Сайт учителя начальных классов
.
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану

Рудный қаласы әкімдігінің

«№10 мектеп-гимназиясы» КММ

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Абаева Айгүл Мәлікқызы

I санатты

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану

«Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті –оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан-жақты тереңдетіп білім беру» деген президентіміз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында.  Білім беру тәжірибесінде «Оқушыны қалай оқыту керек?» деген мәселені кез-келген мұғалім алдына қояды. Оқытудың жолын іздейді. Нәтиже бағытталған білім моделінің әлемдік тәжірибесіне сүйенеді. Әлемдік сапа деңгейіндегі білім беруде ұрпағының жаңаша ойлау, жаңаша дүниетанымын қалыптастыру жолын қарастыруда. Осы жолда оқытудың инновациялық технологияларын шеберлікпен оқыту үрдісінде қолдану арқылы нәтижелі білім беруге болады.

Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолдануда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты. Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу-ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс – тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.

Қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. Әрі жиырма бірінші ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, мұғалімдерге үлкен талаптар жүктеліп отыр. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні кеңес үкіметі кезінде де оқытылды, алайда оның әдістемесі мен оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, тәжірибеге енгізу ісі тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірбибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірбиелік оқу-құралдарын, аудио – бейнематериалдарды әзірлеу керек» - деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соңын бірі – ақпарттық технология. Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өндеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық –технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.

Оқытудың техникалық құралдары үшін қолданылатын құралдар көп. Тек тиістісін таңдай біліп, орнымен қолдана білген жөн. Мектебімізде осындай техникалық құралдарда пайдалану үшін толық жағдай жасалған. Ол үшін арнай лингафон, мультимедиа, компьютер кабинеттері жабдықталды, интерактивтік тақталар орнатылды, Интернетке шығу жолы бар. Қазақ тілі сабақтары мүмкіндігінше мультимедиа кабинетінде өткізіледі. Қазіргі уақытта біздің облысымыздың мектептері қазіргі мультимедиалық лингафондық кабинеттермен жабдықталуда. Мультимедиалық кабинет сабақты сапалы жаңа деңгейде өткізуге ықпал етеді. Ал оқу материалының молшылығы оны ерекше де сенімді етіп көрсетеді. Көптеген мультимедиалық сыныптарда MERiTS –интерактивті оқытудың электрондық бағдарламасы – сингапурлық бағдарлама енгізілген. MERiTS- жүйесінде әр түрлі тілдерді үйреніп қана қоймай, сонымен бірге бірқатар оқу пәндерін оқытуға болады. Ол қазіргі білім саласында маңызды пәнаралық интеграция үшін үлкен мүмкіндікке жол ашады. Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп,бір мезгілде іске асырамыз. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Оқушылар World, Power Point, Excel,Актив студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын ұйренеді. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Интерактивті технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикадаа пайдалан білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп есептеймін

Өз тәжірибемде қолданып жүрген Интерактивті оқыту әдістерін оқыту үрдісіне пайдалану оқушылардың мынадай қабілетін дамытады:

• өзінің жеке көзқарасын қалыптастырып, оны жеткізуге, қорғай алуы;

• басқа адам көзқарасын сыйлау білуі;

• оқу материалдарын толық білуге;

• оқу материалдарына шығармашылықпен қарауға;

• ақпаратпен жеке жұмыс істей алуы;

• өзінің жеке бағытын көрсете алуы;

• өзінің білім мен біліктерін өмірдің түрлі ситуацияларында пайдалану арқылы дамытуы:

Интерактивті әдістерді қолдануда мынадай жетістіктерге жетіп жүргенімді айтқым келеді:

• сыныпта барлық бала еркін қаламен жұмыс жасай алады;

• өзіне қажетті түсті таңдап сурет салады, жазады;

• қатесі болса, керек емес бөлікті өшіргіші таңдап өшіреді;

• тостермен еркін жұмыс жасап, өз білімдерін электронды тексере алады:

Ал тіл блогының бірлігі оқушының сөйлеу қабілетін дамытады. Тілдерді салыстыра оқытқанда оған тірек болатын тіл – ана тілі. Барлық тілдерді оқығандағы ортақ әрекет мәтінді оқу, түсініп, тыңдап айтып беру, сөздікпен жұмыс істей алу, тезис , конспект, құрастыру. Осы жағдайда тыңдап-түсіну ,көріп – байқау құралдарының орны ерекше.тыңдап –түсіну,көріп-байқау құралдарының ерекшелігі және артықшылығы:

- Үйрету кезеңдерінде табиға тілдік ортаны қалыптастыру;

- Үйретуде көрнекіліктің дидактикалық принциптерін жүзеге асыру;

- Оқушылардың барлығын бірдей қамтамасыз ету;

- Оқушылардың мүмкіншілігін жоғары жеңгейде пайдалану;

- Ауызекі сөйлеуге дағдыландыратын сөйлеудің қызметін жүзеге асыру.

Тыңдап-түсінк, көріп-байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады. Тыңдау-сөйлеу-оқу-жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым әлгері шығып отырады. Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары , сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оққушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Видео сабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.

Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:

-есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан-жақты мүмкіндік беру;

-оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру видеосабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;

-оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық жәнеэмоционалдық сипаттарды тудыру.

Тек видео көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:

-видео көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұратылуы керек;

-видео көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.

Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі- түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы.

Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды (ы,і,ә,ө,ү,ұ,ң) меңгермейінші,қазақша дұрыссөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілінде тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигіер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сиппаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді иүрде жүргізетіне тағы бір көз жеткіземіз. Бұл жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетіменкомпьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегіжаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты қазақ тілін игеру барысында білімнің дағдының маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екнін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет. Оқыту жүйесінде компьютерді енгізбеген оқу орындары көп ұзамай заман талабына ілесе алмайтыны сөзсіз. Сондықтан теориялық дәрісті компьютерде көрсету-ұсыну тәсілімен ұштастыруды өз тәжірбиемде кеңінен қолданамын. Сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютер көмегімен ұғындырамын. Осы сатыда алдын-ала дайындаған сурет, график және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асыра аламын. Оқушыға тез есте сақтау, сөйлемді ойда сақтау дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. Компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді. Халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов «мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегенде өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнің ізденісті талап етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқының әл-ауқатың арттыру –мемлекеттік саясатың басты мақсаты. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана. «Елорда», 2008.

2. Н.Қ. Мухамадиева, Н.Ә. Үстемір «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы, 2002.

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2009-2010ж.ж.

ID: 12 | Просмотров: 3664

24/Окт/2014