Сайт учителя начальных классов
.
Ұстаздың  бағасы

Ұстаздың бағасы

Ұстаздың бағасы

« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
Деп Абай атамыз айтқандай ұстаздың білімін бағалау қажет. Өмірде талай ақындар, жазушылар мен батырла өткен. Бірақ солардың барылығы осы ұстаздардан тәлім тәрбие алған. Ұстаз оқушыларға білім беріп, үйретіп жол нұсқаушы. Адам баласының бірінші тәлім тәрбие беретін үйдегі ата-анасы болса, ал екінші анасы ол мектептегі ұстазы тәрбие береді. Оңы мен солын көрсетеді, бағыт – бағдар береді. Бірақ осы ұстаздардың қадірін -қасиетін шын мәнінде біліп жүрмізбе?
Осы сұрақтан кейін мен Боэцидің мына бір сөзін мысал ретінде келтіре кетсем: «Шәкірт болып жарытпаған адам, ұстаз болыпта жарытпайды». Мен бұған толықтай қосыламын. Себебі өзі мықты білім алмаған адам , ол ешкімдіде үйрете аламайды. Мен қоғамда орын алып жүрген бірнеше мәселені айта кетсем: Бірінші мәселе: Көпшілік ұстаздар нашар түсіндіргендіктен балалар нашар білім алады деп ойлайды. Ал мен болсам былай ойлаймын. Қазіргі ХХІ –ғасыр заман талабына сай оқушылар өздері ізденіп, оқып, әрбір тапсырманы топпен, жұппен жұмыс жасай отырып бір - бірін оқытып білім алатын заман. Ал ұстаз оқушы алдында тек бағыт беруші. Сондықтан мұғалімдерді кінәлауға блмайды.
Екінші мәселе: Мұғалімді көп кісілер тек жақсы оқйтындарды ғана жақсы көрнді деп ойлайды. Тағыда қате пікір. Себебі мұғалімге оқушылардың барылығыда бірдей. Тек оқушыларға еңбектену жктіспейді. Сондықтан оқушылар өздері еңбектену керек. Мен мұнымен не айтқым келді? Мен мұғалімнің қоғамға тигізетін әсерін, маңыздылығын айтқым келді. Ұзын сөздің қысқасы мұғалім - барылық адам баласының үйретушісі. Болашақта жақсылық атаулының барлығы білім арқылы келер болса, онда білім үйретуші әрине ұстаз. Оның еңбегін ұмыту мүмкін емес. Себебі адамға білім деген қасиетті нәрсені ұқтырушы , білдіруші -ұстаз. Сондықтан ұстазды ұмытпау және ұлықтау біздің қасиетті парызымыз деп білемін.
№1 Егіндікөл орта мектебінің
География пәнінің мұғалімі
Галамхан Жупаргуль

ID: 449 | Просмотров: 3069

28/Июн/2015