Басты бет » 2015 » Май » 19 » Тұтықпаны түзетудің тиімді жолдары.
15:10
Тұтықпаны түзетудің тиімді жолдары.
загрузка...
Тұтықпаны түзетудің тиімді жолдары.
Абдолова Индира Қайратқызы.
Б.Қ.О
Бөкейорда ауд.
Бисен Жаникешев атындағы
ЖОББМ-нің логопеді.
«Баланың тұтықпаны түзетуге деген
қызығушылығын ояту үшін,
оны өзін еркін ұстап,
тұтықпасына немқұрайлы қарайтын
және керісінше
тұтықпаны түзетуге бар ынтасын салған
үлгі тұтарлықтай адамдар
ортасымен араластыру қажет.»
А. Сикорский.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып бөлінеді., көбінесе ол баланың тілін жедел даму кезеңінде пайда болады.
Сөз басында сирек жағдайда сөз ортасында пайда болатын артикуляция қимылы мен басқа сөйлеу мүшелерінің тырыспасы салдарынан логопат белгілі бір дыбыста іркілуге мәжбүр . Аталған белгілер клоникалық және тоникалық тұтықпаға жатады.
Тоникалық тұтықпада науқасқа бір дыбыстың тежелуінен екінші бір артикуляциялық қимылға ауысу қиынға соғады. Тұтықпа өзінің дамуында кенеттен пайда болатын қысқа мерзімдік мүдірістен бастап, адамның қарым-қатынасқа түсуіне орасан зор қауіп төндіретін тұлғалық проблемаға әкеп соғуы ықтимал
Невротикалық тұтықпа дені сау балаларда стресс пен невроз салдарынан пайда болады. Балаларда туа пайда болатын және жүре пайда болатын жүйке жүйесі ауру салдары неврозды тұтықпаға ұласуы мүмкін.

Этиология мен патогенезі.
Тұтықпаның пайда болу себептеріне байланысты ешқандай ғылыми теориялар мен жүйелі эксперименталды мәліметтер жоқ.
Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін:
Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы;
Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар.
Жоғарыда атап өтілген жағдайлардың бірінің пайда болуы жүйкеге әсер етпей қоймайды, салдарынан тұтықпа пайда болады.
Екінші себебі :
- кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну)
- Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу
- Шет тілдерін үйрету.
- Еліктеу
- Тахилалия (өте жылдам сөйлеу)

Тұтықпа патогенезі қыртысасты дизартрия механизмімен ұқсас. Оның құрамындағы-дыбыс шығару , артикуляция мен тынысалу үрдісінің координациясы бұзылған. Сондықтан кей жағдайда тқтықпаны дизритмикалық дизартрия ретінде белгілейді.
Басми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың өзара индукциялық іс-әрекеті ажыраса ми қыртысысының жұмысын реттеуге кедергі келтіреді. Осыған байланысты қимыл-қозғалысты алдын-ала дайындайтын стриопаллидарлы жүйе жұмысында ақау пайда болуы мүмкін. Қозғалысты 2 түрлі қызмет атқаратын бұлшықет топтамасы жүзеге асырады.-бірі жиырылады, келесі- демалады. Бұлшықет тонусының нақты және үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде тез және қатаң дифференсацияланған қимылдар жүзеге асуы мүмкін.Бұлшықет тонусының рационалды үйлесімін бақылау осы стриопаллидарлы жүйемен жүзеге асады. Мидың анатомо-патологиялық бұзылысы немесе эмоционалды қозу салдарынан сөйлеу тілінің стриопаллидарлы реттеуші қызметі төмендеп клоникалық қайталауға (тик) немесе тоникалық спазмаға әкеп соғады. Уақыт өте келе патологиялық рефлекс-сөйлеу тілінің автоматизациясының бұзылысы мен сөйлеу тілі аппаратының мускулатурасының гипертонусы – шартты рефлекске ұласады.
Тұтықпа бірқалыпты емес бұзылыс, мүдіріс форма бойынша, пайда болу орыны мен жиілігі бойынша бөлінеді.
