Басты бет » 2015 » Февраль » 19 » Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «Химия сабақтарында Блум өлшемдері бойынша тапсырмалар дайындау»
18:31
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «Химия сабақтарында Блум өлшемдері бойынша тапсырмалар дайындау»
загрузка...
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:
«Химия сабақтарында Блум өлшемдері бойынша тапсырмалар дайындау»
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің химия пәні мұғалімі
Казиханова Эльмира Бейсембайқызы

Қазіргі уақытта мектеп мұғалімінің алдында тұрған жауапты міндет – оқушыға тиянақты білім беру. Оқыту процесінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, оқушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Осы мақсатта бүгінгі күні оқыту жүйесіне енгізіліп жатырған әдістердің бірі: «Жаңа форматта оқыту». Жаңа форматта оқыту формалары жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Бірақ, оқыту процесінің қай формада ұйымдастырылғанына қарамастан, күтілетін нәтиже бір: ол – қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Атақты орыс психологы Б.Г.Ананьев: «Егер тұлға – адам дамуының шыңы болса, даралығы – оның тереңдігі», - деген сөзі оқушылардың креативтілігін дамыту мәселесіне алып келеді. Е.Торрекс бойынша креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір кемшіліктерді шешудегі қабілеттілік деп қарастырған болса, Д.Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның «шығармашылық дарындылығы» деп қарастырады.
Бұл жерде сөз болып отырған оқушылардың креативтілігі мен шығармашылық дарындылығын қалыптастыруда американдық психолог, оқыту әдістерін зерделеген Блум Бенджаминнің «Білім беру мақсаттары таксономиясы» атты еңбегінің маңызы өте зор.
Блум таксономиясы негізінен «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен тақырыптас, өзектес бір мақсат мүддеге бағытталады. «Блум таксономиясы деген не?» - деген сұраққа жауап іздер болсақ – «Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылымнан тұрады: шыңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу, күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту. Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым».
Блум бойынша оқыту – бұл процесс және оқытушылар оқушылардың қойылған мақсатқа жетуге ықпал ететін сабақ пен тапсырмаларды дайындау әрекеті деп есептеді. Б.Блумның білім берудегі маңызды үлесі ойлау әрекеттерінің деңгейлерін ұсыну, яғни фактілерді қарапайым жаңғыртудан талдау және бағалау, яғни күрделі деңгейіне жеткізу болып табылады.
Б.Блум біздің ойлауымызды күрделілікке қарай алты деңгейге бөлуге болады деп ұсынды: төменгі деңгейдегі қарапайым қайта жаңғыртудан жоғары деңгейдегі бағалауға дейін. Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі жатады:

