиоактивті және уланғыш заттармен зақымданған жерлерден қалай өту қажет? (Қорғаныш құралдарымен)
5 – сұрақ. Шабуылдағы бөлімше ең алдымен қарсыластың қандай қаруларын жоюы қажет? ( Танкіге қарсы қолданылатын, т.б.)
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1437 | Қосты: Шамшибану | Ілмек сөздер: Тактикалық, дайындық | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 8
Қонақтар: 8
Тіркелгендер: 0