Сайт учителя начальных классов
.
«Ұстаздық – ұлы мамандық»

«Ұстаздық – ұлы мамандық»

Ұстаздық – ұлы мамандық»
Эссе
«Педагогикалық іс-өте нәзік, қасиетті іс.
Ол өте сезімталдықты, балаға деген өлмеусіз
сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын
қырағылықты қажет етеді. Шәкірттерді сүйе
білген оқытушы ғана қатал талапты, өнегелі
беделді тәрбиеші бола алады»
Ы. Алтынсарин
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші - білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаздың қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы-ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы - сабақ.
Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинше саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Менің түсінігімдегі ұстаз - рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі - жылы, көңілі - дарқан адам.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу-адамның асылдығы, - деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз - мақтан тұтар мамандық. Адам баласын толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе - шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл - қиынның қиыны. Себебі әр адам-қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға байланысты. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыра алады.
Алдымен, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез-келген жағдаяттардан шыға алатын, білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, әдістемелік шеберлігін арттырады.
Екіншіден, ұстаз - еркін шығармашылық иесі. Оны үйрете жүріп үйренуші деуге әбден болады. Өз бетінше іздене жүріп, әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығы да шыңдала түседі. Шығармашылықпен айналысатын өзге ұстаздар еңбегімен таныса жүріп, өзінің де шығармашылық ізденістерін жетілдіреді.
Үшіншіден, қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру үшін жаңа технологияны меңгерген ұстаздар дайын дүние бере салмай, шәкіртінің өзіне қажет мағлұмат алуына жол көрсетіп, бағыт-бағдар беруші болып табылады. Өз бетінше қызыға, іздене жүріп, бір әрекеті әр қырынан қарап, таңдау жасауына көмектеседі. Бұдан ұстаз шеберлігін байқауға болады.
Сондай-ақ ұстаз - шебер ұйымдастырушы. Ата-анамен әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізе отырып, бала, ата-ана, ұстаз арасындағы бірлікті күшейтеді. Әлеуметтік жағдайы жайлы толық мәліметі бар ұстаздар әрқашан бала психологиясынан бақылау жүргізеді.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Биік белестерден көрінген шәкірттерім үшін қуана білсем, кей шәкірттерімнің балалық қылығына қынжыла да білдім. Ұстаз болу - оңай іс емес екенін өзімнің де, өзге әріптестерімнің де тәжірибесінен көріп-білім жүрмін. Бұл мамандық үлкен жүректілікті, асқан ақылдылықты, керек жерінде бала болуды да, дана болуды да талап етеді. Ұстаз болу бала кезімнен арманым еді. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: "Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол-ұстазым Аристотель", - десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.
Менің өмірдегі бақытым - жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу. Мен өз қызмет жолымды Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін сезіндім. Сонымен бірге қазір тарих, құқық негіздері пәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшісімін.. Бірлестік жетекшісі болу ол - адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында ұстаз мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, ұстаздардың заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше тырысамын. Күннен-күнге қарыштап дамыған жаңару, жаһандану заманының сұранысы жоғары. Бұл бәсекеге қабілетті білім жүйесін құрудың басы болып саналады
Жас мамандарға тәжірибелі мамандар бекітіліп берілген.
Менің өмірдегі ұстанымым:
көмек сұрағандарға көмек беру
өзгелердің пікірін сыйлай білу
тыңдай білу, тыңдата алу
жаңалыққа жақын жаңашыл болу
Өз сөзімді қорытындылай келе, жаңашыл бірлестік жетекшісі қандай болу керек?- деген сұраққа жауап бергім келеді.
технолог
педагог
зерттеуші
әдіскер-эксперт
аналитик
басқарушы.
Әр сабақ ғылыми ізденіске негізделіп, мұғалім үлкен жауапкершілікпен дайындалған күнде ғана алға қойған мақсатқа жетуге болады. Осы жерде Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы» деген сөзі ойға оралады. Ал бұл өнегелі сөздің ұстаздар қауымына артар жүгі ауыр екендігіне дау жоқ.
Елімізде көп тілді меңгеріп, осы заманғы ақпараттық технологияны еркін игерген жас ұрпақ өсіп келеді. Ал олардың ертеңгі күні төл тарихын білмейтін, ата-бабасын танымайтын, өздерінің ұлы мәдениет мұрагерлері екенін түсінбейтін, жаны жалаң ұрпақ болмауына біздер жауаптымыз деп ойлаймын. Сондықтан да әлем сахнасына рухы күшті, дені сау, білімді, өз ұлтын, тілін, тарихын құрметтейтін ұрпақ шығару біздің парызымыз деп білемін.

ID: 466 | Просмотров: 6487

08/Ноя/2015