Басты бет » 2015 » Январь » 20 » Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
00:54
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
загрузка...

Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен  оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту

 ХХI ғасыр- қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған  жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашанда білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, ал жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Ендеше, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып , балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу- тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету- біздің басты мақсатымыз. Мұғалім бағыт беріп, қадағалайды, оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, белсенділігін дамыта түседі, ол үшін мұғалім көп ізденуі тиіс.

       Бүгінгі таңда оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту? Қалай оқыту?»

күрделеніп барады. Себебі білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытудағы ақпараттандыру, яғни оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

                         Жаңа ақпараттық технологиялар:

  1. Интербелсенді тақта
  2. Кателко
  3. Электронды оқулық
  4. Баспасөз
  5. Жаңа педагогикалық технологиялар

        Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім жүйесінің стратегиялық мақсаты- берген білімді, дағдыларды меңгеретін, бәсекелестік қабілеті мол, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

          Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуға ықпал жасау үшін біз олардың дербес ойлауын  жандандыра түсуге тиіспіз.  Шығармашылық әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық  қабілет әр баланың табиғатында болу мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін көрсету. Жалпы алғанда, оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол.      Оқушының белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерістерімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру- оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

          «Білім туралы» заңға сәйкес мұғалім оқушыға мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс, ал бұл үшін мұғалім оқытудың белгілі технологиясын игеруі қажет.

          Осындай сұраныстарға орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжрибесіне енуде. Мәселен, академик В.И. Моноховтың технологиясы, В.К. Дьянченконың «Ұжымдық оқыту әдісі», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» және тағы басқалар.

          Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әрбір технология өзіндегі жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады. Сондықтан таңдап алған проблемалық тақырыбым «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту. »

Мақсатым: өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істей алатын жан – жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Міндетім: жеке тұлғаның ойлау қабілетін жетілдіру, интеллектуалды шығармашылық жұмысын қалыптастыру. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта, шыңдай түсу бағытында өзім сабақта Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданамын. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы – сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды  салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте зерттеуге бағытталған  оқыту  технологиясы.

«Сын тұрғысынан ойлау»  бағдарламасының негізгі философиясы – ашық қоғамда өмір сүретін тұлға қалыптастыру. Әлемнің он сегіз елінде сынақтан өткізілген бұл технологияның әдіс- тәсілдерін мына сызба арқылы көрсетуге болады.

СТО

Сабақ кезеңдері:

Стратегиялары:

I. Қызығушылықты ояту (мотивация)

    II. Мағынаны ашу (жаңа ақпарат алу)

III. Ой толғаныс (рефлексия)

IV. Бағалау (оқушылардың өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, жалпы бағалау, критерийлер арқылы бағалау)

V. Сабақты аяқтау (бір пікірге келу, өз пікірін дәлелдеу, үйден жалғастыру)

1. Топтастыру

2. Венн диаграммасы

3. ЖИГСО  I, II

4. Инсерт

5. Кубизм

6. Бес жолды өлең

7. Блум токсономиясы

8. Өзара оқыту

9. Авторға сұрақ қою

10.ББҮ (білемін, білгім келеді, үйрендім)

11. РАФТ

Негізгі идеяны суреттеу т.б. (100- ден астам стратегиясы бар)

 

Сонымен қатар, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта әрқилы әдістерді тиімді қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

Зерттеу

 

Деректермен жұмыс

 

Ауызша журнал

   Семинар

    Сынақ

    Баспасөз

     Сайыс

                    

          Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан- жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Яғни, оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу топтасу. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге мүмкіндік алады. Сын тұрғысынан ойлау оқушыларды  қауымдастырып, жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың  қызығушылығын оятады, барлық ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады.

         Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы қолданылған сабақтың нәтижесін төмендегі сызбадан көруге болады.

 

Мұғалімнің мақсаты:

Сабақтың нәтижелілігі:

1. Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше меңгерту.

1. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау.

2. Топпен жұмыс жасауға үйрету.

 

2. Қарым- қатынас жасауды үйренуі.

3. Бір- бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу

3. Басқаларды тыңдай білуі.

4. Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу.

 

4. Белсенділігінің артуы

5. Өз көзқарасын қалыптастыру.

5. Өз ойын тұжырымдай білуі.

 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кезде мынадай жетістіктерге жетуге болады:

  1. Оқушылар мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;
  2. Өз бетінше ізденуге үйренеді;
  3. Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге үйренеді;
  4. Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1683 | Қосты: danara | Ілмек сөздер: қабілеттерін, ОҚУШЫЛАРДЫҢ, ойлау, сын, технологиясымен, тұрғысынан, шығармашылық, дамыту. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5914
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 64
Тіркелгендер: 1
Duyssembaeva_zhanar