Басты бет » 2015 » Сентябрь » 20 » Ұстаздық еткен жалықпас
14:19
Ұстаздық еткен жалықпас
загрузка...
Ұстаздық еткен жалықпас

«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - дегендей,Ұстаз кім? Ұстаз киелі мамандықтың иесі. Себебі-әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби,қазақтың бас ақыны – Абай, ұлы ағартушы, педагог - -Ыбырай, аса көрнекті қазақ жазушысы – Мұхтар Әуезов сынды біртуар тұлғаларымыз
ұстаз алдынан өтпеді ме? Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің айтқаны ешқашан ескірмейді: «Мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі.»
Иә, әр баланың ата-анадан кейінгі ақылшысы,сенімді тәрбиешісі - әрине,ұстаз. Мұғалім әрбір оқушыны білім-ғылым нәрімен сусындатады,мейірім-шапағатқа,ақыл-парасатқа,еңбекке,небір тамаша қасиеттерді бойына сіңіре біледі.
Міне, менің де ұстаздық еңбек жолында жүргеніме де бірталай уақыт болыпты. Әрбір ұстаздың өзіндік орны бар. «Ұстаз жолы - ұлы жол» демекші,оқушыларға жан – жақты сапалы білім, жақсы тәрбие беру менің міндетім деп санаймын. Балалар біздің болшағымыз. Болашағымыздың жарқын болуы – білімді ұрпақ қолында. Елбасымыз Н.Ә.НАЗАРБАЕВ айтқандай: « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан міндет өте ауыр.», - деген.Әрине тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ тәрбиелеу,білім беру – мұғалімге жүктелетін қасиетті парыз. Баланың өмірден өз жолын табуда да ұстаздың еңбегі зор.
Мен үшін әрбір бала жеке тұлға. Сол балалардың жүрегіне жол тауып,сезіміне қозғау салып, өзінің туған еліне, өзінің туған тіліне деген сүйіспеншілігін оята алсам,мен өзімді бақытты санаймын. Сондықтан білімі мен білігін қатар танытып, қиындығы мол , жауапкершілігі жетіп артылатын, жалпы ұстаздар қауымына мына өлең жолдарын арнаймын.
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз –ұлы тұлға білген жанға ,
Мейірім мен адалдық сіңген бойға
Өзім де еңбек етем сол салада,
Нардың жүгін арқалау ұғынғанға.

Биіктерге жетелеп жеткіншекті,
Тынымсыз еңбекпенен терді төкті.
Тұнып тұрған қазына сарқылмайтын,
Ұстаз ұлы сондықтан,ұстаз текті
.
Ұстаздар шәкіртімен мақтанады,
Жүрегінің түкпірінде сақталады.
Белестерге түлектері шығып жатса,
Ұстаздың еңбектері ақталады.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1361 | Қосты: Шинтемирова_Зәуре | Ілмек сөздер: Ұстаз, Еңбек, білім, Тәрбие | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Сентябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 44
Қонақтар: 44
Тіркелгендер: 0