Форма бойынша: клоникалық, тоникалық, аралас болып бөлінсе, ал локализациялық орыны бойынша : артикуляторлық, дыбыс шығару, демалу орындарына бөлінеді.
Локализациялық орыны
Тыныстау орыны. Тұтықпада сөйлеу барысындағы тыныстау бұзылысы логопаттың инспираторлы дауысты немесе белгілі бір дауыссыз дыбыстарды дыбыстауда пайда болады.Яғни, Дыбыстауда дыбысты емес, тынысты пайдаланады. Қысқа тыныс шығару тек сөйлеу барысында ғана емес, тыныштық күйінде де байқалады.Өйткені сөйлеу барысында (қалыпты балада) демалу, жай демалудан айырмашылығы: дем жұту тез, дем шығару баяу, демалу көлемі молырақ, көбінсе ауызбен дем алынады, дауыс желбезегі демалу кезінде қашықтайды, ал дем шығару кезінде жақындайды.
Дауыс Тұтықпа барысында дыбыстау дауыс байламдарындағы тырыспалармен қабат жүзеге асады да дыбыстың дұрыс пайда болуына кедергі жасайды.Тырыспалардың әсерінен дауыс байламы тез-тез жоғары – төмен көтеріліп әрекет етеді.Логопат сөзді жаймен созып айта алмаған соң, дауысты дыбыстарды қатты дыбыстауға тырысады. Ал жаймен сыбырлап сөйлегенде немесе әндеткенде тұтықпа байқалмайды.
Артикуляция Артикуляцияда функционалды бұзылыстан басқа соматикалық бұзылыстар байқалады. Мыс: таңдайдың биік болуы, тілді ауыздан шығарғанда жанына қарай қисаюы, танау тесіктерінің гиперторфиясы.
Ілеспелі ырықсыз қимыл-қозғалыстар Сөйлеу барысында адамның саналы түрде орындайтын, бірақ қажет болып табылмайтын қозғалысы.
Логопат басын артқа қарай шалқайтып, көзін жұмып, жұдырығын түйіп, иықтарын қозғалтып, аяғымен жер теуіп, бір аяғын екінші аяғымен басуы мүмкін.Бір сөзбен айтқанда клоникалық немесе тоникалық тырыспа қимылдарын орындайды.
Психика Тұтықпа дамыған жерде психикалық ауытқудың болатыны анық.Көп жағдайда кейбір буын, дыбыс немесе сөздерді дыбыстауда үрей сезімі болады.Көбіне логопаттар саналы түрде бұл дыбыс, буын, сөздерді атаудан қашқақтайды және оларды басқа сөзбен алмастыруға тырысады. Қатты асқынған жағдайда бала мүлде сөйлей де алмауы мүмкін.Қалыпты қарым-қатынасқа баланың түсе алмауы, оның өзін-өзі төмендетуіне , кем санауына және оның ішкі «менінің» жойылуына әкеп соғады.

Тұтықпаның деңгейлері:
Жеңіл. Тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлегенде пайда болады.
- Көп жағдайда сөйлемнің бастапқы сөздерін айтуда қиналады.
- Сөйлеу тілінің қысқа бөлімдерін айтуда байқалады: қосымша, жұрнақ-жалғау, шылау, үстеу, одағай, қаратпа сөздер т.б.
«Коммуникативті қысым» тұтықпаны асқындыра түседі. Бала өзінің тұтығып сөйлегеніне мән бермейді, ұялмай сөйлейді. Сөйлеу барысында ешқандай қорқыныш сезімі болмайды,бірақ кенеттен пайда болған толғаныстан тұтықпа өршуі мүмкін.
Орташа Бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп, аз тұтығады.
Қоршаған ортмен қарым-қатынасқа түсуге кедергілер мен ырықсыз қимылдар пайда болады, біртіндеп шиеленісті жағдаяттар көбейеді.Тұтықпасы бекіп, созылмалы күйге ауысады.Алайда , логопаттың өзінде ешқандай қорқыныш, үрей сезімі болмайды, қарым-қатынасқа түсу үшін кез-келген мүмкіндікті пайдаланып, айтуға қиындық тудыратын сөздерді басқа сөздермен ауыстырады.. Тұтықпаны емдеу, түзету туралы ой немесе қызығушылық болмайды Олар өздерін тыныштандырып бағатын тәрізді.
