Басты бет » 2015 » Январь » 23 » Тәрбиеленушіден де үйренерім бар
04:39
Тәрбиеленушіден де үйренерім бар
загрузка...

«Тәрбиеленушіден де үйренерім бар» атты эссе

Данышпан Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу – тәрбиешінің міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл дегеніміз – санасына білім нәрін құя білу, ал жылы жүрек дегеніміз – эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру» – деп түсінемін.

Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықма ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.

Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.

Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірбиелерін пайдалануға бағытталуы қажет.

Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.

Тәсіл әдістің құрамы бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады.

Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері көрнекі, құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Оқушы тұлғасы қалыптасудың басқарылуын қамтамасыз ету-тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А.С.Макаренко өз тәжірбиесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді.

Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс боламса жеке адамның санасын қалыптастыру әдістеріен (әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн. Осы әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қортынды шығаруға, дұрыс баға беруге теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн.

Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой өрісін кеңейтеді.

Тәрбие жұмысының жақсы жолға қойылуына байланысты. Осыған орай, тәрбиеші тәрбие жұмысында қазақ баласының келбетін қалыптастыру үшін:

- ақыл, парасат, сананы қалыптастыру;
- танымдылық, эстетикалық, достық, жолдастық сезімге тәрбиелеу;
- ата-анаға, туған-туысқа, туған жерге сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- бауырмалдық, туысқандық , мұрагершілікті тәрбиелеу;
- еңбек сүйгіштікке, төзімділікке тәрбиелеу;
- адамгершілікті тәрбиелеу;
- салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
- қамқорлық, құрмет тұту рухына, сыйластылыққа тәрбиелеу;
- әдептілік пен ізгілікке тәрбиелеу;
- ерлік пен намысқорлық сезімге тәрбиелеу керек.

Тәрбиеленушілердің бойына осы қасиеттерді тәрбие сағаттары арқылы дарытамын. Тәрбие сағаттарын өткізудегі басты мақсат тек ақыл айту, баланың қателігін бетіне басу емес, ынтымақтастық қатынастарды, бір-біріне деген жылы сезімдерді ұйымдастыра білуге ықпал ету. Ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбие де болмайды.

Бала бойындағы қабілет нышандарын дамытып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ тәрбиеленушілерді үлгілі іс- әрекеттеріне сүйеніп, өзіне - өзі есеп беруге машақтандыру үшін өнер адамдарымен, спорт ардагерлерімен кездесулер мен пікір алмасулар ұйымдастырып отырамыз.

Көптеген іс-шаралар жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен атқарылуының нәтижесінде жан-жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол Қазақстан туын көкке көтеріп, ел намысын қорғап, ел мақтанышы бола алатын азамат шығарына күмәнім жоқ.

Мысалы айта кететін болсақ, күні кеше ғана өткен ауданымызда және облысымызда «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты шеруге қатысқан менің тәрбиеленушілерім өздерінің тапқырлығымен, іздемпаздығымен, жауапкершілігімен жүлделі орындарға ие болды. Сол тәрбиеленушілердің ішінде ерекше тұлғалы, сегіз қырлы бір сырлы, Отан сүйгіш тәрбиеленушім – Әбдіхалық Нұрдәулет деп айта аламын. Мен ұстаз және тәлімгер ретінде бұл оқушымнан алатыным бар екенін мойындаймын. Аудандық шеруге қатысар алдын, бұл тәрбиеленушім дәрігердің қабылдауында болып, аяғының бас бармағының тырнағын өзегімен алдырып тастайды екен. Мен ол жағдайдан хабарсыз болатынмын. Кешкісін Нұрдәулет сымтетік арқылы «Ертең дайындыққа бара алмаймын» - деп хабарлады.  Бірақ себебін айтқан жоқ. Нұрдәулет жарысқа міндетті түрде қатысатынын, менің сенімімді ақтайтынын уәде беріп айтты. Бірақ, ертеңіне таңертең Нұрдәулет мектепке келді, аяғын сілтіп, ақсаңдап жүрді. Мен таң қалып, «Сен неге келдің, аяғыңа не болды?» -деп сұрағаныма, тәрбиеленушім «Апай, менің ұятым жібермеді. Маған сіз және тобым үміт артып отырсыздар ғой, ал аяғымды жай ұрып алдым, уайымдамаңыз!» -деп жауап қайтарды.

Біраз уақыт өткеннен кейін анасын жолықтырып қалдым. Тәрбиеленушімнің аяғының ақсаңдап жүрген себебін анасынан естідім. Дәрігер рұқсат бермесе де, өзі ауырсынып жүрсе де дайындықтан қала алмайтынын айтып, мектепке барып жүрген екен.

Міне, осындай тәрбиеленушілерімнің бар екенін сезінемін, мақтан ете аламын. Осы Нұрдәулеттей тәрбиеленушімнен менің тәлімгер ретінде алатын және үйренетін тұстарым бар. Олар: сабырлық, жауапкершілік, құлшыныс, жігерлік, сыйластық және ұстамдылық. Дәл осындай тәрбиеленушілерімнің бар екенін сезініп білу, бұл еліміздің болашағына сеніммен қарау деп білемін.

 

 

 

 

 

loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Эссе | Көрсетілім: 1325 | Қосты: Гулдана_Мауленова | Ілмек сөздер: де, бар., үйренерім, Тәрбиеленушіден | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 67
Қонақтар: 67
Тіркелгендер: 0