Блум таксономиясын оқу процесінде қолдану үшін жоспарланған дидактикалық мақсаттар нақты айқындалу керек. Сабақта күтілетін нәтижелер оқушы әрекеттеріне негізделеді. Блум таксономиясының өнімді (жоғары) деңгейі «бағалау» барлық деңгейлерді қамтиды. Әдетте мұғалімдер оқушылар білімін тексеру үшін сұрақтар қояды. Сұрақтардың үнемі білу, түсіну деңгейінен аспай қалуы оқушылардың шынайы қызығушылық сезімдерін, оқушылардың сыни ойлауына ықпал ете алмайды. Сондықтан оқушыларға берілетін сұрақтар алдын-ала нақты тапсырмалар арқылы дайындалған жөн.
Блум таксономиясы бойынша тапсырма дайындауда келесі мәселелер ескерілуі тиіс:
 тапсырмалар нақтылы қамтамассыз етілуі үшін қысқа болуы;
 тапсырма мазмұнында дұрыс етістіктердің қолданылуы;
 күтілетін нәтижелердің бағалауға икемді болуы;
Өз іс-тәжірибемнен блум таксономиясы бойынша дайындалған 2 жұмыс дәптерлерінің үлгісін ұсынып отырмын, ерекшелігі оқушылардың білімін бағалау тәсілдерінде.
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
1-сабақ. «Майлар» тақырыбы бойынша формативті бағалау: «Үй тұрғызу»
2-сабақ. «Алкадиендер» тақырыбы бойынша жиынтық бағалау: «Критерийлер» арқылы.
1-сабақ. Блум таксономиясы бойынша «Алкадиен көмірсутектер» тақырыбына дайындалған тапсырмаларды талдау үлгісі:
Дағдылар Анықтама (етістіктер) Оқушы іс-әрекеті
Білу Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіреді. Оқушылар диен көмірсутектердің жалпы формуласын еске түсіре отырып белгісіз заттың формуласын анықтайды.
Түсіну Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіну немесе болжам жасау. Диен көмірсутектерде қос байланыстың орнына байланысты нөмірлейді, соған байланысты атау керек екенін түсінеді, І, ІІ, ІІІ, IV көміртек атомдарының ерекшелігін түсіндіреді.
Қолдану Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайға пайдалану. Бұрынғы білімдері негізінде қажет формулаларды пайдаланып, есептің шарты бойынша диен көмірсутектің формуласын анықтайды.
Талдау (анализ) Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді дәнін бөліп ала білу. Яғни, бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындау, т.с.с. Берілген қосылыстардың химиялық қасиеттерін салыстыра отырып, мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтайды. Химиялық реакцияның жүру механизміндегі ерекшеліктерін көрсетеді, дәлелдейді.
Жинақтау (синтез) Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау (жалқыдан жалпыға). Қарастырған қосылыстардың құрылысы, химиялық қасиеттері бойынша алған білімдерін жинақтап, А және Б заттарын табады.
Бағалау Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау, пайымдау. Есептің шарты бойынша бутадиеннің көлемдік үлесін тауып, маңызы, қолданылуы туралы өз ойларын айтады.

Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалардың мазмұны:
№1 – жаттығу (әр дұрыс жауап - 0,5 балл)
Құрамында: а) 6 көміртек атомы бар, б) 26 сутек атомы бар алкадиендердің молекулалық формуласын құрастырыңдар.

№2 – жаттығу (әр дұрыс жауап – 0,25 балл)
Төменде құрылым формулалары келтірілген қосылыстарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар. «ә» нұсқасында берілген қосылыста неше біріншілік (○), екіншілік (□), үшіншілік (Δ), төртіншілік (◊) көміртек атомдары бар екенін көрсетіңдер.

а)

ә)

б)

в)

№3 – жаттығу (2 балл)
Диен көмірсутегінде сутек мөлшері 10%, ал ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,38-ге тең. Диен көмірсутегінің формуласын анықтаңдар.

№4 – жаттығу (әрбір дұрыс теңдеу - 0,5 балл)
Бутадиен – 1,3 мына заттардың қайсыларымен әрекеттеседі: а) бром; б) бромсутек; в) мырыш; г) сутек? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

№5 – жаттығу (әрбір дұрыс жауап 2 балл)
Берілген айналымды жүзеге асыруға мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазып, А және Б затын атаңдар.

№6 – жаттығу (5 балл)
Бромды су құйылған ыдыс арқылы құрамында бутадиен қоспасы бар көлемі 2 м3 (қ.ж.) бутан өткізілді. Нәтижесінде бутан қоспадан тазарды, ал бромды су құйылған шөлмектің массасы 108 г өсті. Бастапқы қоспадағы бутадиеннің көлемдік үлесін есептеңдер. Бутадиеннің маңызы, қолданылуы туралы өз ойларыңды айтыңдар.

Беріліп отырған жұмыс дәптерінің қорытындысы оқытуды бағалауға бағытталған. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды. [Нұсқаулық, 55 бет]

2-сабақ. Блум таксономиясы бойынша «Майлар» тақырыбына дайындалған деңгейлік тапсырмаларды талдау үлгісі:
Екінші дәптерде берілген тапсырмалар блум таксономиясының негізгі дағдылары бойынша «А, В, С» деңгейінде топтастырылып берілді.