Ауыр Бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи ілеспелі қимыл- қозғалыстар пайда болады.
Тұтықпаға эмоционалды реакциялар пайда болады.
-тұтықпаны тосу (антиципация)
-белгілі бір дыбыс, сөздерді айтудағы қиындықтар
-мінез көрсету
-логофобия (Сөйлеуден қорқу)
-сұраққа-жауап берулен қашу.
Тұтықпаның асқынуы сөйлесуден бас тартуға әкеледі, нәтижесінде қарым-қатынасқа түсу ортасы азаяды. Бұл оның жоғарғы психикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Өзін өзге де өзі сияқты құрбыларынан ерек санайды, құрбыларымен аса байқампыздықпен, абайлап араласады. Нәтижесінде бала мен ата-ана , құрбылар, сыныптастар арасындағы түсініспеушілік әсерінен өзінің толыққанды екендігіне күмәнмен қарайды. Ашулану, шошу сөзімдері жиіленіп, жүйкеге салмақ түседі.Баланың мектептегі тұйықтығына, ынжықтығына, ебедейсіздігіне байланысты оқу үлгерімі нашарлайды.
Тұтықпа болашақта мамандық таңдауда, отбасын құруда кедергілер әкелуі мүмкін.

Тұтықпаны түзетудің тиімді жолдары.
Тұтықпаны сәтті түзету, уақытылы диагностикалауға байланысты. Түзету сабақтары топтық және жеке формада өтеді. Бұнда ең басты назар ұжымдық ойын психотерапиясына және логопедиялық ритмикаға бөлінеді. Сонымен қатар,отбасылық психотерапия, баланың және отбасының көңілін түзетуге бөлу, релаксациялық жаттығуларды қолдану.Балаларды такт ырғақты қозғалыспен немесе монотонмен сөйлеу, әндету тәсілдерін қолданады.. Десенбилизация, аутогенді жаттығуларды қолдану арқылы, өз-өзін тәрбиелеуге баулу.
Көмекші медикаментозды емдеудің мақсаты – қорқыныш, депрессия белгілерінен арылту қажет.
Тұтықпамен профилактикалық жұмыс 2 – ге бөлінеді, бірі – баланың денсаулығын нығайтуға , екіншісі – сөйлеу тілінің дамуын түзетуге бағытталған.
Дұрыс тамақтану, күнделікті күтімі, күн тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасын күту-бұл баланың психикасымен сөйлеу тілінің дұрыс дамуын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Жүйке жүйесінің қалыпты функционалды дамуына және оның шаршамауына ұйқы мен ояу жүру үрдісін дұрыс ұйымдастыруға да байланысты. Баланың психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек. Мысалы: ересектер көретін телебағдарламалар көсетпеу, ұйқы алдында гиперэмоционалды ертегілер айтпау қажет.
Баланың сөйлеу тілі толыққанды дұрыс дамуы үшін үш түрлі бағытта жұмыстану қажет: біріншісі-баланың қоршаған орта туралы, құбылыстар мен заттар туралы түсінігін кеңейту: ойын, серуен, кітап оқу.
Екіншісі – баланың сөйлеу тіліндегі тырыспалар жөнінде ескерту, профилактикалық алдын-алу жұмыстары. Сөйлеу тілі жаймен, асықпай созып айтуға, өз ойын ойланып кезең-кезеңімен жеткізуге баулу.
Үшіншісі – Баланың дұрыс дыбыстау, ырғақты, темпті ұстауға үйрету. Бірақ балаға жаңалықты баяу екпінмен, жаймен ғана түсіндіріп отыру керек.
Тұтықпаны түзеткен соң, қайталанбас үшін соған сай шарттар мен режімді сақтап, қолайлы психологиялық жағдай туғызу керек.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.А. Чевелева « Профилактика заикания»
2. Г. А. Волкова «Устранения заикания школьников»
3. Логопедия Под ред Л.С. Волковой –М 1989
loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 2950 | Қосты: abdolova89 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Май 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0