Жетістік деңгейі Дағдылар Оқушы іс-әрекеті
А Білу, түсіну Майлардың құрамына кіретін глицеридтерді еске түсіре отырып табады, формуласындағы ерекшеліктеріне қарай жіктеп, түсіндіреді.
В Қолдану, талдау Биологиялық маңызын біліп, түсініп, өмірлік қажеттілігіне қолданады. Майдың құрамына кіретін карбон қышқылдарын талдай отырып, сұйық немесе қатты болу себептерін түсіндіреді.
С Жинақтау, бағалау Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін жинақтап, есептердің жауабын табады және жауабы негізінде түрлі тұжырымдар жасайды. Күнделікті пайдаланылатын тағамдардың құнарлығына баға береді. Артық салмақтың денсаулыққа зияны туралы дәлелдер келтіреді.

Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалардың мазмұны:

А – деңгейі (білу, түсіну)
№1 – жаттығу

Берілген қышқылдардың ішінен глицеридтерді түзуге қатысатын қышқылдарды тауып, төменде берілген кестеге жіктеп жаз. Қышқылдардың аттарын ата.

Қанықпаған қышқыл Атауы Қаныққан қышқыл Атауы






В – деңгейі (қолдану, талдау)
№2 – жаттығу
Майлардың табиғатта таралуын берілген суреттерден агрегаттық күйіне қарай топтастырып көрсет. Майдың сұйық немесе қатты болу себебін түсіндір.

№ Майлардың табиғатта таралу көздері бойынша суреттер Агрегаттық күйі
Сұйық Қатты
1


2
3
4
5
6

7
8
Жауабы:
Себебі, ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№3 – жаттығу
Майлардың биологиялық маңызы қандай? Жауабыңды «Өрмекші» сызбасына толтыр.



С – деңгейі (жинақтау, бағалау)
№4 – жаттығу
Мектеп оқушылары тәулігіне 10500 кДж, ал студенттер 12600 кДж энергия жұмсайды. Мектеп оқушылары ол энергияның 3071,2 кДж энергиясын тәуліктік қабылдайтын майдың тотығуынан жұмсайды, ал студенттер 3954,17 кДж энергия жұмсайды.
Тапсырма: а) мектеп оқушылары мен студенттерге тәулігіне қанша г май қажет? ә) тәуліктік қабылдайтын майды гидролиздеуге қажет судың мөлшері қандай? б) қажет майды қандай тағамдардан алуға кеңес бересіз?
№5 – жаттығу
Адам тәуліктік тамақ рационында 80 г май қабылдайды және тәуліктік энергия жұмсау мөлшері 1995 кДж тең.
Тапсырма: есептің шешімі бойынша қандай тұжырымдама жасауға болады?
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау білім алудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқыту үшін бағалау – оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейлерін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдерімен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. [Нұсқаулық, 36 бет]

Формативтік бағалау әдісімен «Үй тұрғызу»
(Сабақ барысында оқушыларға «С» деңгейінің тапсырмасынан бастап орындау тапсырылды, себебі егер оқушы тапсырманың ең жоғарғы деңгейін орындай алатын болса, ол оқушы «А» және «В» деңгейлерін де қиналмай орындай алатыны сөзсіз. Бағалау кезінде «С» деңгейін орындап болған оқушыға үйдің ірге тасын, сәйкесінше, қабырғасы, шатыры қиықша арқылы таратылып отырды. Алғаш орындап болған 6 оқушы дарынды балалармен жұмыс жүргізілетін топқа таңдап алынды.)
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға бағалауды білдіреді. [Нұсқаулық, 48 бет]
Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлға қажеттері қалыптасатыны анықталып тұр, белгілері мынадай:
 Тәрбиеге ұмтылушылық – жаңа проблемаларға икемді мәселені шешуге бейімділік;
 Талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу;
 Ой ұшқырлығы – тез арада кенеттен шешім шығару тәсілдерін алу қабілеттілігі;
 Ойлау ерекшелігінің болуы – өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.
Сабақтан көріністер:
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1524 | Қосты: Казиханова_Эльмира | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 14
Қонақтар: 14
Тіркелгендер: 0